және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет14/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91
МОРФ КИТАПП

Сүйектің непзгі құрылым бірлігі остеон — osтeonuм — болып есептеледі. Әpбip остеон бip-бipiн каптай орналасқан 4—19 сүйек түтікшелернен тұрады. Осы сүйек түтікшелер аралығында тар- мақты сүйек клеткалары — ocтeocyтus — жатады. Остеондардың ішкі өзектерімен сүйек қоректенушілер кан тамырлары өтеді.
Сүйектің пішіні. Сүйектердің пішінін олардың қаңкадағы орналасу орны мен атқаратын қызметіне байланысты. Осыған орай қаңкада ұзын, қысқа, жалпақ және аралас сүйектерді ажыратады.
Ұзын сүйектерге — os longuм — жіліктер мен қабырғалар жата­ды. Жіліктер құрылысы жағынан түтік тәріздес болып келеді. Бұндай сүйектердің орта бөлігін оның денесі (диафиз — diapнysis), ал eкi шетіндегі шоқпар бастарын проксимальды және дистальды эпифиздер epipнysis — дейді. Диафиздің сары сүйек майымен толтырылған куысы — cavuм мedullare — болады. Ал жіліктер эпифиздер арқылы көрпші сүйектермен буындардын көмегімен байланысады. Құстарда кейбір жіліктердің куысында сары сүйек майының орнында ауа болады. Бұндай сүйектерді ауалы (пневматикалык) сүйектер — os pneuмaтicuм — деп атайды.
Қабырғалардың сыртқы қабаты тғгыз сүйек затынан тұрады, ал ішкі жағы қызыл сүйек майына толы сүйек кемегінен түзіледі.
Қысқа сүйектер — os breve — ұзындығы, ені және жуандығы шамамен бірдей болады. Құрылысы жағынан бұлар да түтік тәріздес (бақай суйектер!) және Keмікті (тізе, тілерсеқ тиек суйектері) болып бөлінеді.
Жалпақ сүйектердің — os planuм — (жамбас, төс, жауырын) пішіні тақта тәріздес жалпақ болып келеді. Keйбip жалпақ сүйек­тердің (маңдай, жоғарғы жақ) кілегейлі қабықпен қапталған ауалы куыстары болады.
Аралас суйектердің — os мixтuм — (омырткалар, негіздік бас суйектері пішіні тақта тәріздес және жалпақ сүйектердің белгілері ортақ түрде кездеседі.
Қаңқа сүйектерін оқу барысында оларда кездесетін тетіктерге жете көңіл бөлу қажет. Олар: жіліктің эпифиздері мен диафиздерінің аралығындагы метафиз — мeтapнysis, өсінділер — processus, төмпектер — тuber, төмпешіктер — тuberculuм, қырлар — crisтa, будырлар — тuberosiтas, беттер — fades, жиектер — мargo, шұңқырлар — fossa, ойыстар — fovea, шұңқыршыктар — foveola, сайлар — sulcus, ойыктар

  • incisura, саңылаулар — fissura, өзектер — canalis, қуыстар — cavuм, тесіктер — foraмen.

Сүйектің химиялық, құрамы мен физикалық қасиеттері. Жаңа сойылған қаңқа сүйектерінің 50% жуығы судан тұрады. Калған құрамын органикалық және бейорганикалық құрғақ заттар түзеді.
Сүйек құрамындағы органикалық заттардың үлесі 28,2% тең. Бұның 12,7% белок — оссеин, ал калған 15,5% майлар құрайды.
Сүйектің бейорганикалық заттары непзінен минералды тұздардан тұрады. Олардың сүйектегі үлесі— 21,8%. Бұл тұздардың 85% каль­ций фосфаты, 10,5% кальций карбонаты, 1,5% магний фосфаты түрінде кездеседі. Ас тұзьның үлесіне қалған 3% тиеді. Сонымен, каңка сүйектерінде организмдегі кальцийдің 97% жинақталған.
Сүйектердегі органикалық және бейорганикалық заттардың арақатынасы жануарлардың түрлеріне, тұкымына, жасына, физиологиялық кезеңдеріне байланысты. Мысалы, жас төл қаңқаларында ор­ганикалық заттар мен судын мөлшері көп болады. Ал, ересек жануарлар сүйектерінде, керісінше, бейорганикалық заттар көбейіп, су азаяды. Осының нәтижесінде бұндай жануарлардың сүйектері морт сыңғыш келеді.
Жас төлдердің күтімі мен азықтану сапасыз болған жағдайда ор- ганизмге кажетті Д витамині мен кальций тұздарының мөлшері азая­ды. Осының нәтижесінде төлдерде мешел (рахит) ауыруы дамиды. Ал, ересек малдарда осының салдарынан минералдық зат алмасу бұзылып, организмде әр түрлі аурулардың (остеомаляция, остеодист- рофия) дамуына әкеліп соғады.
Қаңқа сүйектерінің физикалық қасиеті, оның химиялық құрамына тікелей байланысты. Сүйек құрамындағы органикалық заттар оған иілгіштіқ серпімділіқ ал бейорганикалық заттар — қаттылық қасиеттер береді. Сүйектің беріктігі осы аталған қасиеттердің арақатынастарына байланысты қалыптасады. Көлемі 1 см3 болатын сүйектің қысымга беріктігі 1400 кг, ал үзілу көрсеткіші 155 кг тең. (Г. Г. Воккен және басқалар, 1961 ж.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет