және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет8/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91
МОРФ КИТАПП

6.Орын мен материалды үнемдеу заңы. Организмде тіршілікке қажетті мүшелер мен жүйелер кұрылысы жағынан өте үнемді, көлемі шағын болып келеді. Бірақ олар организм үшін маңызды қызмет атқарады. Бұндай заңдылықты орталық жүйке жүйесі, жүреқ бүйреқ бауыр құрылыстары мен қызметтерінен байқауға болады.



1-сурет. Жаиуарлар денесшен журпзшген жазыктыктар мен багытгар:
А — орталык (сагитталды); В—квлденеи, (ссгментальды) С — келбеу (горизонтальды) жазыктыктар: а-а — ссгментальды жазыктык; с — ортаи.ры сагиттальды жазыктык; е-е — келбсу (горизонтальды) жазыктык; Багыттар: I—дорсальды (аркага карай); 2—вент- ральды (курсикха карай); 3—краниальды (баска карай); 4—кдудальды (куйрыкка карай); 5— дорсокраниальды; 6— дорсокаудальды; 7— проксиналъды; 8— дистальды; 9— дорсальды (анктын алдыңғы бстО; 10— пальмарлы; )|—пляктарлы; 12—медиаль- ды;


7. Омыртқалы жануарлар дене құрылысының, ортақ заңдылықтары.
1).Бірбіліктілік (бipocьтік) немесе екіполярлық, заңдылығы бойьнша жануарлар денелерінің бip-бipiнe қарама-қарсы бip біліктің (осьтің) бойында жатқан екі ұшы (полюсі) болады. Олар: бастық, не­месе краниальдық, (craniuм — бассүйек) ұш және құйрықтық немесе каудальдық (cauda — құйрық) ұш.
2).Сегментарлық немесе метамерия (мeтa — кейін, мeros — бөлік)—дененің біліктік бөлігін оған көденең жүргізілген жа­зықтықтар арқылы бipiнeн соң бipi орналасқан көптеген сегменттерге (кескінді) бөлуге болады (1-сурет).
Мұндай заңдылық, әcipece, төменгі сатыдағы жануарларда, мыса- лы жауын құртында жақсы байқалады. Құрылысы жағынан тым күрделі үй жануарларында бұл заңдылықты қаңқадағы омыртқалар мен қабырғалардьң бipiнeн соң бipi кезектесе орналасуынан, қан та- мырларының магистральдық тамырлардан (қолқадан, алдыңғы және артқы қуысты веналардан), жұлын жүйкелерінің омыртқааралық тесіктер арқылы тармақталып шығуынан аңғаруға болады.
3).Антимерия (anтi — қарама-қарсы, меros — бөлік), екіжақтылық немесе билатеральды (bi — екі, laтus — жақ) симметрия заңдылығы бойынша дене білігін бойлай омыртқа жотасының қыры арқылы жүргізілген тек бip ғана орталық — медиальды сагиттальды (saqiттa — жебе) жазықтық денені тепе-тең екі жартыға бөледі. Бұл жазыктыққа параллель денені бойлай көптеген парасагиттальды жазықтыктар жүргізуге болады. Олардың бip беті дененің бүйіріне, ал екіншісіi орталық сагиттальды жазыктыққа қараған. Осы аталған жазыктықтар беттеріне байланысты денеде екі багытты ажыратады. Олар: дененің сыртқы бүірінен орталық медиальды сагиттальды жа­зықтыққа, яғни дене орталығына қарай — медиальды, ал бұған қарама-қарсы орталық сагиттальды жазықтықтан дененің сыртқы бүіріне қарай — латеральды бағыттар.
Жануарлар денелерінде аталған көлденең және орталық сагит­тальды жазықтыктардан баска да жазықтықтар жүргізуге болады. Бұған дорсальды жазықтықтар жатады.
Дорсальды (dorsuм — арқа) жазықтықтар дененің арқасына гори- зонтальды жазықтықтар бойымен параллельді жүргізіледі. Бұл жа­зықтықтардан жануарлар денелеріне қарама-қарсы eкi бағытты аныктауға болады. Олар: дененің арқасына қарай дорсальды, ал оның кұрсағына қарай вентральды (venтruм — құрсақ) бағыттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет