Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет13/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

 

 

43 



5. 

СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ 

 

Спорттық ойындар адамдарға тән ойын іс-әрекеттері негізінде қалыптасқан. 



Адам өмірінде ойын үлкен орын алады. Балалық жаста ойын іс-әрекет түрінің 

негізгісі өмірге, еңбекке дайындау құралы, дене тәрбиесінің тиімді құралы болып 

табылады.  Жарыстарда  негізделген,  спортпен  байланысты  ойындар  бөлек  – 

спорттық ойындар немесе ойын спорт түрлеріне бөлінеді.  

Спорттық  ойындардың  ерекшеліктері  оларды  басқа  спорт  түрлерінен  

ажырататын өзгешелігімен  анықталады.  Ойындағы  жарыстық  тайталас  нақты 

ойынға тән жарыс әрекеттерін – ойын тәсілдерін қолданумен белгіленген ереже 

бойынша  өтеді.  Міндетті  түрде  қарсыласының  қарсылық  көрсетуімен  өтеді. 

Командалық  ойын  түрлерінде  жарыстың  әр  көрінісінің  мақсаты  допты 

қарсыласының  алаңының  белгілі  бір  жеріне  жеткізу  және  өзіне  қатысты  осы 

жағдайды болдырмаудан тұрады. Командалық ойында бөлек спортшылар емес, 

команда тұтас ұтады немесе ұтылады. Және керісінше, спортшы қанша нашар 

ойнаса да, егер командасы ұтса, оның да ұтқаны болып есептеледі. Олай болса, жеке 

спорт түрлеріндегі спортшы секілді, команда да сондай тұтас спорттық бірлік 

болып табылады. 

Командалық  ойындардың  мұндай  өзгешелігі  спортшыларға  бір  қатар 

талаптарды  анықтайды,  олардың  көзқарастарына,  жеке  қасиеттеріне, 

жарыстардағы  әрекеттерінің  сипатына.  Спортшының  ойынды  негізгі 

психологиялық  құруы  өз  әрекеттерін  команданың  мүддесіне  (жеке  қолайлы 

жағдайларына қарамастан, кейбір жағдайда «өзіне зиян болуы да» мүмкін) толық 

бағындыруға талпынуы қажет болуы тиіс. Тіпті толық реттелген команда болған 

жағдайда да, егер олар дене, техникалық және тактикалық жақсы дайындалған жеке 

ойыншылардан тұрса да, әр ойыншыда осындай ұстаным болмаған кезде команда 

күшті болмайды. 

Демек, ұжымдылықты тәрбиелеу, команданың жеңісі үшін өз мүддесін қию 

қасиеті,  жарыстың  әр  сәтінде  командалық  мүддені  көре  білу  және  түсіну 

командалық ойындардағы   дайындау  үрдісінің ең  маңызды міндеттерінің  бірі 

болады. Командалық жарысу әрекеттерінің өзі осы ұстанымды ұжымның ойынға 

қатысушыларға әсер етуі арқылы тәрбиелеуге мүмкіндік туғызатынын тәжірибе 

көрсетіп  отыр.  Осыған  байланысты  командалық  ойындар,  әрине,  

жаттықтырушылардың, тәрбиешілердің, педагогтардың және т.б. үйлесімді іс-

әрекеттерінің арқасында, тәрбиелеудің әсерлі құралы болып табылады. 

Жарысып ойнау әрекеттерінің күрделі сипаты үнемі өзгеретін жағдайларда, 

аздаған уақыт ішінде әрекетті таңдауға және ойын жағдайын бағалау қажеттігіне 

әкеледі.  Спортшыда    техникалық-тактикалық  әрекеттердің  алуан  түрлі 

арсеналының  болуы  өте  маңызды  фактор  болып  табылады,  бұл  шиеленісу 

жағдайларында нәтижеге жету үшін команданың тиімді әрекеттерін қамтамасыз 

ететін стратегияның оңтайлысын таңдап алуға мүмкіндік тудырады. 

Спорттық ойындардың маңызды ерекшелігі жарысу әрекеттерінің – ойын 

тәсілдерінің көптеген санынан тұратындығы. Бұл тәсілдерді жарысу әрекеттері 

үрдісінде  спорттық нәтижеге жету үшін (кездесуді, жарысты ұту) көп рет орындау 

44 



қажет  (бір  кездесуде,  бірнеше  кездесуде),  осыдан  сенімділік,  тұрақтылық 

дағдылары және т.б. тәрбиеленеді. 

Командалық ойындарда жарысу әрекеттерін бірнеше спортшы жүргізеді және 

олардың  әрекеттерінің  келісілгендігінен  көбі  байланысты,  қарсыласын  жеңу 

мақсатында жарысу әрекеттері үрдісінде спортшының әрекеттерін ұйымдастыру 

түріне, олардың әрекеттерінің келісілгендігіне көбі байланысты. 

Спорттық нәтижеге жетудің даму сатысы сипаты да спорттық ойындардың 

ерекшелігі болып табылады. Жеке  жарысу әрекеті бар спорт түрлерінде (мысалы, 

секіру, лақтыру) екі фактордың оңтайлы үйлесімі – қимыл потенциалы және тиімді 

техникасы (бір рет талпыну  кезінде-ақ) спорттық нәтижені (секіру биіктігі, лақтыру 

ұзындығы және т.с.с.) белгілеуге әкеледі. Спорттық ойындарда бұл тек өзіне тән 

бірінші  сатысы  –  «дене  және  техникалық    дайындығы».  Тағы  да  жарысу 

әрекеттеріндегі ойындар үшін дене және техникалық күш-қуатын жүзеге асыру 

амалы ретінде  спортшылардың    жеке, топтық және командалық  әрекеттерін 

ұйымдастыру қажет. 

Спорттық ойындарда жарысу әрекеттерінің негізгі тиімді критерийі 

қарсыласын жеңу. 

Спорттық  ойындардың  көптеген  түрлері,  техникалық  тәсілдердің 

әртүрлілігімен және көпшілік жағдайда, әсіресе доппен бірге жылдам қозғалып, 

секіру, жүгіру кезінде техникалық тәсілдерді орындау, сонымен қатар оған қол 

жеткізу үшін үздіксіз күресу, координацияның өте күрделілігімен сипатталады 

(баскетбол, волейбол, гандбол, футбол және т.б.). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет