Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет31/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70
29.05.2023 dis

И
нн
овация
лы
қ 
Сыни ойлау 
Patrick Severine Kavenuke, Mjege Kinyo және Joel Jonathan Kayom 
bo «Болашақ мұғалімдердің сыни ойлау дағдылары: олардың 
жүйелілігін, өзіне деген сенімділігі мен скептицизмін зерттеу» 
Зерттеушілік 
Sarah A. Marrs , Carla Quesada-Pallarès, Korinthia D. Nicolai , 
Elizabeth A. Severson-Irby және J. Reinaldo Martínez-Fernández 
«Жас зерттеушілердің зерттеу құзыреттілігін өлшеу» 
Кәсіпкерлік 
Ivana Komarkova, Dimitri Gagliardi, Johannes Conrads, Antonio 
Collado «Кәсіпкерлік дағдылар» 
Т
оле
ран
т
т
ы
лы
қ 
Эмпатия 
Mallinckrodt, B., Miles, J. R., Bhaskar, T., Chery, N., Choi, G., & 
Sung, M. R. «Күнделікті көпмәдениетті құзыреттер / этномәдени 
эмпатияның қайта бейімделген шкаласы» 
Өзін-өзі 
дамыту 
Hüseyin Uzunboylu , Çiğdem Hürsen «Үздіксіз білім алу 
құзыреттілігі шкаласы: жарамдылық пен сенімділікті зерттеу» 
Шиеленістер 
ді шешу 
Yingshan Bao , Fangwei Zhu , Yue Hu , Ning Cui , Yuan Gu
«Шиеленістерді шешу бойынша голландиялық тесті». 
Д
үн
ие
т
ан
ы
м
ды
қ 
Әлемді тану 
Yang Liua, Yue Yinb, Ruilin Wu «Білімгерлердің жаһандық 
құзыреттілігін өлшеу: қытай үлгісіндегі құралды әзірлеу және 
эмпирикалық зерттеу». 
Мәдениет-
аралық ком 
муни кация 
Шет тілін 
меңгеру 
Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби
құзыреттілігін 
дамыту 
бойынша 
тәжірибелік-эксперимент 
жұмысын 
ұйымдастырудың 
дайындық 
кезеңі 
барысында 
біз, 
ең 
алдымен, 
респонденттердің зерттеу жұмысы мәселесіне деген қызығушылығын 
айқындауды жөн көрдік және аталған міндетті шешу үшін келесі әдістер 
қолданылды:


87 
1) болашақ 
педагог-психологтар 
(білімгерлер) 
мен 
педагог 
психологтардың 
(практик 
мамандар) 
зерттеліп 
отырған 
мәселеге 
қызығушылығын анықтауға бағытталған сауалнама; 
2) ЖОО оқытушыларының зерттеліп отырған мәселеге жеке көзқарастары 
мен тәжірибесі бойынша сұхбат. 
Сұхбат пен сауалнама «Педагогика және психология» мамандығы 
бойынша білім алатын білімгерлер (саны 24 адам), педагог- психологтар (10 
адам), ЖОО «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының
оқытушылары (10 адам) арасында жүргізілді. Педагог-психологтар (практик 
мамандар) санатын таңдау олардың педагогикалық және психологиялық 
жағдаяттармен тікелей байланыста болуымен, яғни кәсіби қызметпен 
айналысатындығымен түсіндіріледі. Одан бөлек аталған мамандар, өздерінің 
күнделікті қызметінде кездесетін қиындықтармен бөлісіп, ЖОО-дағы білім 
беру әдістемесіне және бағдарлама мазмұны бойынша белгілі бір ұсыныстар 
жасай алады. Оқытушыларды экспериментке қосу қажеттілігі олардың 
студенттермен ЖОО-дағы оқу үрдісі кезеңінде тығыз байланыста болып және 
тиісінше педагог-психологты кәсіптік даярлаудың қолданыстағы жүйесінің 
тиімділігіне объективті баға бере алатындығымен негізделген.
Болашақ педагог-психологтар (білімгерлер) мен педагог психологтардың 
(практик мамандар) зерттеліп отырған мәселеге қызығушылығын анықтауға 
бағытталған сұхбатты жүргізу үшін «Педагогика және психология» білім беру 
бағдарламасының білімгерлері және педагог-психологтар қатысты. Сауалнама 
бес сұрақтан тұрды: 
1. Педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігі деп нені түсінесіз? 
2. «Жаһандану» ұғымы сіз үшін нені білдіреді? 
3. Жаһандану жағдайында маманға қандай құзыреттер қажет? 
4. Сіздің 
ойыңызша, жаһандану жағдайында болашақ педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігінің дамуына қандай жағдайлар оң әсер 
етеді (элективті курс, тренинг, семинарлар, практика, тағылымдама)? 
5. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту үрдісін 
жетілдіру үшін қандай ұсыныстар берер едіңіз? 
Жүргізілген 
сауалнама 
нәтижелерін 
талдау 
көрсеткендей, 
қатысушылардың көпшілігі (барлық сұралғандардың шамамен 85,0%) зерттеліп 
отырған мәселеге қызығушылық танытты және сұхбатқа белсенді қатысты. 
Бірінші сұраққа жауап берген білімгерлердің 65,5% педагог-психологтың 
кәсіби құзыреттілігі – бұл маман мансап сатысымен көтерілу және өз жұмысын 
сапалы орындауы үшін қажетті дағдылардың жиынтығы екенін атап өтті. 20,3% 
педагог-психологтың кәсіби қызметі үшін маңызды білім мен тәжірибе үйлесімі 
деп есептейді. Ал 14,2% бірінші сұраққа жауап беруден қиналды және нақты 
жауап бере алмады, олардың педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігі туралы 
түсініктері жеткіліксіз деңгейде қалыптасқаны көрінді. 
Талдаудан көрініп тұрғандай, білімгерлер бірінші сұраққа үстірт жауап 
берсе, педагог-психологтар сауалнаманың бірінші сұрағына неғұрлым нақты, 
егжей-тегжейлі және терең жауаптар бере алды. Сұралған педагог-
психологтардың 78,0%-ы кәсіби құзыреттілік әдіснамалық, кәсіби-практикалық 


88 
және жеке құзыреттілікті қамтитынын айтты. Сауалнамаға қатысқан педагог-
психологтың 13,0% – кәсіби құзыреттілік бұл – тек білімге ие болу ғана емес, 
сонымен қатар өндірістік мәселелерді кәсіби деңгейде шешуге дайын болу 
деген жауап қайтарды. Алайда, сұхбатқа қатысқан педагог-психологтардың 
8,0%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналды. 
Екінші сұрақтың жауаптарының шеңберінде келесі тұжырымдарды 
жасауға болады: білімгерлердің 87,8%-ы жаһандану сонымен қатар адам 
құқықтарын, сондай-ақ табиғат пен жануарлар құқығын демократияландыруға 
және нығайтуға ықпал ететінін атап өтті, сонымен қатар берілген категорияның 
көпшілігі жаһанданудың ілгері дамуына интернет, Tik-Tok, Instagram сынды 
әлеуметтік желілер әсер ететінін ерекше бөліп көрсетті. Сауалнамаға қатысқан 
студенттердің 11,9%-ы «Жаһандану – бүгінде бүкіл әлемде болып жатқан және 
барлық мемлекеттерге әсер ететін әлеуметтік, мәдени, экономикалық, саяси 
және басқа да жақындасу үрдісі», – деген анықтама берді. Ескере кететін жайт, 
білімгерлердің тек 0,2%-ына ғана бұл сұраққа жауап беру қиынға соқты, яғни 
жалпылама алғанда білімгерлер жаһандану ұғымымен таныс және бұл феномен 
олар үшін жат емес екенін аңғартады.
Ал, педагог психологтарда керісінше жаһандану тенденциясын тек 
барлық мемлекеттердің өзара байланысы ретінде қарастырып, (78,5%), тіпті 
жаһандану сонымен қатар жағымсыз нәрселердің тез таралуына ықпал етеді 
деп, мысал ретінде, Covid-19 пандемияны келтірді (21,5%). 
Сауалнаманың төртінші сұрағы респонденттердің болашақ педагог-
психологтардың жаһандану жағдайында кәсіби құзыреттілігін жеткілікті түрде 
дамытуға не ықпал етуі мүмкін екендігі туралы пікірін анықтауға мүмкіндік 
берді. Білімгерлер өз жауаптарын былайша дәлелдеді: 32,2% – педагог-
психологтардың жаһандану жағдайында кәсіби құзыреттілігін дамытуға 
бағытталған элективті курсты енгізу қажеттігін атап өтті; 44% – педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге іс-тәжірибе көбірек ықпал 
ететінін көрсетті. Оның құндылығы оның қандай да бір жұмыс тәжірибесін 
алуға, педагогикалық шындықпен жанасуға, кәсіби қызметтің қалай жүзеге 
асырылып жатқанын көруге мүмкіндік беретіндігінде; 23,8% – педагог-
психологтардың кәсіби құзыреттілігіне педагог-психологтың жаһандану 
жағдайында нақты қызметін модельдейтін элементтері бар тренинг, 
мастеркласстар өткізу қажеттігін атап өтті.
Педагог-психологтардың 65,7%-ы аталған әдістерді кешенді түрде 
қолданғанда ғана нәтиже болатынын алға тартты (элективті курс, тренинг, 
семинарлар, т.б.), сонымен қатар педагог-психологтар жоғары білім алған 
кезде, тек теориялық тұрғыда білімдерін шыңдағанын және қазіргі күнделікті 
өзгеріске ұшырап жатқан және новаторлықты қажет ететін заманда, бірден 
қызметке кірісіп кету қиын болғанын жасырмады. Бұдан бөлек, педагог-
психологтардың 34,3%-ы сыни ойлау, аналитикалық ойлау, мәселені шешу 
дағдыларын шыңдау үшін «case study», «brain-stormimg», «SWOT analysis» 
әдістерін жаһандану жағдайында кәсіби құзыреттілікті дамытудың неғұрлым 
тиімді шарты ретінде бөлуді қажет деп есептейді. 


89 
Сауалнаманың ең маңызды әрі күрделі сұрақтарының бірі жаһандану 
жағдайында маманға қандай құзыреттер қажет деген сұрақ болатын. 
Білімгерлердің басым көпшілігі (78,8%) әртүрлі мәдениеттегі әртүрлі адамдар 
арасында тиімді қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне ие болу үшін шет тілін, 
әсіресе, ағылшын тілін меңгеру қажет деп тілдік құзыреттілікті, 
мәдениетаралық құзыреттілікті бөліп көрсетті. Респонденттердің 12%-ы 
жаһандану жағдайында ақпарат алу және алмасу өте маңызды екенін ескере 
отырып, сыни ойлау дағдысы маңызды деп таныды. Өкінішке орай
білімгерлердің 10,8%-ы бұл сұраққа жауап бере алмады.
Педагог-психологтардың көпшілігі де мәдениетаралық құзыреттілікті 
ерекше атап өтті (70,7%), айтып өту керек, педагог-психологтардың 32,3%-ы 
көшбасшылық дағды, топта жұмыс істеу дағдысы, сонымен қатар өзін-өзі 
ұйымдастыру мен қысымға төтеп беру дағдыларын жаһандану жағдайында 
педагог-психологқа кәсіби қызмет етуге және ЖОО қабырғасында шыңдалу 
қажет дағдылары ретінде айқындады. Осы категорияның респонденттерінің тек 
7%-ы 
өздері жоғары мектепте алған базалық құзыреттіліктер мен 
дағдыларының қызметтері үшін жеткілікті екенін және қосалқы дағдыларды 
қажеттілік ретінде қарастырмайтындарын алға тартты. 
Болашақ педагог-психологтардың жаһандану жағдайында кәсіби 
құзыреттілігін дамыту үрдісін жетілдіру үшін білімгерлер шетелдік тәжірибенің 
қажеттілігін көрсетті (58,9%). Олардың пікірінше, шетелдік тәжірибемен тек 
шетелде оқу немесе жұмыс істеу ғана байланыстырылмайды, одан бөлек 
шетелдік әріптестермен, ғалымдармен тығыз байланыста болу, тәжірибе 
алмасу, өз зерттеу саласы бойынша түрлі халықаралық семинарлар мен 
конференциялырға қатысу арқылы, өзінің кәсіби дамуына қажет озық 
технологиялар мен әдістерді зерттеу, ол тек білімін шыңдап қана қоймай, өзін 
әртүрлі ситуацияларды ұстау, түрлі ортада коммуникацияға түсу және 
мәселелерді өздігінен шешу сияқты дағдыларды қамти алады. Кейбір 
респонденттер бұл тенденцияларды өзінің айналасындағы, осындай 
тәжірибеден өткен таныс адамдарынан байқағанын және осындай тәжірибе 
алуға ниетті екенін білдірді. Респонденттердің басқа бөлігі (31,3%) жаһандану 
жағдайында білімгерлерге қажет құзыреттіліктерді дамыту тек оқу 
бағдарламасының мазмұны мен сапасына ғана емес, оқытушылардың 
кәсібилігіне және заманауи талаптарға сәйкес болуымен ұштастырды. Мысал 
ретінде, білімгерлер оқытушылар жаһандық талаптарға сәйкес әдебиеттерді 
және ақпараттық технологиядарды оқу үрдісінде пайдалану үшін шет тілін 
жетік меңгеруі тиіс деп есептейді. Білімгерлердің тек 9,8%-ына ғана ұсыныс 
беру қиындық тудырды. 
Педагог-психологтардың басым көпшілігі (71,3%) ұсыныс ретінде ЖОО-
дарында оқу бағдарламасын теориядан гөрі, көбірек практикалық білімге 
бейімдеуді жөн санайды. Егер бұл тенденция оқу орындарында тиімді түрде 
жүргізілсе, түлектер оқуды бітіргеннен кейін ешқандай қиындықсыз және 
қосалқы дайындықсыз өз қызметтерін атқаруға мүмкіндік алар еді дейді 
мамандар. Сонымен қатар педагог-психологтар (16,7%) университетке шетелдік 
лекторлар тартылуы қажет деп есептейді, егер білімгерлерде бұл қызмет түрін 


90 
салыстырмалы түрде (шетелдік ЖОО тәжірибесінде) зерттеуге мүмкіндіктері 
болса, онда бұл жаһандық жағдайда болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамыту мүмкіндігін еселей түсері анық. Бұдан бөлек 
сұхбаттасқан педагог-психологтардың 13%-ы жаһандану жағдайында педагог-
психологтардың құзыреттілігін дамыту үшін жаһандық құзыреттілікті 
дамытуды ұсынады, алайда жаһандық құзыреттілік деген не және оны қалай 
дамытуға болатынын нақты көрсете алмады.
Біз жүргізген сауалнама нәтижесінде педагог - психологтар, «Педагогика 
және психология» мамандығының білімгерлері арасында қозғалған мәселенің 
бүгінгі күні өзекті екені расталды. Респонденттердің көпшілігі өздерінің 
жаһандану жағдайында кәсіби құзыреттілігінің деңгейіне қанағаттанбайтынын 
және оны дамыту үрдісіне тиісті көңіл бөлінбейтінін алға тартты. Сонымен 
қатар, олардың едәуір бөлігі жаһандану жағдайында кәсіби құзыреттілігін 
жетілдіруге белсенді қызығушылық танытады. Кәсіби құзыреттілікті дамыту 
педагог-психологтардың кәсіби қызметінің тиімділігі мен табыстылығының 
негізі болып табылатынын барлығы дерлік атап өтті. Демек, педагог-
психологтардың жаһандану жағдайында кәсіби құзыреттілігін ЖОО-да оқыту 
кезеңінде дамыту қажет. 
Оқытушылармен сұхбаттасу барысында жаһандану жағдайында болашақ 
педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігін ЖОО-да дамыту мәселесі, сондай-
ақ осы мамандарды кәсіби қызметке даярлауды жетілдіру жолдарын іздестіру 
талқыланды. Барлық оқытушылар бұл мәселенің өзекті екендігімен келіседі 
және қазіргі білім беру саласындағы жаһандық өзгерістерге байланысты 
педагог-психологты кәсіби дайындауға басқаша көзқарасты талап ететінін 
мақұлдады. Оқытушылардың көпшілігі кәсіби білікті маман дайындауда 
инновациялық әдістерді қолданудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, 
оқытушылар педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігін қазіргі заман 
талаптарына сәйкес сапалы түрде дамытуда тек бір құзыреттілікке емес 
құзыреттіліктер кешенін қарастыру қажет деп санайды, сондай-ақ бұл 
құзыреттіліктердің компоненттері уақыт талабына сәйкес өзгеріп отыруы 
мүмкін екеніне назар аудартты. 
Мәселенің өзектілігі және сауалнамадан,сұхбаттан алынған деректерді 
талдау – ұсынылған көрсеткіштерге, деңгейлерге сәйкес жаһандану жағдайында 
болашақ педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігінің бастапқы деңгейін 
анықтау 
мақсатында 
диагностика 
жүргізу 
қажеттілігін 
көрсетті. 
Диагностикалық жұмыстың барысы диссертациялық жұмыстың келесі 2.2-
параграфында жан-жақты сипатталады, ал біз, ендігі кезекте, жаһандану 
жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігі дамуының 
деңгейін бағалау және алынған нәтижелерді өңдеу бойынша қолданылған 
графикалық және статистикалық әдістерге тоқталып өтуді жөн көрдік.
Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамытуға бағытталған инновациялық, толеранттылық және 
жаһандық 
құзыреттердің 
индикаторларын 
бағалау 
үшін 
таңдалған 
шкалалардың өлшемділігін тексеру үшін зерттеушілік (эксплуатациялық) 
факторлық талдау қолданылды. Әрбір сауалнаманың деректері үшін Кайзер 


91 
критерийін қолдана отырып, негізгі компоненттерге талдау жүргізілді, онда 
параллелді талдаумен бірге коварианттық матрицада өзіндік мәні бар 
компоненттер алынып тасталды. 
Сауалнама құрылымының жиналған эмпирикалық деректерге сәйкестігін 
тексеру үшін келесі көрсеткіштерді есептей отырып, растаушы факторлық 
талдау жүргізілді: икс-квадрат (χ2), сәйкестіктің салыстырмалы критерийі 
(comparative fit index, CFI), Такер-Льюис индексі( Tucker-Lewis fit index, TLI), 
жуықтаудың орташа квадраттық қатесінің түбірі (root mean square error of 
approximation, RMSEA) және стандартталған орташа квадрат қалдық түбірі 
(standardized root mean square residual, SRMR). Сауалнаманың сенімділігі Альфа 
Кронбах коэффициенттері (мұнда және одан әрі α), Гуттманның жартылай 
бөлінуі (зерттелетін сауалнаманың кездейсоқ таңдалған нүктелерінің 
қосындылары арасындағы Спирман бойынша корреляция коэффициенті) және 
корреляцияланған нүктелердің орташа мәні негізінде ішкі консистенция 
бойынша бағаланды.
Корреляцияланған тармақтардың орташа мәні үшін 0,15-0,50 шекті мән 
ретінде қабылданды (Kim et al., 2022) α үшін ≥0,65 (Haruna et al., 2019), tli және 
CFI үшін ≥0.80, rmsea және SRMR үшін ≤0.08, χ2 үшін P > 0.05 (Hassim et al., 
2020). Факторлық жүктемесі бар сауалнамалардың пункттері >0,3 барабар деп 
есептелді. Топтар арасындағы айырмашылықтар тәуелсіз үлгілер үшін 
Стьюденттің t-тесті арқылы сыналды. Айырмашылық P<0.05 кезінде 
статистикалық маңызды деп түсіндірілді. Сауалнамалар барысында алынған 
сандық мәліметтер құрылымдық теңдеулерді модельдеудің бір түрі болып 
табылатын жол талдауы (Path analysis) арқылы сыналған жаһандану 
жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігінің 
құрылымдық моделі түрінде нәтижелерді қорытындылауға мүмкіндік берді 
Барлық статистикалық процедуралар R бағдарламалық ортасында бастапқы 
мәліметтерге арнайы статистикалық пакеттерді қолдану арқылы жүргізілді. 7-
суретте R-де жиналған сандық деректерді өңдеудің фрагменті көрсетілген. 
Сурет 7 – R бағдарламалық ортасындағы эмпирикалық деректерді 
статистикалық өңдеудің фрагменті 


92 
Болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін бағалау бойынша 
бастапқы диагностиканың нәтижелері келесі 2.2 бөлімде берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет