және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет9/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91
МОРФ КИТАПП

4).Түтікше құрылым заңдылығы. Жануарлар организмнің эмб- риональды даму кезеңінде денені құраушы кейбір жүйелер түтікше құрылымдардан өсіп жетіледі. Мысалы, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, көбею мүшелер жүйелері. Ересек организмдерде де көптеген мүшелердің пішіні түтік тәріздес болып келеді. Олардың өздеріне тән қуысы және үш қабаттан тұратын қабырғасы болады. Мүшелердің түтікше құрылымы организмдегі материалды үнемдеу заңыньң тікелей кепілі.
ҚАЛЫПТЫЛЫҚ , ӘРКЕЛКІЛІК ЖӘНЕ АУЫТҚУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ТYCIНIK
Қалыптылык (норма) деп белгілі бip түрге жататын жануарлар дене құрылысындағы жиі кездесетін әркелкілктерді айтады. Қалыптылықтың әркелкі болуын жануарлардың үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта әсерлеріне бейімделуі нәтижесінде туатын өзгергіштіктермен түсіндіруге болады.
Әркеліктер (варианттар) деп сыртқы орта әсерлері нәтижесінде пайда болған белгілі бip қалыптылықтың түрлерін айтамыз. Әркелкілік әдетте, мүшелердің салмағына, көлеміне және сыртқы құрылысына тән құбылыс. Егерде, әркелкілік организмнің тіршілік қабілетін арттыратын жағдайда болса, онда оны прогрессивіқ ал керісінше, оның өткен даму жолдарын тек қайталайтын болса онда — регрессивік әркелкілік деп аталады. Кейбір айқын белгіленнген регрессивтік белгілер атавизм (aтavus — ататек) деп аталады. Мысалы, сиырда үшіншіi жұп емшектің болуы, құлынньң зебр түстес болып келуі.
Ауытқушылықтар (аномалиялар) деп мүшелердің немесе дене бөл1ідері құрылысының қалыптылықтан ауытқуын айтады. Ауытқушылықтар негізнен организмнің тіршілік әрекетіне әсерін тигізбеуі де мүмкін. Ал, кейбір дене мүшелерінің нашар жетіуі не­месе олардың тіптіi болмауы организмнің тipшілік жағдайының бұзылуына әкеліп соғады. Бұндай ауытқушылықтарды кемістік (уродства) деп атайды. Мысалы, аяқтардын,ішкі ағзалардын болмауы немесе артық болуы (eкi дене, бip бас; eкi бас, бip дене; артық аяқтар).
ДЕНЕНІҢ КЕЙБІР АУМАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
АТАУЛАР
Үй жануарлар организмін оқу барысында дененін кейбір аумақтарында (баста, аяқтарда) жоғарыда баяндалған атауларды то- лығымен қолдануға болмайды. Мысалы, дененің бас аумагының негізін бассүйек — craniuм — құрағандықтан, краниальды бағыттың орнына оральды (or — ауыз)—ауызға қарай, назальды (nasus — мұрын)—мұрынга қарай немесе ростральды (rosтruм — танау)—танауға қарай, ал оған кepi каудальды бағытты аборальды (ab — кepi, or — ауыз) деген атаулар колданылады.
Алдыңғы және артқы аяқтарда қолданылатын атаулардың да өзіндік epeкшeлiктepi бар. Аяқ бөлімдерінің тұлғаға жаткан жоғарғы бөлiгi проксимальды (proxiмalis — жақынырақ), ал, кepiciншe, тұлғадан алысырақ жатқан төменгі бөлігі дистальды (dislalis — алысырақ) деп аталады. Алдыңғы аяқта оның төрт бeТi ажыратылады. Олар: сыртқы — латеральды,ішкі — медиальды, ал­дыңгы — дорсальды және артқы — пальмарлы (palмaris — алақан) беттер. Сол сияқты артқы аяқтың да төрт бeтi болады. Олардың үшеуі алдыңғы аяқтағыдай — дорсальды, латеральды, медиальды бет­тер деп аталынса, артқы бeтi — плантарлы (planтaris — табан) бет деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет