тор 2,10-2,45 метр биіктікке керіледі. Ұтқан әр сәт үшін ұпай жазылады. Партия 25
озғанша ойын созыла береді. Үш партияда ұтқан команда жеңіске жетті деп
қазіргі волейболға тіптен де ұқсамайтын, әйтеуір допты бір-біріне қақпақыл тастап,
қарсы жаққа жеткізсе жеткілікті еді. 1929 жылы қыркүйек айында республика дене
тәрбиесі кеңесінің ұйғарымы бойынша спорт ойындарынан жарыс өтті. Осы
ойындардың бағдарламасында волейбол болатын.
1969 жылы Алматының «Буревестник» командасы еліміздің
кәсіподақтарының біріншілігінде жеңімпаз атанды. Алтын медаль О.Антропов,
Г.Гончаров, А.Кормановский, В.Кравченко, А.Портной, Н.Рагозин, Ж.Саурамбаев,
А.Сұлтанов, В.Устиненко, Вячеслав және Виталий Шапрандарға және
Л.Щербаковқа табысталды. 1970,1971 жылы «Буревестник» командасы Еуропа
чемпиондарының кубогін жеңіп алды.
1984 жылы олар КСРО-ның чемпионы атанды. Мұндай атаққа Е.Чебукина,
И.Ризен, Л.Носенко, И.Юрова, Л.Перевертова, С.Лихолетова, И.Федейкина,
О.Кривошеева, И.Коновалова, Г.Рахымбекова, Т.Миллер және С.Котовалар ие
болды. Сол жылы команданың ойыншылары Е.Чебукина, О.Кривошеева, И.Ризен,
Л.Перевертова, С.Лихолетова, Л.Носенко еліміздің құрама командасына
қабылданды. Ал екі дүркін Олимпия ойындарының чемпионы Н.Смолеева мен
Л.Берген құрама команданың сапында бұрыннан бар болатын. 1985 жылы
Алматының волейболшы қыздары Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды.
Сөйтіп, 1988 жылы алматылық ойыншылар О.Кривошеева, Е.Чебукина,
Т.Меншова Сеулдегі Олимпия ойындарының чемпионы атанды.
Жағажай волейболы, кәдімгі волейбол алаңында бірақ судың жағасында,
жағажайда ойналатын ойын. Мұнда әр команда 2 ойыншыдан болады. Олардың
біреуі шабуылшы екіншісі қорғаушы болып табылады. Ойыншы өте шапшаң тез
және соққысы мықты болуға тиісті. Есеп 12 ұпайға дейін жүргізіледі. Кейде
команда аралас жұптан, яғни 1 әйелден және 1 еркектен тұрады. Ер адамдар үшін
тордың биіктігі 2,36; 2,39 метр әйелдер үшін тор аласа болады. Допты ойынға қосу
қарсы жақтағы сызықтың кез келген жерінен жүргізіледі. Ойын 40 минутқа дейін,
кейде 60-70 минутқа созылады. Жағажай волейболы үшін спортшы өте шыдамды
болуы керек, бұл ойын адамдарды таза ауада, судың жағасында жақсы демалуға
мүмкіншілік туғызады. Жағажай волейболы1996 жылы АҚШ-та Атланта
қаласында Олимпия ойындарының бағдарламасына енді, оның өз алдына
Бүкіләлемдік бірлестігі бар.
Жағажай волейболы Қазақстанда 1996 жылы Алматыда «Winston»
фирмасының демеушілігімен алғашқы жарыс өткізілді, осы жарыстан соң жағажай
волейболымен айналысушылар көптеп табылды. Келесі 1997 жылы тағы да тамыз
айында Алматы облысының Қапшағай қаласындағы «Аквапарк» жағажайында ҚР-
ның бірінші чемпионаты өтті. Бұл чемпионатқа Ресей мен Өзбекстаннан
командалар шақырылған еді. Бірінші орынға Ресейдің «Лицей-Саховат», екінші
орынға АДК командасы шықты. Содан кейін Теміртау, Қарағанды қалаларында
жолдастық кездесулер ұйымдастырылды. Ерлер арасында А.Яншин мен
Б.Байтөреевтің жұбы жақсы өнер көрсетті. 1998 жылы мамыр айында Қапшағай
қаласының әкімі жүлдесіне халықаралық жарыс өткізілді. Жағажай волейболы
республикамызда кең тараған спорт ойындарының бірі болып табылады. Жағажай
волейболынан Республиканың құрама командасы 2010 жылы Азияның чемпионы,
әлем чемпионатының жүлдегері атанды.
Достарыңызбен бөлісу: