Өңделген шарап материалдары деп – технологиялық өңдеудің толық
циклынан өткен және екінші шарап дайындау зауытына жіберуді күтіп
тұрған немесе бөтелкелерге құйылуға дайын тұрған шарап материалдары.
Купажды шарап материалдарының қанттылығы, күштілігі, қышқылдылығы
жоғары болуы мүмкін, түсі шамадан тыс қою және дәмі күштірек болып
келеді. Бұлар арнайы шараптар үшін купаждар жасауға араналған шарап
материалдары. Олар құрғақ ашытылған немесе қантты, кейде спирттелген
шырынды (мистель) шарап материалдары.
Шараптарды өндірістік жүйелеуі әмбебап болып келеді. Себебі онда
жалпы дайындау технологиясы және құрамы мен сапа көрсеткіштері белгі-
ленген топтар көрсетілген. Бұл жүзім шараптарын өндіру туралы негізгі
ережелердің, сондай-ақ мемлекеттік және салалық стандарттардың талапта-
рына сәйкес келеді. Шараптарды жүйелеу туралы толығырақ Е.Г Шольцтің,
В.Ф Пономаревтің «Технология переработки винограда» (1990) оқулығынан
алуға болады.
Жүзім және шарап халықаралық ұйымы қабылдаған шараптарды
халықаралық жіктеу бойынша шараптарды дегустациялау және сынау үшін 2
класқа бөлген – қатаң табиғи; арнайы (күштіленген) және ерекше (аромат-
талған). Бұл кез-келген шарапты бірінен соң бірін қоюға (нөмірі бойынша)
мүмкіндік береді, бұл оларды сынауға өте ыңғайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |