Кристалды лайлануға қарсы тұрақтандыру. Шараптағы кристалды
лайланудың алдын-алу үшін К және Са тұздарын тұнбаға түсіруін тездететін
(желімдеу, деметализациялау, суықпен өңдеу) техникалық операцииялар
өткізу керек. Шарап қышқылының тұздарының артығын әдетте шарапты тез
салқындатып, суықта ұстап және ұсақ дисперсті шарап тасының
кристалдарын шарапқа қосу арқылы тұмбаға түсіреді, содан соң фильтрлейді.
Өңделген шараптағы Са концентрациясы 80-100мг/л мөлшерінен аспау
керек. Са артық болса суықпен өңдеу керекті нәтиже бермейді. Са-ді алдын-
ала целлюлоздың фосфорлы эфирі (ФЭЦ препараты) немесе трилон Б
препараты көмегімен байланыстырып бөлу керек. Кей-кезде шарапқа
кристалды лайлануға тұрақтандыру үшін меташарап қышқылын қолданады.
Бұл қышқыл шарапқышқылды тұздардың кристалданып тұнбаға түсуін
тездетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |