Және орнату талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар


-тарау. Сығылған ауаны кептіру қондырғылары



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі478.5 Kb.
#131218
1   2   3   4   5

12-тарау. Сығылған ауаны кептіру қондырғылары
183. Қажетінше мұқият кептірілген ауа бар, шеткі тоңазытқыштардан басқа, компрессорлар арнайы кептіру қондырығыларымен жабдықталады.

184. Ылғалды қатты сорбенттармен сіңіру әдісімен жұмыс істейтін кептіру қондырғыларын компрессор станциясының машина залында орналастыруға рұқсат етіледі.

185. Аммиакты тоңазыту қондырғыларының көмегімен ылғалды қатыру әдісімен жұмыс істейтін кептіру қондырғылары компрессор станциясының оңашаланған ғимараттарында орналастырылады.

186. Тоңазыту машиналарында улы емес және қопарылу қаупі жоқ хладагенттерді қолдану кезінде кептіру қондырғыларын машина залында орналастыруға болады.



13-тарау. Құбырлы өткізгіштер
187. Ауа өткізгіштер мен газ өткізгіштерді монтаждауды ғимарат қабырғалары бойымен, эстакадалар және арналарда (туннельдерде) жүргізуге болады.

Ғимарат қабырғалары арқылы өтетін құбырлы өткізгіштер телімдері сақтандыру құбырларына салынады.

Арналар өлшемдерінде монтаждау, бақылау және жөндеу жүргізу ескеріледі.

188. Құбырлы өткізгіштер үшін эстакаданың құрылымы мен аспалы колонналары дірілге жол бермейді.

Құбырлы өткізгіштер тіректері температуралық деформация әсерінен олардың бөлек бөлшектерін тасымалдауға кедергі жасамайтындай етіп жасалынады және ауа өткізгіш және газ өткізгіш, сонымен қатар барлық көмекші құрылғылардың салмағына ұстап тұру үшін жеткілікті берік болады.

Құбырлы өткізгіштер отқа төзімді немесе жанбайтын конструкцияларда бекітіледі.

189. Құбырлы өткізгіште еркін температуралық ұзару мүмкіншілігі бар, оның әсерінен құбырлы өткізгіш деформациясы, оның пісірілген және фланецті қосылыстарының, оларға қосылған машиналар мен аппараттардың зақымдануына жол берілмейді.

190. Құбырлы өткізгіштер және арматураны монтаждау қыспақпен пісірумен жүргізіледі. Пісірумен жалғау мүмкіншілігі болмайтын бөлек жағдайларда фланецті қосылыстарды қолдануға рұқсат етіледі.

191. Фланецті қосылыстар үшін төсеме материалдары ретінде ылғалдың, майдың және температураның әсеріне төтеп бере алатын (паронит, асбест, тағы сол сияқты) материалдар қолданылады.

Картон, резина және басқа да жанғыш немесе шіритін төсемелерді қолдануға жол берілмейді.

192. Жер асты өндірісінде төселген құбырлы өткізгіштер телімдері және фланецті қосылыстарды тығыздау үшін жану температурасы 3500С төмен емес арнайы жылу және майға тұрақты резинадан жасалған төсемелер қолданылады. Резина төсемелер орталықтандырылған тәртіпте дайындалады және айырықша таңбасы бар.

Таңбасы жоқ резина төсемелерді пайдалануға жол берілмейді.

193. Сыртқы құбырлы өткізгіштер құрылғысында олардың ішінің қатып қалуына жол берілмейді, жылудан оқшаулағыш қолданылады.

194. Конденсат пен пайдаланылған май жиналуы мүмкін құбырлы өткізгіштердің бөлек телімдерінде автоматты немесе қолмен үрлеуі бар тізбекті май ылғал айырғыштар орнатылады. Үрлеу құралдары қызмет көрсетуге қол жетерлік.

Үрлеу құрылғысы қатып қалған жағдайда оны жылыту үшін ыстық су, бу немесе ыстық ауаны қолдануға рұқсат етіледі.

Жылыту үшін ашық отты пайдалануға жол берілмейді.

195. Автоматты үрлеу құрылғысы болмаған кезде түзулік май ылғал айырғышты үрлеу ауысымына кем дегенде екі рет қолмен жүргізіліп компрессордың жұмыс журналында белгіленеді.

196. Ауа өткізгіштер мен газ өткізгіштер түзулік май ылғал айырғыштар жағына қарай 0,003 еңкішпен қиғашталып төселеді.

197. Ауа өткізгіштер мен газ өткізгіштерде конденсат пен пайдаланылған майдың жиналуына ықпал ететін өлі аймақтардың (бітеу ойықтар, бітеу штуцерлер тағы сол сияқты) болуына жол берілмейді. Өздігінен жануға қабілетті май қалдықтары айрықша қатер төндіреді.

198. Ауа өткізгіштер мен газ өткізгіштерде орнатылған арматура ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу жүргізу үшін қол жетерлік.

199. Вентильдер, ысырмалар, крандар, қалқаншалар толық оңтайлы күйде және сығылған беруді тез және сенімді тоқтату мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.

Арматура маховиктері шпиндельдерде тығыз бекітіледі. Вентильдер, ысырмалар, крандар, қалқаншалар және оларға келетін жетектерге мынадай мазмұндағы жазбалар жазылады:

1) құбырлы өткізгіштердің орындау сұлбаларына сәйкес келетін бекіту және реттеуші органның номері және шартты белгі;

2) маховиктің айналу бағытын «з» жабық және «о» ашық бағытына көрсеткіш (бағдарша).

200. Жылудан оқшаулағыш аппараттарға жақын төселген құбырлы өткізгіш жылудан оқшауландырылған.

201. Құбырлы өткізгіштер олардан электр кабельдеріне, электр өткізгіштеріне және электр құрал-жабдықтарына дейінгі арақашықтық 0,5 метрден кем емес етіп төселеді.


14-тарау. Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
202. Компрессорлық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында:

компрессорлық құрылғыларды жөндеу және пайдалану бойынша технологиялық регламенттер өңделеді;

өндірістік бақылау ережесі;

компрессорлық құрылғыларды жөндейтін, қызмет көрсететін жұмыскер және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға тағайындалады.

203. Әрбір компрессорды іске қосар алдында машинист қондырғыны тексереді, оның оңтайлылығына көз жеткізеді, майлау және суыту жүйесін тексереді және технологиялық регламентке сәйкес іске қосады.

204. Компрессор қондырғысының жұмысы кезінде мыналар бақыланады:

1) әрбір сығу сатысынан кейін сығылған ауа немесе инертті газдың қысымы және температурасы;

2) аралық және шеткі тоңазытқыштардан кейін сығылған ауа мен инертті газ температурасы;

3) компрессорлар цилиндрлерінің қалталарына, аралық және шеткі тоңазытқыштарға суыту суының келуінің үздіксіздігі;

4) нүктелер бойынша суыту жүйесіне келетін және кететін суыту суының температурасы;

5) компрессорды майлау жүйесіндегі май қысымы мен температурасы;

6) статор тоғы, ал ілеспе электр жетегі кезінде-электр қозғалтқышы роторының тоғы;

7) лубрикалыторлар жұмысының дұрыстығы және олардағы май деңгейі.

Технологиялық регламентпен орнатылған уақыт аралығындағы аспаптар көрсеткіштері жазылып тұрады, оларды компрессор қондырғысы жұмысын есепке алу журналына кем дегенде екі сағат сайын жазып отырады (5-қосымша).

Осы журналға мыналар жазылады: компрессорды қосу және тоқтату уақыты, тоқтату себебі; байқалған келеңсіздіктер мен кемшіліктер; сақтандыру клапандары мен манометрлер, автоматты бақылау, басқару, дабыл беру және қорғаныс құралдарының іс әрекетінің оңтайлылығына кезеңдік тексеру жүргізу; конденсат пен пайдаланылған майды май ылғал айырғыштардан, ауа жинағыштардан, газ жинағыштардан, және басқа да ыдыстардан босатуды жүргізу; май висцин және құрғақ ауа сүзгілерін жоспардан тыс тазарту.

Компрессор қондырғысының жұмысын есепке алу журналы компрессор қондырғысының оңтайлы күйіне бақылаушы тұлға тәулік сайын тексеріледі және қолын қояды.

205. Пайдалану үрдісінде компрессор келесідегідей жағдайларда тоқтатылады:

1) егер мұндай тоқтату дайындаушы нұсқаулығымен қаралса;

2) егер компрессордың кез келген сатысында айдау тізбегінде манометр қысымы рұқсат етілетін шамадан артық көрсетсе;

3) қозғалыс механизмін майлау жүйесінің манометрі төменгі шектің рұқсат етілетін шамасынан төмен қысым көрсетсе;

4) суыту суын беру кенеттен тоқтап қалса немесе басқа да сығылған ауа немесе инертті газды суыту жүйесінің апаттық бұзылуы;

5) егер компрессорда немесе электр қозғалтқышында соққылар мен тарсыл естілсе немесе апаттың болуына алып келуі мүмкін олардың бұзылуы анықталса;

6) дайындаушы, осы Талаптың нұсқаулығымен бекітілген рұқсатты шектен сығылған газ температурасы асып кетсе;

7) өрт болса және жарық болмаған кезде;

8) компрессор немесе электр қозғалтқышында күйік иісі немесе түтін пайда болса;

9) компрессор немесе электр қозғалтқышының дірілі айтарлықтай ұлғайғанда;

10) егер тарату қалқанындағы электр аспаптары электр қозғалтқышының шамадан тыс жүктелгенін көрсетсе.

Компрессорды апаттық тоқтатқаннан кейін оны қайта қосу компрессор қондырғысының оңтайлы күйіне бақылаушы тұлғаның рұқсатымен жүргізілуі мүмкін.

206. Қысымда болатын құбырлы өткізгіштер және құрал-жабдықтарды жөндеуге және тазалауға жол берілмейді.

207. Жұмыс істеп тұрған компрессорларды (толық автоматтандырылғандардан басқа) оларға қызмет көрсетуге жіберілген тұлғалардың қадағалауынсыз қалдыруға жол берілмейді.

208. Кезекшілік кезінде машинистке компрессор қондырғысына қызмет көрсетумен байланысы жоқ жұмыстарды орындауға жол берілмейді.

209. Компрессор қондырғысы құрал-жабдығының сыртқы бақылауын, оның сыртқы бетін шаң мен кірден сүрту және тазалауды үнемі жүргізіп тұрады. Май және судың ағуына, әсіресе майдың іргетасқа түсуіне жол берілмейді. Анықталған кезде ағу себептері дереу жойылады.

Сүрту материалы ретінде тек мақта-қағазды немесе зығыр шүберектерін қолдануға рұқсат етіледі. Шеттер мен түкті шүберектер қолдануға рұқсат етілмейді.

15-тарау. Құбырлы өткізгіштерді

(ауа өткізгіштерді, газ өткізгіштерді) техникалық куәландыру
210. Құбырлы өткізгіштер жұмысқа жіберер алдында және пайдалану үрдісінде келесі техникалық куәландыруға ұшыратылады:

сыртқы бақылау;

ішкі бақылау (эксплуатациялау үрдісінде);

гидравликалық сынақ.

211. Құбырлы өткізгіштердің техникалық куәландыруын компрессор қондырғыларының оңтайлы күйін бақылаушы тұлғамен жүргізеді:

1) құбырлы өткізгіштерді сыртқы бақылау (жұмыс үрдісінде)-кем дегенде 6 айда бір рет;

2) құбырлы өткізгіштерді ішкі бақылау-кем дегенде 4 жылда бір рет;

3) гидравликалық сынақ-кем дегенде 8 жылда бір рет, құбырлы өткізгіш монтаждалғаннан кейін, пісіруді қолданып жөндегеннен кейін, консервацияда 12 айдан артық мерзім бойы болғанда пайдалануға жіберер алдында.

212. Жаңадан монтаждалған айдау құбырлы өткізгішін сыртқы бақылау кезінде құбырлы өткізгіштің дайындалуы, монтаждалуы және орындау сұлбасы (тіректер, компенсаторлар, арматура, қосу, үрлеу және дренаж құрылғысы, бақылау-өлшеу аспапатары, сақтандыру қалқаншаларының тағы сол сияқты орналасуы) Талаптар, жоба талаптарына сәйкестігіне көз жеткізеді.

Барлық пісіру қосылыстарын мұқият қарайды. Қарау кезінде келесі беттік ақаулар анықталуы мүмкін: жарықшақтар, жырықтар, пісірілмей қалған кратерлер, күйіктер, ысқырмалар, балқулар, пісірілмей қалулар, кеуектілік, жаншулар, раковиналар, жырықтар немесе жалғанған элементтердің перпендикуляр болмауы, жиектердің ығысуы, жобалау өлшемдерінен, жапсарлардан ауытқу және басқа да технологиялық ақаулар.

213. Пісірілген қосылыстардың сапасын бақылау әдістері, көлемі және тәртібі (бақылаудың қиратпайтын әдістері, механикалық сынақтар, металлографиялық зерттеулер тағы сол сияқты) жобалау ұйымымен анықталады және жобада көрсетіледі.

214. Жаңадан монтаждалған құбырлы өткізгіштер оңашалауды салғанға дейін сыртқы және ішкі бақылауға және гидравликалық сынаққа ұшыратылады.

215. Компрессор қондырғысын пайдалану үрдісінде ашық тәсілмен немесе өту және жартылай өту арналарында төселген құбырлы өткізгіштерді кезеңдік сыртқы бақылау оқшауландырғышты алмай жүргізіледі.

216. Компрессор қондырғысын кезеңдік сыртқы бақылау кезінде мыналар тексеріледі:

1) компрессор мен электр қозғалтқышының күйі;

2) электр аппаратурасы және жермен тұйықталуы;

3) майлау жүйесі мен суытудың оңтайлылығы;

4) аралық және шеткі тоңазытқыштар (май ылғал айырғыштар, ауа жинағыштар, газ жинағыштар);

5) айдағыш құбырлы өткізгіштер (ауа өткізгіштер, газ өткізгіштер);

6) үрлеу және дренаж құрылғылары;

7) бақылау-өлшеу аспаптары, автоматты бақылау, басқару, дабыл беру, қорғаныс құралдары;

8) сақтандыру және кері қалқаншалар;

9) бекіту және реттеу арматурасы (вентильдер, ысырмалар, крандар);

10) болтты қосылыстарды тарту дәрежесі;

11) фланецті және резьбалық қосылыстардың оңтайлылығы (термометрлер үшін гильзалар орнату, манометрлер, үш жүрісті крандар тағы сол сияқты жалғау);

12) техникалық құжаттардың бар болуы және сақталуы (төлқұжат, ережелер, нұсқаулықтар, журналдар, сұлбалар, актілер, сызбалар, хаттамалар тағы сол сияқты).

217. Егер сыртқы бақылау кезінде адамдар өміріне қауіп төндіретін қауіпсіздік ережелерін бұзу және келеңсіздіктер анықталса, онда компрессор тоқтатылу және қауіпсіздік талаптарын бұзу және келеңсіздіктерді жою бойынша шаралар қолданылады.

218. Компрессор қондырғысын сыртқы бақылау нәтижелері актпен ресімделеді.

219. Ішкі бақылау кезінде айдау құбырлы өткізгіші элементтерінің (ауа өткізгіш, газ өткізгіш) қабырғалары ішкі жағынан да (мүмкіндігінше), сыртқы жағынан да бақыланады.

Ішкі бақылау кезінде құбырлы өткізгіш (іріктеу тәртібімен) фланецті қосылыстарды бөлшектеу, ысырмалар мен вентильдерді алу, бөлек телімдерді кесу жолымен ішкі беттердің күйі тексеріледі, сонымен қатар бекіту және реттеу арматурасы және бекітпені тексеру жүргізеді.

220. Ішкі және сыртқы бақылау жүргізудің мақсаттары:

1) бірінші реттік куәландыру кезінде айдау құбырлы өткізгіші осы Талап, тіркеу кезіндегі ұсынылған құжаттар мен жобаға сәйкес дайындалған және монтаждалған, сонымен қатар құбырлы өткізгіш пен оның элементтерінің пісірілген қосылыстарында зақымданулар мен ақаулардың жоқтығын тексеру (39, 210 тармақтар);

2) кезеңдік және кезектен тыс куәландыру кезінде құбырлы өткізгіштің оңтайлылығын, қабырғалардың ішкі беттерінде май қалдықтарының жоқтығын және әрі қарай пайдаланудың сенімділігін бекіту.

221. Құбырлы өткізгішті ішкі және сыртқы бақылау кезінде анықталған ақаулар, келеңсіздіктер, ережелерді бұзулар жойылады.

Құбырлы өткізгішті ішкі бақылауының нәтижелері, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының күші бар нормаларының шектерінен асатын ақаулар анықталмаса, қанағаттандырарлық деп саналады.

222. Ішкі бақылау нәтижелері келесі ішкі бақылау жүргізу мерзімін көрсетумен құбырлы өткізгіштің төлқұжатына жазылады.

223. Жұмысқа жарамсыз күйде 12 айдан артық тұрған құбырлы өткізгіштерге сыртқы және ішкі бақылау жүргізген кезде мыналар тексеріледі:

1) консервация тәртібінің сақталуына бақылау жүргізуді жүзеге асыру;

2) іріктеу тәртібімен-құбырлы өткізгіштердің ішкі беттерінің күйі (фланецті қосылыстарды бөлшектеу, ысырмалар мен вентильдерді алу, бөлек телімдерді кесу жолымен);

3) оқшауландырғыш күйі. Бақылау нәтижелері негізінде оқшауландырғышты жартылай немесе толығымен алып тастаудың тиімділігі туралы шешім қабылданады.

224. Құбырлы өткізгішті гидравликалық сынау тек сыртқы және ішкі бақылау нәтижелері қанағаттандырарлық нәтижелер көрсеткенде ғана жүргізіледі.

225. Құбырлы өткізгіштердің, олардың пісіру және басқа да қосылыстарының беріктігі мен тығыздығын тексеру мақсатымен құбырлы өткізгіштердің барлық элементтері мен монтаждау аяқталғаннан кейін орнатылған арматура, пайдалану үрдісіндегі құбырлы өткізгіштер жатқызылады. Құбырлы өткізгіштерді бірінші реттік куәландыру кезінде олардың пісірілген қосылыстар ультрадыбыспен 100 % бақылаудан немесе жапсарлардың барлық бойы бойынша қиратпайтын дефектоскопия әдісіне тең басқа тәсілмен бақылауға ұшыратылса, гидравликалық сынақ жүргізу міндетті емес.

226. Құбырлы өткізгіштерді гидравликалық сынау барлық пісіру жұмыстарын аяқтап, тіректер мен аспаларды соңғы орнатқаннан кейін жүргізіледі. Бұл кезде орындалған жұмыстардың сапасын растайтын құжаттар ұсынылады.

227. Сыналатын құбырлы өткізгіштің барлық биіктегі нүктелерінде оны сумен толтыру кезінде ауаны шығару мүмкіншілігі қарастырылады. Құбырлы өткізгіш диаметрі мен ұзындығына байланысты диаметрі 14-38 мм вентильдерге орнатылған уақытша ауа өткізгіштер орнатылады.

Құбырлы өткізгіштерде ауаның болуы гидравликалық сынақ жүргізуге мүмкіндік бермейді.

228. Гидравликалық сынақ жүргізу үшін температурасы +50 С төмен емес және +400 С жоғары емес су қолданылады.

Құбырлы өткізгіштерді гидравликалық сынақтан өткізу қоршаған орта температурасы қалыпты болған кезде жүргізіледі.

229. Құбырлы өткізгіштегі қысым баяу көтеріледі. Қысымды көтеру үшін сығылған ауаны қолдануға болмайды.

230. Сынақ кезінде қысым екі манометрмен бақыланады. Бұл кезде бір типті, дәлдік класы мен өлшеу шегі бірдей және шкаланың бөлу бағасы бірдей манометр таңдалынып алынады.

231. Құбырлы өткізгіштерді гидравлкалық сынау кезінде сынама қысымының ең кіші шамасы жұмыс қысымының 1,25 құрайды, бірақ 0,2 МПа (2 кгс/см2) төмен емес. Құбырлы өткізгіштің ажырамас бөлігі болып табылатын ыдыстар құбырлы өткізгіш сыналатын сынама қысыммен сыналады.

232. Құбырлы өткізгіш пен оның элементтерінің сынама қысымда ұстап тұру уақыты 10 минуттан кем емес.

233. Сынама қысымды жұмыс қысымына түсіргеннен кейін құбырлы өткізгіш барлық бойлық мұқият бақыланады, ал пісіру қосылыстары салмағы 1,5 кг артық емес балғамен тарсылдатып тексеріледі.

234. Гидравликалық сынақ кезінде қоршаған ауа мен металл температураларының әртүрлілігі сыналатын құбырлы өткізгіштердің бет жақтарына ылғал өтуін тудырмайды. Гидравликалық сынақ алу үшін қолданылатын су құбырлы өткізгіштерді ластамайды және интенсивті тоттануды тудырмайды.

235. Биіктігі 3 м жоғарыда орнатылған құбырлы өткізгішке гидравликалық сынақ жүргізу үшін қоршауы бар көпірше немесе құбырлы өткізгішті қауіпсіз қадағалау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін басқа құрал қойылады.

236. Құбырлы өткізгіш және оның элементттерінде мыналар анықталмаса гидравликалық сынаққа төзді деп есептеледі:

1) негізгі металл мен пісіру қосылыстарында ылғал мен ағулар;

2) пісіру жапсарлары мен термиялық әсер аймақтарында барлық түрлер мен бағыттардағы жарықшақтар;

3) көрініп тұрған қалдық деформация.

237. Гидравликалық сынақ нәтижелері және құбырлы өткізгіштерді (ауа өткізгішті, газ өткізгішті) рұқсат етілетін қысымды және келесі техникалық куәландыру мерзімдерін (сыртқы және ішкі бақылау, гидравликалық сынақ күні, айы, жылы) көрсетумен әрі қарай пайдалану мүмкіншілігі туралы шешім құбырлы өткізгіштің төлқұжатына жазылады.

238. Егер құбырлы өткізгішті техникалық куәландыру кезінде оның апатты жағдайда екендігі анықталса немесе оның беріктігіне күмән келтіретін күрделі ақау бар болатын болса, онда құбырлы өткізгіш одан әрі пайдалануға жіберілмейді, ал төлқұжатта сәйкес дәлелдеу жазбасы жазылады.

239. Құбырлы өткізгішті тығыздыққа (саңылаусыздыққа) сынау жұмыс қысымына тең қысымда сәйкес ауа немесе инертті газбен жүргізіледі. Сынақ технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Құбырлы өткізгіштерді тығыздыққа сынау нәтижелері актпен ресімделеді және құбырлы өткізгіштің төлқұжатына жазылады.



16-тарау. Стационар компрессор қондырғыларының құрал-жабдықтарын жөндеу
240. Стационар компрессор қондырғылары құрал-жабдықтарының барлық түрлеріне жөндеу кәсіпорынның техникалық басшысымен бекітілген жобалық алдын алу жөндеу (әрі қарай-ЖАЖ) кестесіне сәйкес жүргізіледі.

ЖАЖ кестесі және компрессор құрал-жабдығы мен құбырлы өткізгіштерді жөндеуге технологиялық регламент дайындаушылар талаптарын және олардың нақты күйін есепке алумен құрылады.

241. Аралық және шеткі тоңазытқыштарды, май ылғал айырғыштарды, ауа жинағыштарды, газ жинағыштарды айдағыш құбырлы өткізгіштерді (ішкі және сыртқы) май қалдықтарынан тазарту технологиялық регламентке сәйкес металдың коррозияға ұшырауына алып келмейтін әдіспен компрессор кем дегенде 5000 сағат жұмыс істегенде бір рет жүргізіледі.

Құбырлы өткізгіштер мен сосудтарды тазалауды сульфанолдың 3 % ерітіндісімен жүргізу ұсынылады. Тазалаудан кейін 30 минут бойы (одан кем емес) сығылған ауамен үрлеу жүргізіледі.

Бөлек жағдайларда құрал-жабдықтар мен құбырлы өткізгіштерді тазартуды каустик содасының 5 % ерітіндісімен жүргізуге рұқсат етіледі. Жуғаннан кейін қышқыл іздерінің қалмауы фенолфталеин қағазы немесе фенолфталеиннің 1 % спиртті ерітіндісімен жуу арқылы тексеріледі. Тазалағаннан кейін толық қалпына келтірілгенше олары сумен шаю және кем дегенде жарты сағат бойы сығылған ауамен үрлеу жүргізіледі.

242. Аралық және шеткі тоңазытқыштарды, май ылғал айырғыштарды, сонымен қатар құбырлы өткізгіштерді май қалдықтарынан тазартуды күйдіру тәсілімен жүргізуге жол берілмейді.

243. Компрессор цилиндрлерінің ішкі беттерін күйіктен тазарту компрессорды дайындаушы нұсқаулығы нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

244. Компрессордың қалқанша қорапшаларында күйіктің жоқтығына бақылау жұмыстың кем дегенде 1000 сағатында жүргізіледі. Күйік көп мөлшерде пайда болған жағдайда оның себептері анықталады және ол жойылады, ал барлық қалқаншалар қорапшалары күйіктен тазартылады.

245. Цилиндр құбырлары және компрессордың аралық және шеткі тоңазытқыштарының түтікшелері қақтан және кірден жоспарлы-алдын ала жөндеу кестелері бойынша тазартылады.

246. Ыдыстар және басқа да ыдыстар мен құбырлы өткізгіштерді ішкі бақылау кезінде олар сәйкес шығып тұратын бөлігі бар тығындармен желіден сенімді сөндіріледі, онда қалған ауа немесе инертті газ толығымен босатылады және таза ауамен 10 минут бойы (одан кем емес) үрленеді.

Ыдыс немесе құбырлы өткізгішті сөндіру кезінде қолданылатын тығындар мен фланецтер қалыңдығы беріктікке есептеумен анықталады.

Фланецтер мен тығындар араларындағы төсемелер ілмексіз.

247. Ыдысты ішкі бақылау, тазалау немесе жөндеу кем дегенде екі адамның қатысуымен жүргізіледі, оның біреуі сыртта тұрып іштегі жұмыс істеп жатқанды үнемі бақылап тұрады.

Ыдыстың ішіндегі жұмыскер арнайы киіммен, аяқ киіммен, каскамен және қорғаныс көзілдіріктерімен қамтамасыз етіледі.

248. Ыдыс ішіндегі жұмыстар наряд-шақтама бойынша жүргізіледі.

249. Ыдыстың барлық люктері мен лаздары онда адам жұмыс істеп жатқанда ашық, ыдыс үздіксіз желдетіліп тұрады.

250. Ыдыс ішінде жұмыс істеген кезде (ішкі бақылау, тазалау, жөндеу тағы сол сияқты) кернеуі 12 Вольттан аспайтын қауіпсіз жарықтандырғыштар қолданылады.

251. Компрессор қондырғысын тазалау және жөндегеннен кейін ыдыстың ішінде қандай да бөгде заттың қалып қоймауына көз жеткізеді.

252. Кәсіпорында стационар компрессор қондырғысының жөндеуін есепке алу журналы ашылады, онда бақылаушы тұлғаның құбырлы өткізгіш немесе ыдысты кезектен тыс техникалық куәландырудың қажеттілігін туындатпайтын орындалған жөндеу жұмыстары мен тазартулар енгізіледі, ал компрессор қондырғысының құрал-жабдықтарын күрделі жөндеуден кейін журналдағы жазбалардан басқа актілер құрылады (5 және 6-қосымшалар).

Ыдыс немесе құбырлы өткізгішке кезектен тыс техникалық куәландыру жүргізу қажеттілігін туындататын жөндеу жұмыстары туралы, жөндеу кезінде пайдаланылған материалдар туралы мәліметтер, пісіру сапасы туралы мәліметтер ыдыс немесе құбырлы өткізгіштердің төлқұжаттарына жазылады.

253. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен оның элементттеріне пісіруді қолданумен пісіру жұмыстарды бастамас бұрын дайындаушымен, аттестациядан өткізілген ұйымымен әзірленген технология бойынша жүргізіледі.

254. Пісіруді қолданумен компрессор қондырғысының құрал-жабдығын жөндеуге оқытудан өткізілген, айырықша жауапты тораптарды пісіруге рұқсаты бар және жеке таңба алған электрмен пісірушілер және газбен пісірушілер жіберіледі.



17-тарау. Техникалық құжаттама
255. Компрессор қондырғысы немесе бір текті компрессор қондырғылары тобында келесі техникалық құжаттамалар бар:

1) компрессорлар төлқұжаты;

2) компрессорды монтаждау және пайдалану жөнінде дайындаушының нұсқаулығы;

3) компрессор қондырғысының әрбір ыдысына төлқұжат (май ылғал айырғыш, ауа жинағыш, газ жинағыш, қысыммен жұмыс істейтін басқа да ыдыстар).

Ыдыстың төлқұжатына мыналар қоса беріледі:

монтаждау сапасы туралы куәлік;

құбырлы өткізгіштердің (сығылған ауа, инертті газ, суытылған су, май) орындау сұлбасы, онда әрбір бекітуші және реттеуші органға (вентиль, ысырма, кран, кері клапан), шеткі және аралық тоңазытқыштар, май ылғал айырғыштар, ауа жинағыштар, газ жинағыштар, бақылау-өлшеу аспаптары, сақтандыру қалқаншалары, ауа өлшеуіштер, газ өлшеуіштер, автоматты басқару құралдары орнату орны мен берілген номер көрсетіледі. Сұлбада қысым көзі, жұмыс ортасы, оның параметрлері көрсетіледі. Құбырлы өткізгіштердің орындау сұлбасы ұйымның техникалық басшысымен бекітіледі және машина залында көрінетін орында ілінеді;

әрбір сақтандыру қалқаншасының өткізу қабілеті есептелуі бар төлқұжат;

4) құбырлы өткізгіштер төлқұжаттары (осы Талаптың 39 тармағы);

5) өндірістік бақылау жөніндегі Талап;

6) технологиялық регламенттер:

стационар компрессор қондырғысының жұмыс тәртібі мен қауіпсіз қызмет көрсету жөнінде;

аралық және шеткі тоңазытқыштар, май ылғал айрғыштар, ауа жинағыштар, газ жинағыштар, айдау құбырлы өткізгіштерін (цех ішілік және сыртқы) май қалдықтарынан тазалау жөнінде;

манометрлер, сақтандыру қалқаншалары, автоматты бақылау, басқару, дабыл беру және қорғаныс құралдарының іс әрекетінің оңтайлылығын тексеру және пайдалану жөнінде;

цилиндрлер және компрессорлардың қалқанша қорапшаларын күйік түзілуінен тазалау және бақылау жүргізу тәртібі туралы;

май висцин және құрғақ ауа сүзгілерін жиналған шаңнан тазалау және бақылау жүргізу тәртібі туралы;

ыдыстар және компрессор қондырғыларының айдау құбырлы өткізгіштерін техникалық куәландыру жүргізуге дайындау жөнінде;

құбырлы өткізгіштер мен компрессор қондырғыларының ыдыстарын саңылаусыздыққа пневматикалық сынақ жүргізу үшін;

сығылған ауа немесе инертті газдың суыту жүйесін (цилиндрлер құбырлары, аралық және шеткі тоңазытқыштар) қақтан, қойыртпақтан және басқа да ластанулардан тазалау жөнінде;

сақтандыру қалқаншаларына тексеру, жөндеу, реттеу және пломбылау жүргізу бойынша;

7) сақтандыру қалқаншаларына тексеру, жөндеу, реттеу және пломбылау жүргізу туралы акт;

8) компрессор қондырғысының жұмысын есепке алу журналы;

9) стационар компрессор қондырғысының жөндеулерді есепке алу журналы;

10) манометрлердің кезеңдік және бақылау тексерулерінің журналы;

11) компрессор (индустриалдық) майға төлқұжат сертификаттар;

12) компрессор қондырғысының жермен тұйықтау құрылғыларына төлқұжат;

13) стационар компрессор қондырғыларының жермен тұйықтау құрылғыларының кедергілерін өлшеу хаттамалары;

14) қызметкерлердің өндірістік оқыту нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білімін тексеру хаттамалары;

15) компрессор қондырғыларын профилактикалық бақылау, жоспарлы-алдын ала және күрделі жөндеу жүргізу кестелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет