Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

Волейбол. Волейбол ойыны кезінде алаңда қозғалудың баскетбол ойынына 

қарағанда қарқыны аз. Осыған байланысты вегетативті өзгерістер аз байқалады. 

Үйлесімділік бойынша волейболшылардың күрделі қозғалыстары қаңқа бұлшық 

еттерінің дамуын, әсіресе олардың күштік және жылдамдық сапаларының дамуын 

талап етеді. 

41 



Спорттың бұл түрінде шеберлікке жету үшін анализаторлар қызметі үлкен 

роль атқарады. Волейболшыларда біршама ұлғайған көру аймағы алаңда жақсы 

бағытталуды қамтамасыз етеді. Доптың қимылын үдіксіз бақылау қажеттілігі көз-

қимыл  аппаратын  жетілдіреді.  Жоғары  дәрежелі  волейболшылар  ішінде  көз 

бұлшық еттерінің біркелкі дамуы басқа спорт түрімен шұғылданған спортшыларға 

қарағанда жиі байқалады.  

Тыныс алу және қан айналымы өзгерістері волейбол ойыны кезінде ойынның 

қарқынына  және  ойыншының  белсенділігіне  байланысты.  Н.Б.Кичайкина 

мәліметтері  бойынша  ойын  процесі  кезінде  жүрек  соғу  жиілігі  орта  есеппен 

минутына 170-190 рет соғады, тыныс алу жиілігі минутына 42-48 рет соғады. 



Футбол. Футболшы үшін қимыл аппаратының арнайы дайындығы қажет. 

Олармен орындалатын жұмыс жылдамдық-күш жұмысы болып табылады. Бірақ 

ойын  алаңының  көлемді  болуы  және  осыған  байланысты  жүгіру  ұзақтығы, 

сонымен қатар жалпы ойын ұзақтығы бұлшық еттердің анаэробты және аэробты 

жағдайдағы жұмысқа күшті бейімделуін қажет етеді. 

Футболшылардың  қимыл  қызметінің  нәтижесін  арттыру  үшін  дененің 

көптеген рецепторларынан түсетін ақпарат өте маңызды. Көру аймағының кіші 

болуы және кіреберіс аппаратының төменгі қызметтік тұрақтылығы кезінде жоғары 

спорттық нәтижелерге жету мүмкін емес (А.Н.Крестовников, К.И.Лемешев). 

Футбол  ойыны  кезінде  нәтижелілік  үшін  тез  жүгіру  үлкен  мәнге  ие.  Ол 

демалудың қысқа аралықтары кезінде жүзеге асады және организмнің анаэробты 

мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз етеді. Ойын бойы футболшы орта есеппен 5-

8 километр жүгіреді. Бұл организмнің аэробты мүмкіндіктеріне жоғары талап 

қояды.  Бірақ  олардың  көрсеткіштері  тіпті  жоғары  дәрежелі  машыққан 

футболшыларда салыстырмалы  түрде жоғары  емес. В.Л.Карпман  мәліметтері 

бойынша оларда оттегі тұтынудың шегі орташа минутына 4,4 литрді құрайды 

(немесе 62,5 мл/мин/кг). Жеке оттегі тұтыну минутына 3,2-5,3 литр аралығында 

болады. Футболшыларда тынышытық күйде брадикардия байқалады (минутына 

48-

54 рет). С.П.Летунов мәліметтері бойынша олардың жүрек өлшемі көп жағдайда 



ұлғайған. Оның ішінде 70%-да сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, 21%-да екі 

қарыншаның  гипертрофиясы  байқалады.  В.Л.Карпманның  соңғы  зерттеулері 

футболшыларда жүрек көлемі орта есеппен салыстырмалы түрде жоғары емес – 965 

см куб екенін көрсетті (жеке спортшыларда 820-1140 см куб). 

Футбол ойыны кезінде вегетативті өзгерістер ойынның қарқынына және басқа 

ерекшеліктеріне байланысты. Футболшыларда жүрек соғу жиілігі ойынның бірінші 

минуттарында минутына  160-170  рет  соғуға жетеді.  Әрі  қарай  бұл  көрсеткіш 

минутына 160-180  рет  соғу  деңгейінде  қалады,  тек  ойынның  жеке  сәттерінде 

минутына 200 және одан жоғары болуы мүмкін.  

Жоғарыда жазылған еңбектерді талдай келе, спорт арқылы жеке тұлғаны жан-

жақты  қалыптастыруға  болады.  Айналысатын  спорт  түрлері  мен  типтеріне 

байланысты  жеке  тұлғаның  мінез-құлқы,  дене  бітімі  және  дүниетанымы 

қалыптасады. Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғарғы 

жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Спорт – адам қызметінің 

тарихи  түрі,  оның  негізін  жарыс  құрайды,  ал  өнімі  жеңімпаздар,  спорттың 

нәтижелері мен жетістіктері. Спорт келесі қызметтерді атқарады: жарыстық, 

тәрбиелік,  дене  белсенділігін  арттыру  қызметі,  танымдық,  бейбітшілікті 

42 



қалыптастыру  қызметі,  көрермендік,  экономикалық  және  беделді  көтеру 

қызметтері. 

Спорт  типтері  жарыс  сипатына,  спортшылардың  дайындығына, 

ұйымдастыруына және басқаруға байланысты болады. Спорттың келесідей типтері 

бар: 


1. Жоғары жетістіктер спорты, олар: кәсіби-супер жетістік, коммерциялық 

емес, кәсіби-коммерциялық спорт типтері болып бөлінеді. Коммерциялық емес 

жоғары  спорт  жетістіктері  рекорд  қоюшылар,  сыйлықтық  орын  мен  спорт 

атақтарын алатын спортшылар жатады. Оның жетекші қызметтері: жарыстық, 

беделділік, көрермендік және тәрбие берушілік. Әлемдік спортта бұл спорт типі 

негізгі  болып  есептеледі.  Ал  тиімділігінің  критерийлік  бағасы  халықаралық 

жарыстарда  жеңу,  рекорд  қою,  сыйлықты  орындарға  ие  болу.  Кәсіби  – 

коммерциялық спорт жеңуге және сыйлықтар алуға негізделеді. Оның жетекші 

қызметтері: жарыстық, көрермендік, экономикалық, беделділік. Бұл әлеуметтік 

қызмет түрі, оның көмегімен ел ақша табады. 

2. Көпшілік спорт. Көпшілік спортпен кез келген адам айналысады, ол әрбір 

адамның  денсаулығын  жақсартуға  игі  әсер  етеді.  Оның  жетекші  қызметтері: 

жарыстық, сауықтыру, өндірістік, мәдени  және тәрбие берушілік.  

Балалар және жасөспірімдер спортында - жарыс өсіп келе жатқан балаларды 

дайындаудың бірден-бір құралы. Оның жетекші қызметтері: жарыстық, сауықтыру, 

танымдық,  мәдени  және  тәрбие  берушілік.  Жұмыс  мазмұны  үш  фактормен 

айқындалады:  кәсіби  спортшылардың  модельді  талаптарымен;  спорт  түрінің 

ерекшелігімен;  жас  спортшылардың  жас  ерекшелігіне  байланысты 

мүмкіншілігімен. 

Жоғарыда келтірілген бірнеше еңбектерді қорытындылай келе, спорт типтері 

негізінен спорт түрлерінен тұратынын анықтадық. Спорт түрлері жарыс қызметінің 

басты пәндік белгілері бойынша анықталады. Әрбір спорттық жарыстың өзіне тән 

ережелері  болады.  Спорт  тарихында  көптеген  спорт  түрлері  кездеседі,  ал 

халықаралық деңгейдегісінің өзі алпысқа жуық. Спорт түрлері әр түрлі белгілері 

бойынша топтастырылады, олар: 

Бірінші  топ,  спортшылардың  қимыл-қозғалыстарының  жоғары 

мүмкіншіліктеріне байланысты жетістіктерге жетеді (жеңіл атлетика, гимнастика, 

спорттық ойындар, бокс т.б).  

Екінші топ, арнайы техникалық құралдар арқылы іске асады (мотоцикл, яхта, 

самолет т.б). 

Үшінші  топтағы  спортшылардың  іс-әрекеті  спорттық  қару-жарақтармен 

байланысты өтеді.  

Төртінші  топқа  -  спортшылардың  модельді-конструкторлық  қызметпен 

айналысады.  

Бесінші топтағы спортшылар қарсыласын абстрактілі-ойлау негізінде жеңеді 

(шахмат, шашка т.б.). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет