6-1-тарау. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі
39-1. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін есептеу мақсаттары үшін сақтандыру тобының қатысушылары деп Заңның 3-бабының 23-2) тармақшасына сәйкес сақтандыру тобына жататын заңды тұлғалар танылады.
39-2. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының нормативін есептеу мақсаттары үшін сақтандыру тобының қатысушысы тұрған елінің уәкілетті органы пруденциялық реттеу мақсатында пайдаланатын қаржылық және (немесе) реттеушілік есептілігінің стандарттарына сәйкес жасалған сақтандыру тобы қатысушыларының жинақталмаған қаржылық есептілігі пайдаланылады.
39-3. Сақтандыру тобының нақты төлем қабілеттілігі маржасы сақтандыру тобы бас ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) нақты мөлшерінің және сақтандыру тобының басқа қатысушыларының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталдарының) нақты мөлшерінің сомасын білдіреді.
Сақтандыру тобының нақты төлем қабілеттілігінің маржасын есептеу мақсаттары үшін сақтандыру тобы қатысушысының нақты төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) нақты мөлшерінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына инвестициялар, заңды тұлғалардың реттелген борышы, сондай-ақ заңды тұлғалардың меншікті капиталына өзге салымдар алып тасталады.
Сақтандыру тобы қатысушысының нақты төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталынан) мөлшерінен алып тасталған инвестициялар сомасы уәкілетті органның сақтандыру тобы қатысушысының төлем қабілеттілігі маржасының (жарғылық капиталы) жеткіліктілігіне талаптарына сәйкес осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген инвестицияларға енгізілмейді.
39-4. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері сақтандыру тобы бас ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) барынша төмен мөлшерінің және сақтандыру тобының басқа қатысушыларының төлем қабілеттілігі маржаларының (меншікті капиталдарының) барынша төмен мөлшерлерінің сомасын білдіреді.
39-5. Сақтандыру тобы қатысушысының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) нақты және барынша төмен мөлшерлерін есептеу тәртібі уәкілетті органның сақтандыру тобының осы қатысушысының пруденциялық нормативтерін есептеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес айқындалады.
Сақтандыру тобы қатысушысының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) барынша төмен мөлшері сақтандыру тобының қатысушысына қатысты пруденциялық нормативтерді есептеу тәртібін реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентіне көбейтілген салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген сақтандыру тобы қатысушысының активтері және (немесе) шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасына тең болады.
Егер қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру тобы қатысушысы үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерді және (немесе) шартты және ықтимал міндеттемелерді есептеу тәртібі белгіленбесе, төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) барынша төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) жеткіліктілігі нормативін (коэффициентін) орындау үшін қажетті төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) мәніне тең болады.
Егер сақтандыру тобының қатысушысына қатысты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) жеткіліктілігі нормативін (коэффициентін) есептеу тәртібі белгіленбесе, онда осы қатысушы бойынша:
төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) нақты мөлшері қаржылық есептілігі негізінде активтер мен міндеттемелердің айырмасы ретінде анықталады;
төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) барынша төмен мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
ТММ = А*0,14,
мұнда:
ТММ - сақтандыру тобы қатысушысының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) барынша төмен мөлшері;
А - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі №358 «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3824 тіркелген) талаптарына сәйкес салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген сақтандыру тобы қатысушысының активтері және (немесе) шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасы.
Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша активтер, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша құрылған резервтер (провизиялар) сомасына азаяды.
Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерлейтін сақтандыру тобы қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері сомасының есебіне сақтандыру тобы қатысушыларының бір біріне қоятын талаптары кіргізілмейді.
39-6. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру тобы қатысушысының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) нақты және барынша төмен мөлшері тиісті мемлекеттің уәкілетті органының ол тұрған елде оның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актісінде анықталады.
Егер Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру тобының қатысушысына қатысты төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) нақты және барынша төмен мөлшерлері оның орналасқан елінде белгіленбесе, онда төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) нақты және барынша төмен мөлшерлері осы Нұсқаулықтың 39-5-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес анықталады.
39-7. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі мынадай формула бойынша есептеледі:
НТҚМ
ТҚМЖН = ----------------- >= 1,
ТҚМБТМ
мұнда:
ТҚМЖН – сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі;
НТҚМ – сақтандыру тобының нақты төлем қабілеттілігі маржасы;
ТҚМБТМ – сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері.
Сақтандыру тобының нақты төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі бірден кем болмауы тиіс.
7-тарау. Активтерді әртараптандыру нормативтері
40.АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН.
41. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерді әртараптандырудың мынадай нормативтерін сақтайды:
1) бағалы қағаздарға жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда), екінші деңгейдегі бір банктегі және осы банктің аффилиирленген тұлғаларындағы салымдар мен ақша - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;
2) бағалы қағаздарға жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда), екінші деңгейдегі банкке жатпайтын бір заңды тұлғадағы және осы заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғаларындағы ақша - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;
2-1) мемлекеттік мәртебесі бар, шетел мемлекетінің орталық үкіметі шығарған бағалы қағаздарға жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда) - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;
2-2) осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген тізбеге кіретін халықаралық қаржы ұйымының бағалы қағаздарына жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда) - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің қатысуымен отыз күннен аспайтын мерзімге жасалынуы мүмкін және тек автоматты тәсілмен ғана жасалынатын «кері РЕПО» мәмілелері - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің отыз пайызынан аспайды;
4) тазартылған қымбат металдар және металды депозиттер – 12 айдан аспайтын мерзімге қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;
5) «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының сақтанушыларына беретін заемдарының жиынтық мөлшері қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспауы тиіс;
6)-тармақша алынып тасталсын;
7) бір инвестициялық қордың пайларына инвестициялардың жиынтық мөлшері – қайта сақтандыру активтерін шегергенде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерінің он пайызынан астам емес;
8) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздарыны жиынтық орналастыру - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды.
41-1. Осы Нұсқаулықтың 41-тармағында көрсетілген әртараптандыру нормативтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бағалы қағаздарына тарамайды.
8-тарау. Хеджирлеу құралдарын пайдалану шегі
42. Хеджирлеу объектісі болып осы Нұсқаулықпен белгіленген мөлшердегі активтер есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдары түсіндіріледі.
Хеджирлеу деп қаржы құралдары арқылы мәміле жасау жолымен сақтандыру
ұйымында кіріс немесе шығынның пайда болу жай-күйінен бағаның, айырбас бағамдарының, сыйақы мөлшерлемесінің немесе өзге де мүмкін көрсеткіштердің өзгеруі кезіндегі тәуекелдерден мүліктік мүдделерді қорғау түсіндіріледі.
43. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мынадай хеджирлеу құралдарын пайдалана алады: фьючерс, опцион, своп. Хеджирлеу құралдарын пайдалану шегі осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 2) - 13) тармақшаларында белгіленген хеджирлеу объектісіндегі (базалық актив) инвестиция мөлшері осы Нұсқаулықтың 44-тармағында белгіленген талаптарды ескеріп, төмендегі кестеде белгіленген мәннен аспауы тиіс:
№
|
Хеджирлеу құралының атауы
|
Пайдалану шегі
|
1
|
Фьючерс
|
50%-дан артық емес
|
2
|
Опцион
|
50%-дан артық емес
|
3
|
Своп
|
50%-дан артық емес
|
Хеджирлеу құралы ретінде хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын қаржы құралдары түсіндіріледі.
44. Хеджирлеудің бірнеше құралы пайдаланылған кезде оларды пайдаланудың жиынтық шегі хеджирлеудің әрбір құралына қатысты белгіленген хеджирлеу объектісіндегі инвестицияның мөлшерінің мәнінен аспауы тиіс.
Хеджирлеу операцияларын есептеу және көрсету, сондай-ақ сақтандыру
ұйымының оның қаржылық есеп беруі бойынша кірісі және шығыны қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
8-1-тарау. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері. Өздігінен ұстап қалудың барынша төмен мөлшері және оны есептеу тәртібі
44-1. Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті ұстап қалудың барынша жоғары мөлшерін жеке сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты бойынша, сондай-ақ әрбір жеке сақтандыру тәуекелі бойынша есептейді және ол сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының нақты мөлшерінен аспауы тиіс.
Бұл ретте қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан немесе қызметі үшінші тұлғаларға нұқсан келтіру қауіпіне байланысты болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды қоспағанда, міндетті сақтандыру шарттары өздігінен ұстап қалуда болады не қайта сақтандыруға Қазақстан Республикасының резиденті қайта сақтандырушыларға тапсырылады.
44-2. Топтық сақтандыру кезінде осы Нұсқаулықтың 44-1-тармағында көрсетілген есептеу әрбір сақтандырылушы бойынша жеке жүргізіледі.
44-3. Ортақ сақтандыру кезінде осы Нұсқаулықтың 44-1-тармағында көрсетілген есептеу әрбір ортақ сақтандырушының сақтандыру сомасының үлесіне қарай есептеледі.
44-4. Қайта сақтандыру ұйымдарына сақтандырудың бір сыныбы бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде, сақтандырудың (қайта сақтандырудың) қолданыстағы шарттары бойынша қайта сақтанушы (цедент) алуына есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері сақтандырудың (қайта сақтандырудың) қолданыстағы шарттары бойынша қайта сақтанушы (цедент) алуына есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшерінің 25 (жиырма бес) пайыздан кем болмауы тиіс.
44-5. Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымдарына сақтанушы (цедент) олардан алуына есептелген комиссиялық сыйақыны шегергенде,қайта сақтандырудың қолданыстағы шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша алуына есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшерінің 60 (алпыс) пайызынан аспайды.
44-6. 44-4 және 44-5-тармақтарында көрсетілген шектеулер жауапкершілік көлемі сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының нақты мөлшерінен аспайтын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарына таралмайды.
9-тарау. Пруденциалдық нормативтердің орындалуы
туралы есептердің есебі және оларды беру
45. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға пруденциялық нормативтердің есептеуін мынадай кезеңдікпен береді:
2011 жылғы 1 қаңтарға дейін:
ай сайын, есепті айдан кейін келетін айдың бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей – осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша пруденциялық нормативтердің есебін, сондай-ақ пруденциялық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтерді (бұдан әрі – қосымша мәліметтер) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша;
әр онкүндік сайын, айдың есептік онкүндігінен кейін келетін онкүндіктің бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей – осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша жоғары өтімді активтер жеткіліктілігінің есебін;
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап:
ай сайын, есепті айдан кейін келетін айдың бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей – осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша пруденциялық нормативтердің есебін, сондай-ақ қосымша мәліметтерді;
онкүндік сайын, айдың есепті онкүндігінен кейін келетін онкүндіктің екінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша пруденциялық нормативтердің есебін, сондай-ақ қосымша мәліметтерді;
онкүндік сайын, айдың есепті онкүндігінен кейін келетін онкүндіктің екінші жұмыс күні, айдың бірінші, оныншы, жиырмасыншы күндердегі жағдай бойынша Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей – осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігінің есебін.
Сақтандыру тобының бас ұйымы уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейін келетін екінші айдың бірінші күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей қаржы ұйымы болып табылмайтын сақтандыру тобы қатысушыларының қаржылық есептілігін қоса тіркей отырып, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің есебін береді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің есебі қағаз тасымалдағышта беріледі.
Қосымша мәліметтер мен сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің есебі қағаз және электронды тасымалдағышта беріледі.
Электронды тасымалдағыштағы қосымша мәліметтер ұсынылатын деректердің құпиялылығы мен түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.
Электронды тасымалдағыштағы сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің есебі ұсынылатын деректердің құпиялылығы мен түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.
Қағаз тасымалдағыштағы есепті күндегі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің есебіне және қосымша мәліметтеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қол қояды және мөрмен расталады да уәкілетті органға беріледі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталады.
Қағаз тасымалдағыштағы есепті күндегі жағдай бойынша сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің есебіне сақтандыру тобының бас ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қол қояды және мөрмен расталады да уәкілетті органға беріледі, сондай-ақ сақтандыру тобының бас ұйымында сақталады.
Электронды тасымалдағышта ұсынылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есебіндегі деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері не сақтандыру тобы бас ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қамтамасыз етеді.
Электронды тасымалдағышта ұсынылатын сақтандыру тобының есебіндегі деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін сақтандыру тобының бас ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері не сақтандыру тобы бас ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қамтамасыз етеді.
Уәкілетті органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы не сақтандыру тобының бас ұйымы сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей белгіленген күндегі жағдай бойынша есептілігі қағаз тасымалдауышта береді.
Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің есебіне Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру тобы қатысушыларының олар тұрған елде олардың қызметін реттейтін уәкілетті тиісті мемлекеттің органының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген пруденциялық нормативтерін есептеу әдістемесі, нормативтік мәндері туралы мәліметтер қоса беріледі.
Сақтандыру тобының өткен жылғы төртінші тоқсанындағы төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің есебі уәкілетті органға есепті жылдан кейін келетін жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей беріледі.
46. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пруденциалдық нормативтердің есебін осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4 және 6-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша алдыңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша әр бір жұмыс күні жүргізеді. Пруденциалдық нормативтердің қағаз жеткізушідегі есебіне бірінші басшы (ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам), бас бухгалтер қол қояды, мөрмен расталады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталады.
Уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру
ұйымы сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, пруденциалдық нормативтердің есебін қағаз тасымалдауышта ұсынады.
47. Есепті және қосымша мәліметтерді жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есептегі және қосымша мәліметтердегі бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан артық сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі, нақты төлем қабілеттілігі маржасының нормативтері және сақтандыру резервтерін жабатын активтерді әртараптандыру нормативтері жүзге дейін дөңгелектенеді. Егер жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативтерінің және нақты төлем қабілеттілігі маржасының дөңгелектенген мәні 1,00-ден кем болса немесе әртараптандырылған нормативтердің дөңгелектенген мәні осы Нұсқаулықтың 40,41 тармағында белгіленгеннен артық болса, онда аталған нормативтер бұзылған болып есептеледі.
47-1. Сақтандыру ұйымы күн сайын әр бір бағалы қағаз, эмитент, қайта сақтандыру ұйымы бойынша рейтингтік бағаларына, сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор биржасы) бағалы қағаздар санаттарына мониторингті жүзеге асырады. Есепті жүргізгенде және есептерді бергенде есептік кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қор биржасының рейтингтік бағасы мен бағалы қағаздардың санаты қолданылады.
48. Уәкілетті орган түзетулері бар және өшіріліп тазартылған есептер мен қосымша мәліметтерді қабылдамайды және қайтарып береді.
49. Есептілікке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажет болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы не сақтандыру тобының бас ұйымы есепті берген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтініш береді.
Есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған жағдайда уәкілетті орган ол туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын не сақтандыру тобының бас ұйымын хабардар етеді. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы не сақтандыру тобының бас ұйымы уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып, жетілдірілген есептілікті береді.
10-тарау. Қорытынды ережелер
50. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша шешіледі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулыққа 1-қосымша
_________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
20___ жылғы «___» ___________ жағдай бойынша
Қазақстан Республикасының резидент емес - қайта сақтандырушысының рейтингтік бағасын ескере отырып сараланған Қазақстан Республикасының резиденті емес - қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға берілетін сақтандыру сыйлықақыларының сомасы
(мың теңгемен)
Қайта сақтандыру ұйымының атуы
|
Қазақстан Республи-касының резиденті емес - қайта сақтандырушысының Standard and Poor's агенттігінің халықара-
лық шәкілі бойынша немесе басқа рейтингтік агенттіктің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы не қайта сақтандыру шартының талаптары
|
Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген (беріліп отырған) сақтандыру сыйлықақыларының сомасы, барлығы (мың теңге)
|
Төлем қабілетті-
лігі маржасының немесе кепілдік беру қорының барынша
төмен мөлшерінің
өсу пайызы
(қайта
сақтандыруға берілген (беріліп
отырған) сақтандыру
сыйлықақылары сомасы бойынша)
|
Төлем қабілеттілігі маржасының
немесе кепілдік
беру қорының
барынша төмен
мөлшерінің өсу
сомасы
(мың теңге)
(3*баған 4 баған)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1-топ
|
«АА»- немесе жоғары
|
|
0%
|
|
|
|
|
|
|
2-топ
|
«А+»-тен «А-» бойынша
|
|
10%
|
|
|
|
|
|
|
3-топ
|
«ВВВ+»-тен «ВВВ-» бойынша
|
|
20%
|
|
|
|
|
|
|
4-топ
|
«ВВ+»-тен «ВВ-» бойынша
|
|
50%
|
|
|
|
|
|
|
5-топ
|
«В+»-тен «В-» бойынша
|
|
100%
|
|
|
|
|
|
|
6-топ
|
осы Нұсқаулықтың 33-1-тармағында көрсетілген белгілерге сәйкес қайта сақтандыру шарттары
|
|
200%
|
|
|
|
|
|
|
Жиынтығы:
|
ххх
|
|
ххх
|
|
Берілген (беріліп отырған) сақтандыру сыйлықақылары сомасына төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшерінің өсу сомасын есептегенде, осы Нұсқаулықтың 35-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің халықаралық шәкілі бойынша бар болған рейтингтік бағаның барынша төмен рейтингі қолданылады.»
Бірінші басшы (ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам)_________________________________________________________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер______________________________________________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Орындаушы: ________________________ ________ __________________
(лауазымы, тегі мен аты) (қолы) (телефон нөмірі) Есепке қол қойылған күн 20_____ жылғы «_____» __________ .
Мөрдің орны
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының пруденциалдық нормативтер
есебінің нормативтік мәні мен
әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық
нормативтердің орындалғандығы
жөніндегі есепті беру нысандары
мен мерзімі туралы Нұсқаулықтың
2-қосымшасы
Достарыңызбен бөлісу: |