орындалуы бір-бірлеріне ұқсамайды. Тәсіл жасау ойын әдістерін қалай меңгеруге
тікелей байланысты. Мысалы, допты ойынға қосқан кезде оны қабылдау әдісін
жақсы меңгерген ойыншыға жіберген дұрыс. Егер волейболшы допты ойынға қосу
әдісін жақсы меңгермеген болса, мұны орындау өте қиын. Ал допты қабылдайтын
команда өзінің күшті және әлсіз жақтарын салыстыра отырып, өзіндік тәсіл
қолданады. Міне, осылайша әр команда әр кездесуге өзінің тактикасын құрады.
Тосқауыл жасау тордың үстіңгі жағынан доптың ұшқан жолын тосып,
қорғанудың ең тиімді әдісі. Бұл арада шабуылдаушы допты соққанша, допқа тисуге
болмайды. Кейде тосқауылды бір адам, кейде бірнеше ойыншы жасайды. Тордан
жоғары секіріп көтерілген соң қорғанушыны алаңдарын қарсы жаққа өткізіп, допты
алаңның арғы бетінен күтіп алуына болады. Тосқауылды жасаудағы табыс дәл
кезінде секіріп, қарсы жақтан ұшқан допты дер кезінде тосып алуға тікелей
байланысты.
Шабуыл соққысы ойынның әдісін меңгеруде ең күрделілердің бірі. Ойын
үстінде волейболшы қаншалықты шаршамасын шабуыл соққысын жасау үшін
тордың жанына жақындайды. Шабуыл соққысының негізгісі оның секіру
алдындағы жүгіру бағытына дәл келетін түзу соққы болып табылады.
Шабуыл соққысындағы қапталмен соққы жасау, доптың түсетін жері секіру
алдындағы дененің қимылымен үйлеспейтін шабуыл соққысы. Мысалы, алаңның 4
аумағында жүгірген спортшы 5 аумағында шабуыл жасайы, бірақ доп қарсы
алаңның 1 аумағына түседі. Тағы сол сияқтылар.
Либеро команданың сапындағы 12 ойыншының арасынан қорғанысқа жетік
маманданған волейболшыны осылай деп атайды. Ол жарыс хаттамасына алдын-ала
бөлінген жолға ойын басталғанға дейін жазылады. Либеро команданың капитаны
бола алмайды, ойынға киген киімі де басқа ойыншылардан өзгеше болады және ол
тордан жоғарғы шабуылдың соңғы соққысын жасамайды. Сол сияқты либеро
допты ойынға қоспайды, тосқауыл жасамайды, өзінің орнына келген ойыншымен
ғана алмаса алады.
Гандбол, аса қызықты атлетикалық спорт ойын Ордруп қаласының тұрғыны
Хольгер Нильсон есімді кісі 1898 жылы ойлап тапқан. Алғашқы секциялары 1917
жылы Германияда пайда болды. Хайзер есімді гимназияның оқытушысы
оқушыларды футбол добын қақпаға лақтырып ойнатады. Осыдан барып 11х11
үлкен гандбол пайда болды. Ал кіші гандбол 7х7 бұрын залдарда ойналып жүретін.
Гандболдан ерлер арасында Әлем чемпионаты 1938 жылы, әйелдер арасында 1956
жылдан бастап өткізіліп келеді. 11х11 үлкен гандбол 1936 жылы ерлер арасында
Олимпия ойындарының бағдарламасына енді. Ерлер және әйелдер арасындағы 7х7
кіші гандбол 1972 жылы Мюнхендегі Олимпия ойындарының бағдарламасына
енді.
Қазақстандағы гандбол, 1925 жылдан бастап дами бастады. Осы жылы Жетісу
губерниясының спорттық ойындары өткен еді, оның бағдарламасына жеңіл
атлетика, футбол, баскетбол басқа да спорт түрлерімен қоса гандбол да енді. Бұл
республикада гандбол спортының дамуына ерекше әсер етті. Адамның әсіресе
жастардың денсаулығына өте пайдалы болғандықтан, Қазақстан Республикасында
мектеп бағдарламасына енген.
49
Гандбол ойыншыларының міндеті қарсыласының қақпасына доп соғу және өз
қақпасын қорғау болып табылады. Барлық доппен қимылдар қолмен орындалады,
осыдан ойынның атауы шыққан. Ойын өте әр қилы және табиғи қимыл
координацияларында негізделген жүгіруде, секіруде және лақтыруда.
Шабуылдаушылардың іс-қимылдары жылжу, допты беру, тосу, допты алып
жүру және қақпаға доп лақтырудан тұрады. Қорғаушының іс-қимылдары жылжи
білу, доп ұстаған шабуылшыға және қақпашының ойынына қарсылық көрсете білу
болып келеді.
40х20 алаңның өлшемінің үлкендігіне қарай спортшылардың дене
шынықтыру сапасына жоғары талап қойылады. Доптың диаметрі 58-60 сантиметр,
салмағы 425-475 грамм әйелдер үшін 54-56 сантиметр, салмағы 325-400 грамм.
Достарыңызбен бөлісу: