«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет18/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

2.  Шараптың  түрлеріне  сипаттама.  Құрамындағы  спирт  пен  қант 
мөлшері бойынша шараптар және өңделген шарап материалдары белгілі бір 
талаптарға сай болуы керек (1-кесте). Шараптар мен шарап материалдардың 
құрамындағы  титрленетін  қышқылдардың    массалық  концентрациясы  3-8 
г/дм аралығында болуы керек. 
 
1-кесте.  Шараптар  мен  шарап  материалдардың  құрамындағы  спирт  пен 
қанттар 
Шараптар тобы 
Этил спиртінің көлемдік 
бөлігі 
Қанттардың массалық 
концентрациясы 
 
Табиғи 
 
Құрғақ 
9-13 
3 жоғарғы емес 
Құрғақ ерекше 
14-16 
 
Жартылай құрғақ 
9-13 
5-25 
Жартылай тәтті 
9-12 
30-80 
 
Арнайы 
 
Құрғақ 
14-20 
15 жоғарғы емес 
Күшті  
17-20 
30-120 
Жартылай десертті 
14-16 
50-120 
Десертті 
15-17 
140-200 
Ликерлі 
12-16 
210-300 
 
Этил  спиртінің  көлемі,  қанттың  массалық  концентрациясы  және  титр-
ленетін қышқыл мөлшерлері технологиялық нұсқауларда беріледі. 


28 
 
Сорт  бойынша  шараптар  сорттық,  сепаждық  және  купаждық  болып 
бөлінеді.  Сорттық  шараптарды  жүзімнің  бір  ампелографиялық  сортынан 
жасайды  және  сорттың  атымен  атайды,  мысалы;  Алиготе,  Рислинг, 
Ркацители, Кабарне немесе Саперави. Олардың барлығына басқа сорттардан 
сол ботаникалық түрге жататын және түсі де сәйкес келетін жидектерін 15% 
дейін қосуға болады.  
Сепажды  шараптарды  арнайы  плантацияларда  өсірілген  әр  түрлі 
сорттарының  қоспасынан  немесе  өңдеу  кезінде  бірнеше  сорттарды  аралас-
тыру арқылы дайындайды. Мысалы, Токай ассу шарабы Венгрияда жасалады 
(ассу – токай шараптарының бір түрі, изюмделген және семген жидектерден 
дайындалады (Қырымда - Солнечная долина және Черный доктор).  
Купажды шараптар жүзімнің әр түрлі сорттарынан жасалған екі немесе 
бірнеше  шарап  материалдарының  партияларынан  жасалады.  Купаж  құра-
мының  50%-н  алатын  шарап  материалын  базалық  деп  атайды.  Купажды 
шарап түрлері – шампан, бордо, херес, марсала, малага және ароматталған.  
Сақтау уақытына қарай шараптар жас, сақталған, сақталмаған, маркалық 
және коллекциялық шараптар болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет