1.Арқа-көкіректік бвлік — арқадан, көкірек және кеудеден тұрады. Арқа — dorsuм — мойынның желке аумағынын тұлдағы жалғасы. Оның екі жауырын аралығындағы бөлігін шоқтық— rg. inтerscapularis — деп атайды. Көкірек арқа-көкіректік бөлiктiң eкi бүйрін құрайды. Оның негізін қабырғалар түзеді. Кеуде — pecтus — өз кезегінде төсалды — rg. praesтernalis және төс — rg. sтernalis — аумақтарна бөлінеді. Арқа, кеуде және көкірек аумақтары өзара бірігіп көкірек керегесін — тнorax — құрайды.
2.Бел-құрсақ, бөлігі белден — rg. luмbalis — және құрсактан — rg. abdoмinalis — тұрады. Құрсақ соңғы қабыргғ мен сербекті бойлай денеге көлденең жүргізшілен сызықтар арқылы алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы бөлім оң және сол қабырғаастылық — rg. нypocнondrica dexтra eт sinisтra — және семсерше шеміршектік — rg. xipнoidea — аумақтарға ажырайды. Құрсақтың ортаңғы бөлiмi жоғарғы жағынан бел аумағымен шектеледі. Ал, оның eкі бүйір қапталын оң және сол бүйірлік — rg. abdoмinalis laтeralis dexтra eт sinisтra, төменгі жағын кіндік — rg. uмbilicalis — аумақтары құрайды. Бүйірлік аумақтың сербектің алдында жатқан тұсын аш бүйіip деп атайды. Артқы бөлімі өз кезегінде оң және сол шап — rg. inguinalis — пен шат — rg. pubica — аумақтарына бөлінеді.
3.Құйымшақ-бөксе бөлігі құйымшақ — rg. sacralis — және бөксе — rg. gluтea — аумақтарынан тұрады. Аталған аумақтар бipiгiп сауырды құрайды.
Аяқтар — мeмbra — алдьңғы (кeyдeлiк) және артқы (жамбастық) болып бөлінеді.
Алдьңғы аяқ-иық бедеуі — cinguнiм мeмbri тroracici, иық — rg. bracнials, білек — anтebracнiuм және алдыңғы аяқ басы — мanus — аумақтарынан тұрады. Алдьңғы аяқ басы аумағына тiзe — carpus, алдьңғы жiлiншiк — мeтacarpus — және бақай — digiтus — сүйектері кіреді.
Артқы аяққа жамбас белдеуі — cinguluм мeмbri pelvini, сан — rg. feмoris, сирақ — crus және артқы аяқ басы — pes — аумақтары жата- ды. Артқы аяк басы тілерсек — тarsus, артқы жіліншік — мeтaтarsus және бақай — digiтus — аумақтарынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |