«Желтоқсан құрбандарына тағзым етпей өтпеңдер»


Немересі: - Сонда, ата Ербол Сыпатаев деген кім, Атасы



бет4/13
Дата16.01.2022
өлшемі47.04 Kb.
#454600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
10 сынып дайын

Немересі: - Сонда, ата Ербол Сыпатаев деген кім,
Атасы: - Тыңда, балам
1 - оқушы:

19 - желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23 - желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын - 86» операциясының құрбаны болды.
Немересі: - Ал Ләззат Асанова

2 - оқушы:

Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің - ау. Еліңнің сен намысы үшін Құрбан еттің жаныңды Мазақ етіп қорлай алмас Ешкім сенің арыңды.
Атасы: - тағы Сәбира деген

3 - оқушы:

Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді. 26 - желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар - намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1 - курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5 - ші қабатынан құлап өлді. Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет