Желдибаева райгуль сериковна


 Тәжірибелік-эксперимент тік жұмыс нәтижелері



Pdf көрінісі
бет50/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70
29.05.2023 dis

2.4 Тәжірибелік-эксперимент тік жұмыс нәтижелері 
Зерттеудің қорытындылау кезеңінін мақсатын іске асыру жаһандану 
жағдайында 
болашақ 
педагог-психологтардың 
кәсіби 
құзыреттілігін 
дамытудың біз айқындаған психологиялық-педагогикалық шарттар кешені 
негізінде жасалған әдістеменің тиімділігін растауды талап етеді. 
Диссертациялық жұмыстың 2.2-бөлімінде біз жаһандану жағдайында 
болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша 
ұсынған моделге сәйкес, инновациялық, толеранттылық және дүниетанымдық 
құзыреттер блогы және әр блогқа қарасты көрсеткіштердің инновациялық 
Хабардар болу 
Өзін өзі 
дайындау 
Шиеленісті қысқарту 
Келіссөздер 
Келісім 
Құндылықтар 


138 
(сыни ойлау, зерттеушілік, кәсіпкерлік), толеранттылық (эмпатия, өзін-өзі 
дамыту, шиеленістерді шешу), дүниетанымдық (әлемді тану, мәдениетаралық 
коммуникация, шет тілін меңгеру) құзыреттер бойынша респонденттердің 
бастапқы деңгейін анықтау нәтижелерін талдадық. Ендігі кезекте жүргізілген 
қалыптастырушы эксперименттің тиімділігін анықтау үшін диагностикалық 
әдістемелерді қайта жүргүзудің қажеттілігі туындайды.
Инновациялық құзырет блогының сыни ойлау көрсеткіші бойынша 
эксперименттік жұмыс нәтижелері.
Эксперименттен кейінгі сауалнаманың нәтижелерін растау факторлық 
талдауы (Confirmatory factor analysis) сауалнаманың үш өлшемді құрылымының 
сәйкестігін растады: барлық нүктелер сауалнама құрылымының кейінгі 
моделінің диаграммасында көрсетілген тиісті факторларға жеткілікті 
жүктемелерге ие болды (28-сурет). 
Сурет 28 – «Critical Thinking Skills of Prospective Teachers» сауалнамасы 
құрылымының эксперименттен кейінгі үлгісі 
Көрсеткіштердің ортасында факторларға (шеңберлерге) нүктелердің 
(шаршылардың) факторлық жүктемелері көрсетіледі. 
Модельдің жарамдылық көрсеткіштері өте жоғары болды (χ2 (24) = 
16.763 (p = 0.859); RMSEA = 0.0 (0.0-0.047); CFI = 1.0; TLI = 1.122; SRMR = 
0.046), бұл жиынтықтың құрылымдық дұрыстығын және теориялық үш 
факторлы модельдің эмпирикалық мәліметтерге сәйкестігін дәлелдейді. Жалпы 
коэффициент α (0,706 (0,605-0,789)), жартылай бөліну коэффициенті (0,717 
(0,569-0,814)) және корреляцияланған пункттердің орташа көрсеткіші (0,22) 
сауалнаманың ішкі сәйкестігін көрсетеді. Эксперименттік әсер ету 
аяқталғаннан кейін жүргізілген сауалнама нәтижелері 31-кестеде келтірілген. 
Әр 
респонденттің 
сауалнамасының 
нәтижелері 
үшін 
орташа 
арифметикалық мән есептелді: төмен (1-3 балл), орташа (4-5 балл) және жоғары 
(6-7 балл).


139 
Кесте 31 – Сыни ойлау дағдысының деңгейінің диагностикасы
Факторлар 
µ (σ) 
бақылау тобы 
(n = 45) 
эксперименттік 
топ (n = 45) 
I. Жүйелілік 
6,01 (0,83) 
4,29 (0,76) 
Мен өзімнің немесе басқалардың пікірін әділ 
бағалаймын 
2,80 (0,94) 
6,16 (0,71) 
Мәселені шешкен кезде мен әдетте осы мәселені шешу 
үшін дерек көздерін жүйелі түрде ұйымдастырамын 
5,18 (0,81) 
5,44 (0,78) 
Мен мәселені шешу үшін қорытындыларды 
тұжырымдамаларыма сүйене отырып жасаймын 
5,04 (0,71) 
6,27 (0,78) 
II. Өзіне деген сенімділік 
2,71 (0,85) 
6,80 (0,77) 
Мен кез-келген күрделі мәселені шеше аламын деп 
ойлаймын 
2,73 (0,72) 
2,84 (0,90) 
Мен күрделі мәселені ынталы түрде шешемін 
4,69 (0,79) 
5,78 (0,74) 
Мен әдетте өзім белгілеген критерийлерді қолдана 
отырып, күрделі мәселелерді шешемін 
2,71 (1,01) 
5,78 (0,67) 
III. Скептицизм 
4,83 (0,96) 
5,90 (1,01) 
Маған сұрақ қойылғанда, жауап бермес бұрын бірнеше 
рет ойланамын 
4,84 (0,88) 
2,87 (0,97) 
Әдетте менің кез-келген шешімімде ақылға қонымды 
дәлелдер бар 
2,56 (0,84) 
2,67 (0,95) 
Менің ойымша, кез-келген пікірде дәйекті себеп болуы 
қажет 
6,09 (1,08) 
6,18 (1,05) 
Ескерту – Қорытынды эксперимент 
Әр фактор бойынша топтар арасындағы айырмашылық төмендегі 29-
суретте көрсетілген. 
Сурет 29 – Эксперименттен кейінгі «Critical Thinking Skills of Prospective 
Teachers» сауалнамасының шкаласы бойынша мәндер 


140 
Қисық аймақ сандық деректердің таралу тығыздығын көрсетеді. Қара 
сегмент орташа (орталық маркер) және стандартты ауытқуды (бүйірлік 
маркерлер) көрсетеді. Квадрат жақшалардың үстінде P мәндері орналасқан (екі 
таңбалы t-тест). 
Төмендегі 32-кестеде анықтаушы және қорытынды эксперимент 
кезеңіндегі сыни ойлау дағдысын диагностикалау бойынша алынған 
нәтижелердің деңгей бойынша жіктелуі мен топтар арасындағы айырмашылық 
көрсетілген. 
Кесте 32 – Сыни ойлау дағдысын диагностикалау бойынша алынған 
нәтижелердің деңгей бойынша жіктелуі мен топтар арасындағы айырмашылық 
Да
ғд
ы
Деңгейлер 
Бастапқы тексеру 
Сандық/пайыздық 
Қорытынды тексеру 
Сандық/пайыздық 
бақылау 
тобы 
эксперимент
тік топ 
айырмашы 
лық, % 
бақылау 
тобы 
эксперимент
тік топ 
айырма 
шылық, % 
С
ы
ни
ой
ла
у 
Төмен 
22/49% 
20/44% 

19/42

10/22% 
20 
Орта 
15/33% 
16/36% 

17/38

13/29% 
11 
Жоғары 
8/18% 
9/20% 

9/20% 
22/49% 
29 
Берілген нәтижелерге сүйене отырып, сыни ойлау дағдысы бойынша 
бастапқы тексеру мен қорытынды тексерудегі бақылау тобы мен 
эксперименттік 
топ 
арасында 
деңгейлер 
бойынша 
айтарлықтай 
айырмашылықтар 
бар 
екенін 
көруге 
болады. 
Мысалы, 
бастапқы 
диагностиканың нәтижелері бойынша БТ мен ЭТ жоғары деңгейіндегі 
айырмашылық бар жоғы 2%-ды құраса, қорытынды тексерудің нәтижесі 
бойынша айырмашылық 29%-ды құрады.Сондай-ақ, орта деңгей бойынша 
айырмашылық өсімі 8%-ды құрады, яғни бастапқы тексеруде айырмашылық 3 
%-ды құраса, қорытынды тексеруде 11%-ға жеткен. Төмен деңгей бойынша да 
маңызды өзгешеліктер бар, осылайша, бастапқы диагностиканың нәтижесі 
бойынша екі топ арасындағы айырмашылық 5%-ды құрап, қорытынды 
эксперимент нәтижесіндегі айырмашылық 20%-ды көрсеткен. Кестеден көріп 
тұрғандай, сыни ойлау дағдысы бойынша қорытынды экспериментте жоғары 
деңгейді көрсеткен білімгерлер саны едәуір артқан, орта деңгей бойынша 
шамалы кему байқалса, ал төмен деңгейді көрсеткен респонденттер саны күрт 
төмендеген. Бұл көрсеткіштер ЭТ нәтижелерінің жалпы оң динамикасын 
көрсетеді. Әр деңгей бойынша өзгеріс векторлары келесі 30-суретте 
көрсетілген.


141 
а ә 
а – бақылау тобы; ә – эксперименттік топ 
Сурет 30 – Сыни ойлау деңгейі бойынша сандық көрсеткіштер (білімгерлер 
саны) анықтаушы эксперимент (әрбір суреттің сол жақ секциясы) және 
қорытынды эксперимент (оң жақ секция) нәтижелері 
Осылайша, эксперименттік топ қатысушылары бақылау тобындағы 
респонденттерге қарағанда барлық үш фактор бойынша (жүйелілік, өзіне деген 
сенімділік, скептицизм) өздерінің сыни ойлау деңгейін статистикалық тұрғыдан 
айтарлықтай жоғары (P <0,01) бағалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет