Сүйектің дамуы. Қаңқа сүйектері дамуына байланысты eкi топқа бөлінеді Олар: біріншілік және екіншілік сүйектер.
Біріншілік сүйектер даму жарғақты, шеміршекті және сүйекті кезеңдерін ажыратады. Бұндай сүйектерге тұлға, аяқ және негіздік бас сүйектері жатады.
Екіншілік сүйектер даму барысында жарғақты және сүйекті кезеңдерінен өтеді. Бұл топты бастын жабынды жалпақ сүйектері құрайды.
Филогенезде жарғақты қаңқа алғашқы рет хордалылар түрінің қарапайым өкілі ланцетниктерде дамып жетіледі Эволюциялык дамудың келесі сатысындағы шеміршекті балықтарда (акула, скат) жарғақты каңқаны шеміршекті қаңқа ауыстырады. Бұдан кейінгі сатылардағы жануарлар өкілдерінде (сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, кұстар, сүтқоректілер) шеміршектi қаңқадан сүйекті қаңқа дамиды.
Әpбip жануарлар қаңқасы өзінің онтогенезінде филогенездегі, ке- зеңдерді қыскаша қайталап өтеді. Біріншілік сүйектер дамудың уш кезеңнен, ал екіншілік суйектер мезенхимадан дамитын жарғақты қаңқа және оның орнында қалыптасатын сүйекті қаңқа кезеңдерінен өтеді.
Онтогенездің бастапқы кезеңіде жас дәнекер ткань — мезенхимадан жарғақты қаңқа дамиды. Дамудың келесі кезеңінде жарғақты каңқа негізіен шеміршекті каңқаға ауысады. Бұдан соң шеміршекті каңқаның кейбір жерлерінде сүйектену ошақтары пайда болады. Сөйтіп шеміршекті каңқа біртідеп сүйек тканіне айнала бастайды.
Қаңқа сүйектері тканынің түзілу орнына байланысты суйектенудің шеміршекіштік (энхондральды) және шеміршексырттық (перихонд- ральды) түрлері ажыратылады.
Жілік бөліктерінде сүйектену әр түрлі жолмен жүреді. Жіліктің диафизі перихондральды, ал эпифиздері энхондральды жолмен сүйектенеді перихондральды сүйектену кезеңінде сүйек ткані шеміршектік жілік диафизі қабының ішкі бетіндегі клеткалар — остеобластардан түзіледі. Сүйек тканінің одан әpi қалыңдауының нәтижесінде жіліктің сүйектік диафизінің тығыз сүйек заты қалыптасады. Осы кезде жілік шеміршегінің ішінe қарай енген остеобластар мен остеокластар- дың — osтeoclasтic (сүйек тканін бұзушы клеткалар)— қатысуымен шеміршектік диафиздің орнында сүйек Keмігі түзіледі.Одан кейін тек остеокластардың әрекетіне байланысты сүйек Keмігі толығымен бұзылып, оның орнында жілік қуысы пайда болады. Сүйек Kемігі диафиздің eкi ұшы мен эпифиздepдiң аралығында ғана сақталып қалады. Бұл кеміктік аралықты метафиз — мeтapнysis — деп атайды. Мета- физ сүйек қуысы жағынан эндоостпен қапталған.
Жілік эпифиздерінің ішкі ортасында пайда болған сүйектену ошақтарынан сүйектің кемік заты дамиды. Осы заттың ұлғайып өcyi нәтижесінде шеміршектік эпифиздер толығымен сүйек кемігіне айналады.Бірақ шеміршек толығымен жойылып кетпей эпифиздердщ сыртқы буындық беттері мен метафиздермен шекаралас жерлерде сақталып қалады. Эпифиз бен метафиздің аралығындағы шеміршекті — метафиздік шемiршекті қабат деп атайды.
Қысқа сүйектер негізінен энхондральды сүйектену жолымен дамиды. Ал сүйектерде кездесетін әр түрлі өсіндідер жеке энхондральды сүйектену ошақтары арқылы өciп жетіледі. Бүндай ошақтарды апофиздер — apopнysis — дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |