«Желтоқсан құрбандарына тағзым етпей өтпеңдер»


Атасы: - Осылай, балам. 1986 жылдың желтоқсанында... Немересі



бет3/13
Дата16.01.2022
өлшемі47.04 Kb.
#454600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
10 сынып дайын

Атасы: - Осылай, балам. 1986 жылдың желтоқсанында...
Немересі: - Не болған ол жылы, ата, не болған?
Атасы: - Бұл жылы, балам... Желтоқсанның аязы мен бірге бір хабар келді


Оқушы

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.
Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.

Оқушы


Қазақ халқы үшін 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» орны ерекше. Бұл көтеріліс – ұлт тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Талай боздақтарды арамыздан ерте алып кеткен қанды желтоқсанға арналған өлең-жырдың көптігі де оның қасиетін айқындап тұрғандай.

Қазақ халқы үшін 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» орны ерекше. Бұл көтеріліс – ұлт тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Талай боздақтарды арамыздан ерте алып кеткен қанды желтоқсанға арналған өлең-жырдың көптігі де оның қасиетін айқындап тұрғандай.

Талай қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кеткен "Құйын − 86" деген атпен желтоқсан оқиғасы баршамыздың мәңгі есімізде қалады. Егеменді еліміздің келешегі үшін жанын пида еткен батыр жастарды ұмытпаймыз!

Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.

Желтоқсан − Қайрат, Ләззат пен Сәбира,



Құрбаны болған жаланың...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет