және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет4/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
МОРФ КИТАПП

ЖАНУАРЛАР АНАТОМИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
Жануарлар анатомиясының ғылым ретінде қалыптасуына көптеген ғалымдар өз еңбектерімен үлес қосты. Көне дәуірдеп ғылыми еңбектер негізінен жылқы малынын дене құрылысын зерттеуге арналған. Оларға: Д. Руффо (1250), Леонардо да Винчи (1488), В. Койтер (1573), К. Руини (1598) енбектерін жатқызуға болады. Үй жануарларынын анатомиясы туралы бірінші оқу құралын 1645 жылы итальян ғалымы М. Северино жазған.
Мал дәрігерлік мамандығының ғылыми негізін француз ғалымы К. Буржель (1712—1779) қалаған еді. Ол жылқы анатомиясы туралы алғашқы оқу құралын жазып шыққан.
Дегенмен, жануарлар анатомиясының жеке ғылыми сала ретінде қалыптасуы мал дәрігерлік мектептерінің ашылуымен тікелей байла- нысты болды. Бұндай мектептер Россияда 1733 жылы, Францияда 1761 және 1765 жылдары ашылды.
Россияда уй жануарлары анатомиясы жеке пән ретінде XVIII ғасырдың 70-шi жылдарынан бастап Москва университетінде оқытыла бастады. Бұл пәннен бірінші болып дәріс берген және оның алғашқы оқу құралын 1804 жылы жазған И. С. Андреевский (1759—1809).
1808 жылы Петербург медико-хирургиялық академиясы жанында мал дәрігерлік бөлім ашылды. Оның үй жануарлары анатомиясы ка- федрасын И. Д. Книгин (1773—1830) ұйымдастырды. Дәл осындай бөлім мен анатомия кафедрасы 1811 жылы Москва университетінде ашылды. Кафедраның тұңғыш мeңгepyшici болып Б. К. Мильгаузен (1782—1854) сайланды. Б. К. Мильгаузенің шәкірті А. И. Кикин кейінен кафедра басшысы кызметінде жүріп, алғаш рет мазмұнды eкi томдық жануарлар анатомиясы туралы оқулық жазып шықты (1837—1839).

Орыс мал дәрігерлік ғылымын, оның ішінде жануарлар анатомия- сын дамытуға зор үлес қосқан, орыс зоотомия саласының негізін салған талантты ғалым, Петербург медико-хирургиялык академиясы- ның академигі В. И. Всеволодов (1790—1863) болды. Ол 1846—1847 жылдары жануарлар анатомиясынын eкi томдык оқулығын жазды. Оның шәкірті А. О. Стржедзиньский (1823—1882) 1852 жылдан бастап анатомия кафедрасын басқарып, 1862 жылы жануарлар анатомиясы оқулығының бірінші бөлімін жазды. А. С. Измайлов (1833—1901) анатомияны дамытуда көп еңбек сіңірді. Ол Лейзерингтін жылқы ма­лы анатомиясы мен атласын орыс тілше аударып, 1879 жылы уй жа- нуарлары анатомиясы окулығын жазды.


А. С. Измайловтың Варшава мал дәрігерлік институтына ауысуы- на байланысты кафедраны "Уй сүткоректіпері анатомиясы" деген оқулықты жазған оқымысты Э. К. Брандт (1839—1891) басқарды.
1849 жылы Тарту, 1851 жылы Харьков қалаларында жеке мал дәрігерік мектептер ашылды. Харьков мектебі 1873 жылдан бастап жоғары оқу орнына айналды. Дәл осы кезеңде Россияда Қазан мен Варшава қалаларында да мал дәрігерлік институттар ашылган бола- тын.
Россия жануарлар анатомиясың дамыту тарихында аса кернекі орынды, мал дәрігерлік анатомдар мектебінің төл ағасы, Қазан мал дәрігерлік институтынын профессоры Л. А. Третьяков (1856—1922) алады. Ол А. О. Стржедзиньский курган анатомия кафедрасын да- рынды ғалымдар дайыдайтын орталыққа айналдырды. Осы ғылыми орталыктан ез кез1нде анатомдар мектептерінің неизш салушы гула- ма ғалымдар дәріс алды. Бұларга Новочеркасск мен Москва мектеп­терінің непзін қалаушы Д. М. Автократовты, Москва анатомдарыньң , төл агасы А. Ф. Климовты, Омск пен Москва институттарында ка­федра меңгеріп, үлкен ғалымдар дайындауға ат салысқан А. И. Ака- евскийдің жатқызуға болады. П. Ф. Лесгафт негізін салған функциональдық анатомияны мал дәрігерлік бағытта одан әpi дамы­туға сүбелі үлес қоскан ғалымдар есімін атап кетпей болмайды. Олар: А. Ф. Климов, Б. А. Домбровский, Л. А. Третьяков, В. Г. Касьяненко, В. Н. Жеденов т. б. Ал, Г.Г.Воккен үй жануарлары анатомиясын зерттеуде рентгенологиялык әдістіi кеңінен қолданды.
Профессор А. Ф. Климовтың (1878—1940) шәкірттері Б. В. Бого­родский, П. А. Глаголев, С. В. Иванов, И. А. Спирюхов, С. М. Сми- ренский, М. И. Лебедев т. б. трек-қимыл аппараты мен жүрек-тамыр жуйесінің салыстырмалы анатомиясын зерттеуде елеулі еңбектер жа- сады.
С. Н. Боголюбский (Москва) шәкірттері Е. Г. Андреева, Н. Н. Третьяков, Л. В. Давлетовалар жануарлардың тұқымы мен жасына байланысты зерттеулер жүргізіп, көптеген морфологиялық заңдылықтар ашты. Б. К. Гиндце кан тамырлар және орталық жүйке жүйесін тексеруде айтарлыктай еңбек eтті . Санкт-Петербург ғалымдары Н. Ф. Богдашев, А. П. Елисеев, А. А. Акулинин, А. В. Сегеленко, М. А. Соколова, В. М. Малышев т. б. вегетативтж жүйке жүйесі, М. И. Лебедев вена кан тамырлар жүйесін зерттеді
Қазан анатомдар мектебінің майталман ғалымдары Г. И. Чу- ловский, Л. А. Третьяков және Н. А. Васнецов, оның шәкірттері
И. С. Квачадзе, М. И. Краснояров, А. Ф. Рыжих, Ю. X. Миндубаев, В. И. Трошин, Н. В. Михайлов, Ю. Ф. Юдичев, Н. А. Жеребцов т. б. сүткоректілердің жүйке жүйесін салыстырмалы түрде морфо- функциональдық және эволюциялық тұрғыдан зерттеді.
Киевте В. Г. Касьяненко және оның шәкірттеріГ. С. Абельянц, М. В. Волкобой, П. М. Мажуга, С. Ф. Манзий т. б. сүтқоректілер буындарының салыстырмалы анатомиясын зерттеуде бipaз еңбектер жасады.
Тарту морфологы Ю. Т. Техвер үй жануарлары мен аңдардың ас қорыту мүшелерінің кілегейлі қабыктарын тексеріп, олардың микро- рельефтерін жасады.
Орынбор және Одесса институттарында елеулі еңбегімен көзге түскен ғалым В. Н. Жеденов (1908—1962) өз шәкірттері С. С. Бигдан, К. И. Яньшин, Г. М. Удовин, В. П. Лукьянов т. б. сүтқоректілер жүрегі мен өкпесін эволюциялык морфология тұрғысынан тексерді.
Омск институтында анатомия кафедрасын ашып, көптеген белгілі анатом-ғалымдар даярлаған және А. Ф. Климовпен бipre үй жануар­лары анатомиясының негізгі оқулығын жазған А. И. Акаевскийдің еңбегін ерекше атап кеткен жөн.
Алматыда 1929 жылы ашылган мал дәрігерлік институтының ана­томия кафедрасын көп жылдар бойы меңгеріп, морфологияның био- морфологиялык бағыттарының негізін салған ғалым, профессор Б. А. Домбровский өз шәкірттерімен бipre (В. В. Колесников, Ф. М. Муха- медгалиев, А. Ф. Максименков, Г. Қ. Қонақбаев, Ш. М. Жақашев, Қ Б. Бердоңғаров т. б.) төменгі тұлға еттерінің, вегетативтік жүйке және қан тамырлар жүйелерінің биоморфологиясын зерттеуде анато­мия ғылымына үлкен үлес қосты.
Қaзipгi кезде, Қазақстан Республикасының түкпір-түпіріндегі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында көптеген ғалымдар жануарлар морфологиясын, оның ішінде анатомияны дамытуда елеулі еңбектер жүргізіп жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет