2.Организм мен қоршаған орта біртұтастығы туралы заң. Тipi организмнің өзін қоршаған сыртқы ортасыз тіршілік eтyi мүмкін емес екендігі барлығымыза мәлім. Олай болса, белгілі бip ортада тек сол ортаға ғана бейімделген тipi организмдер тірщілік ете алады, яғни организм мен қоршаған орта біртұтас. Осы біртұтастық дененің жүйке жүйесі арқылы icкe асады. Бұл заңды тұжырымдалған И. М. Сеченов (1861).
3.Организімнің, біртұтастығы туралы заң. Морфология саласында зерттеулер жүризген ғалымдар еңбектерінде организм бipтұтac дене ретінде қарастырылады. Былайша айтқанда организмді құраушы жүйелер мен мүшелердің шығу тегі, құрылысы және қызметі жағынан бір-бірімен өзара тығыз байланыста. Занның негізгі қағидалары И. М. Сеченов пен И. П. Павлов еңбектерінде тұжырымдалып, организмнің бipтұтастығын icке асырудағы жүйке жүйeci қызметінің маңызы дәлелденген.
4,Пішін мен қызмет біртұтастығы туралы заң. Организмдегі әpбip мүшенің пішіні мен құрылысы, оның денедегі орналасу орнына және атқаратын қызметіне тікелей байланысты. (А. Дорн, А. Н. Северцов, И. И. Шмальгаузен). Бұл заңдылық философиялық тұғырдан диалектикалық материализмнің негізін салушылардың бipi Ф. Энгельс еңбектерінде тұжырымдалды.
5.Тұкым қуалаушылық және өзгергіштік. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік — тipi организмдерге тән қасиеттер. Тұқым қуалаушылық организмге тән құрылыстық және қызметтік белгілердің ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Тұқым қуалаушылықтың Нeri3i — клетка ядросы хромосомаларында орналаскан гендер.
Белгілі бip организмге тән ұрпаққа берілуші гендер жиынтығын генотип дейді. Жыныс клеткаларының ұрықтануынан пайда болган жаңа организм берілген генотип пен қоршаған орта әсерлерінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде одан әpi дамиды. Генотип дамушы белгілердің ұрпақтарда тұрақтылығын қамтамасыз ететін болса, қоршаған орта әсерлері, керісінше, организмдегі қалыптасушы белгілерге өзгерістер тудыруы мүмкін. Яғни өзгергіштік дегеніміз оганизмдердің жаңа белгілерге ие болу қасиеті. Сонымен, тұқым қуалаушылық және өзгергіштік — бip-бipiНe қарама-қарсы қасиеттер. Олардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде дамыған, тек жаңа организмдерге тән сыртқы және ішкіi белгілер жиынтығын фенотип дейді.
Мал маманы үшін тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңының негізін білудің мал тұқымын өсіруде, оларды асылдандыруда, емдеу мен сақтық шараларын ic жүзiнe асыруда үлкен маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |