Газ құбырларының трассаларын тексеру
Жер асты газ құбырының трассасының күйiн визуальды тексеру.
Жұмыстың мазмұны: Газ шығудың (шуыл және газ иісі, өсімдіктер түрінің өзгеруі сулы жерлерде көпіршіктердің пайда болуы, қар бетінің қараюы) сыртқы белгiлерiнiң анықталуымен газ құбыры трассасына сыртқы тексеру жүргізу. ЭХҚ құрылғысын ғимарат бағдарын, қабырғалық көрсеткіштерінің сақталуын тексеру. Газ құбырының ісінген, отырған, шіріген, жарылған және топырақ ыдырауын, су шайған жерлерін айқындау.
Қорғау патроны күйiн тексеру, жерден газ құбырының шығу орнындағы құбыр аралық кеңiстiкті тығыздау, газ құбырларының жерден шығатын орнында топырақтың деформациялануы жоқтығына көз жеткізу. Газ құбыры трасса төселімі ауданында жыралар, арқалықтар, өзендер, жылғалар, жағалаулар күйін тексеру. Газдану табылған жағдайда апаттық – диспечерлік қызметтіне хабарлап, бригаданың келуіне дейін қоршаған ортаны (үй тұрғындарын, жолаушыларды) ауа газдалғаны, электр приборын қолданбауы, ашық от жағуға болмайтыны туралы ескерту шараларын қабылдау. Қосымша құралдармен тексеру және газдалған төлелердi, цоколь және ғимараттың бірінші этажын, құдықтарды және жерасты ғимарат (коммуникациялар) камерасын газ құбырының екі жағы бойынша 50 метрге дейін қашықтықта желдету ұйымдастырылу қажет
1.6 Жер бетi газ құбырының техникалық күйiн визуальды тексеру
Газ шығуының сыртқы белгілері бойынша сыртқы газ құбырларына сыртқы тексеру жүргізу. Газ құбырының ретсіз иілісін, жалпаюын, дiрiлдеуін, кронштейндер және тiректердiң шектерiнде газ құбырының орын ауыстыруының жоқтығына көз жеткізу. Газ құбырларының түске боялғанын және бекітілу күйін визуальды тексеру. Тректердің зақымдалуын, отыруын және иілуінің жоқтығына көз жеткізу. Автокөлік жүретін орындарда габаритті белгілердің және электрохимиялық қорғау құрылымының сақталуын тексеру. Газ құбыры трассасын салу ауданында жыралар, арқалықтар, өзендер, жылғалар жағалауының күйін тексеру
Достарыңызбен бөлісу: |