Қалыпты анатомия — организмнің құрылыс заңдылықтарын анықтау барысында ересек жануарлардан алынған мәліметтерге сүйенеді.
Жүйелі анатомия — организм мүшелерінің пішінін, құрылысын, орналасу орнын, олардың атқаратын кызметтеріне байланысты біріктіріп, жүйелерге топтастыра қарастырады. Мысалы, тері жабыны, тipек-қимыл, ас қорыту, тыныс алу т. б. жүйелер.
Топографиялық анатомия — дененің белгілі бip аумағындағы әр турлі жүйелер мүшелерінің пішінін, құрылысын, олардың осы аумақтағы өзара арақатынасы мен орналасу тәртібіне байланысты зерттейді. Анатомияның бұл түрі тиянақты меңгеру мал дәрігерлеріне хирургиялық (оташылық) емдеу тәсілдері жолымен мүшелерді тез табуға, олардагы дерттерді анықтау мен емдеу жұмыстарын жүргізгенде көп көмегін тигізеді. Топографиялық анатомияны синоптия (syn — бipгe, тopos — орын) деп те атайды.
Салыстырмалы анатомия — әр түрлі типтер мен кластарға жа- татын жануарлар организмдері мүшелерін, олардың жүйелерін салыстырмалы түрде зерттейді Мысалы, ішекқуыстылар, құрттар, буынаяқтылар, хордалылар т. б. типтерге жататын жануарлардың жеке мүшелері немесе мүшелер жүйелері салыстырмалы турде карастырады. Осының нәтижесінде салыстырмалы анатомия зерттелген мүшелер белгілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарына негізделген заңдылыктарды пайдалана отырып, жануарлар дүниесінің шығу тегі мен тарихи дамуы туралы мәліметтерді анықтайды. Осы мәліметтердің негізінде жануарлар организмінің ұзақ тарихи даму процесі — филогенез (pнylon — туыс, . genesis — шығу тек) қалыптасады. Филогенезде жануарлардың төменгі сатыдағы қарапайым түрінен жоғары сатыдағы күрделi организмдерге дейін құрылысы мен даму ерекшеліктері зерттеледі.
Түр анатомиясы — әр түрлі түрге жататын, мысалы, жылқы, кой, сиыр, шошка т. б. жануарлар организимдері мүшелерінің құрылысын салыстырмалы жағдайда зерттейді
Жас анатомиясы жануарлардың дене құрылысын олардың жас ерекшеліктеріне байланысты аныктайды.
Жас анатомиясы мәліметтерінің негізінде онтогенез (onтos — заты, мәні; genesis — шығу тек) қалыптасады. Онтогенезде жеке организмінің пайда болған кезеңінен өмipiнiң сонына дейігі уақыт аралығындағы кұрылыс және даму ерекшеліктері зерттеледі
Онтогенездегі организмнің ұрықтанғаннан бастап, туғанға дейінгі аралық мерзім ішіндегі қалыптасу, осу, даму барысындағы дене құрылысы заңдылықтарын эмбриология (eмbrion — ұрық) iлімi анықтайды. Онтогенездің осы мерзімін эмбриональдық кезең дейді. Ал, төлдің туғаннан өмipiнің соңына дейінгі тіршілік аралығын
Постнатальдық (posт — кейін, naтus — туу) кезең деп атайды. Аталған мерзім жануарлардың өсу, есею, ұрпақ беру, қартаю кезеңдерін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |