«Жеміс шаруашылығы» пәні бойынша ДӘрістер жинағы тараз 2021 ж


Дәріс-11: Екпе ағаштарға тыңайтқыш қолдану



бет36/49
Дата27.01.2022
өлшемі293.91 Kb.
#454887
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
4 дәріс

Дәріс-11: Екпе ағаштарға тыңайтқыш қолдану.

1. Бақтарда тыңайтқыштарды қолдану.

2. Бақты суару жұмыстары.

Бақтарда ең жақсы нәтижеге тыңайтқыштарды 3-4 жылда бір рет, тамырлардың ұштарына жақын, 30-35 см тереңдікке, аралық жылдары дің маңайындағы жолақтарға енгізген де жетеді. Органикалық тыңайтқыштарды тамыр жүйесінің ұштарына жақын енгізу керек. Бұл топырақтың терең мәдениленуіне ықпал жасайды, сондықтан Қазақстанның солтүстігінің құрғақ даласында үлкен мәнге ие. Әр гектарға будан басқа минералды тыңайтқыштар (N30 Р180 К60 кг ә.е.з. мөлшесінде) енгізіледі. Жеміс және жидек өсімдіктері топырақтан өте көп қоректік заттарды пайдаланады.


Жеміс және жидек өсімдіктерінің 1 ц өнімге жұмсайтын негізгі қоректік заттар мөлшері (В.М. Тарасов және т.б. бойынша)

Дақыл

N

P2O5

K2O

Барлығы

Алма

108,7

29,1

116,3

254,1

Алмұрт

153,0

36,9

172,1

362,0

Беже

246,2

83,0

309,2

638,4

Шабдалы

363,4

130,1

350,5

844,0

Алхоры

863,0

342,4

465,7

1671,1

Қара қарақат

863,0

342,4

465,7

1671,1

Қызыл қарақат

661,0

253,7

407,9

1322,6

Қарлыға

438,0

222,2

683,3

1344,3

Бүлдірген

1444,4

320,3

1707,4

3472,1

1 ц өнімге қоректік заттарды ең көп шығындайтын – бүлдірген, ең аз – алма мен алмұрт.

Бақты суару жұмыстары. Жылына 500-700 мм жауын-шашын түссе қалыпты өнім алуға болатыны белгілі. 300-400 мм жауын-шашынның жақсы өнім алуға жеткіліксіз екені айдан анық. Сондықтан ылғалы жеткіліксіз аудандарда, оның ішінде Қазақстанның солтүстігінде де қосымша суландыру қажет. Суландыру бақтың өнімділігі 1,5-2 есе арттырады. Суландыру тәсілі мен техникасы Бақты суландырудың бірнеше тәсілі бар: ұялап, атыздап, хауыздап (алаңшықтап), жаңбырлатып және т.б. Ұялап суарғанда суландыру суы дің айналасына біркелкі беріледі. Суландырудың бұл тәсілі бақты шалғындандырып ұстау жүйесінде қолданылады. Атыздап (шөнектеп) суландыру бақтың қатараралықтарында тереңдігі 20-25 см атыздармен жүргізіледі. Атыздарды, су бөлетін арналарға көлденең, арнаулы атызжасағыш культиваторлармен жасайды. Бұл тәсілде су топыраққа тереңдеп және атыздардың шеттерінен де сіңеді. Атыздардың арақашықтығы 70-100 см. Суландырғаннан кейін, су топыраққа жеткілікті сіңірілгенде, атыздарды көмеді. Суландырудың бұл тәсілінде барлық жұмыс механикаландырыл-ған. Суландырудың бұл тәсілі тиімділердің бірі, себебі су тамыр жайылатын қабатқа біркелкі сіңеді. Хауздап суландырғанда ағаштар арасында, бақты шаршы немесе тікбұрышты алаңшықтарға бөлетін топырақ үймелері жасалынады. Су әр ағаштың немесе ағаштар тобының қасында жасалынған хауыздарға жіберіледі.

Жаңбырлатып суландыру жердің кез келген бедерінде жүргізіледі. Ол ауаның ылғалдылығын көтереді, оны жеміс ағаштарының гүлдену кезеңіндегі бозқыраулармен күресуге қолдануға болады.

Жаңбырлатқанда суландыру мөлшері 300-500 м3/га. Жаңбырлатып суарғандағы су тамшыларынан топырақ құрылымы бұзылмас үшін КСНД-10 құрылғысымен тәуліктік су берілуін 10-нан 80 м3/га болатындай етіп сәйкесті – серпінді (синхронды-импульсті) жаңбырлатуды қолданады.

Суландыру суынан айтарлықтай үнемдеуді ұсақбытыраңқылап (ұсақдисперсиялық) суландыру тәсілі береді. Бақты ұсақбытыраңқылап суландыруды (тамшының мөлшері 100-150 мкм), тамшылар жапырақтың тақтасын толық қамтығанша жүргізеді. суды беруді және оның бүркілуін бірнеше минут бойы, судың булану қарқындылығына байланысты аралығын 20 минуттан 60 минутқа дейін, жалғастырады.

Суландыру суын үнемді пайдалану және суландыруды автоматтандыру үшін тамшылату және топырақішілік суландыру тәсілдері қолданылады. Тамшылатқыш топырақ үстінде немесе топырақта, 30-35 см тереңдікте орналастырылады. Осылай суландырғанда берілетін судың мөлшері жаңбырлатумен салыстырғанда 1,5 есе кемиді, топырақтың тікелей тамыр орналасқан аймағы ықшам суланады, суландыруды автоматтандыру мүмкіндігі қамтамасыздандырылады.

Топырақ ішінен суландырғанда су топырақ ішінен жүргізілген құбырмен келеді. Мұнда, басқа тәсілдерге тән судың шығыны болмайды, суландырумен қатар басқа да агротехникалық тәсілдерді жүргізу мүмкіндігі туындайды.

Суландыру мөлшері, мерзімі және саны климат және топырақ жағдайына; суландыру алдындағы топырақтың дымқылдығына және су ұстағыш қуатына, сондай-ақ жеміс ағаштарының тегіне, телітушісіне, жасына және өнімділігіне байланысты.

Жеміс ағаштарының тамырлдарының негізгі массасы таралатын тереңдікке дейін жақсы ылғалдануы үшін жаппай атыздандырып суландырғанда әр гектарға 500-600 м3 су (жас бақтарды айналдыра атыздап суарғанда суландыру суын 250-300 м3/га дейін азайтады), ал күзде дымқылдық суландыруға суландыру мөлшері молырақ болады (800-1000 м3/га және одан да жоғары).

Күзде дымқылдық суландыру ұқыпты жүргізілсе ерте көктемдік суландыруды жүргізудің қажеті болмайды. Бірінші суландыруды өркендердің күшті өсуіне (маусымның басы) тұстастыру керек, екіншісін – жатындарының физиологиялық шашылуына (маусымда), үшіншісін – жемістердің күшті өсуіне (шілде) және төртіншісін – жемістердің пісіп-жетілуінің алдында (тамыздың алғашқы жартысында). Өсінді кезеңінде төрт рет суарғанда, оны, маусымның алғашқы күндерінде бастайды, әрбір 20 күннен кейін жүргізеді, үш рет суарғанда – бір айда бір рет.

Қазақстанның солтүстігінде жас бақтарды тамыздың 10-нан кейін суаруға болмайды, ал жеміс беретіндерін – 20 тамыздан кейін. Күзгі дымқылдық суаруды дұрысы қазан айының 5-нен 20-на дейін жүргізу керек (А.А.Гудзенко). Топырақты 1,5-2 м дейін дымқылдандырады; суландыру мөлшері 1500-2000 м3/га.

Бақтарды суландырғанда телімдерді су басуына жол беруге болмайды, ыза суының деңгейіне бақылау қойылады. Суландыру суының артық мөлшері топырақты сорлануға және батпақтануға бастайды, аурулардың дамуына және ағаштардың опат болуына жетелейді.

Су эрозиясының және топырақтың екінші рет сорлануының

алдын алу шаралары

Су эрозиясының және топырақтың екінші рет сорлануын болдырмау мақсатында мынадай агротехникалық шаралар жүргізіледі: топырақты борпаң күйде ұстау, органикалық тыңайтқыштарды енгізу; сортаңданған топырақтарға ғаныш енгізу; дымқылдық суландыру. Суға ерігіш тұздардың артығын аластау үшін сумен шаю жүргізіледі. Мұндайда тұздар ериді де топырақтың төменгі қабатына ауысады немесе керіз жүйесімен телімнен тысқары шығарылады.

Топрақтың батпақтануының алдын алу үшін ыза суының көтерілуіне жол бермейтін, ең алдымен ыза суларын тысқары шығаратын және олардың деңгейін төмендететін кәріз жүйесін қалыптастыратын шараларды қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет