Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттiгi мен жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн



бет1/7
Дата17.07.2016
өлшемі1.24 Mb.
#206068
  1   2   3   4   5   6   7
Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттiгi мен жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2012.11.28., № 778-784 (27855); 2012.12.11., № 818-823 (27894), 2012.12.22., № 842-846 (27917); "Казахстанская правда" от 28.11.2012 г., № 412-413 (27231-27232), от 06.12.2012 г., № 423-424 (27242-27243), от 11.12.2012 г., № 429-430 (27248-27249), от 12.12.2012 г., № 431-432 (27250-27251), от 13.12.2012 г., № 433-434 (27252-27253), от 22.12.2012 г., № 444-445 (27263-27264)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1,  15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Жер учаскесiнiң тиесiлiлiгi туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Жер учаскесiне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      9) «Жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      10) «Жер учаскесiне құқықтың алғаш берiлуiнiң құқық белгiлеушi құжаты туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      11) «Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      12) «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      13) «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      14) «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      «Заңды және жеке тұлғалардың мүлiктерiн тiркеу саласындағы мемлекеттiк қызметтер» деген 3-бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 97, 98, 99, 100-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «


97

Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлердi ресiмдеу және беру*

Жеке және заңды тұлғалар

ЖРБА

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлiмдерi және «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК

ХҚКО, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлiмдерi

Қағаз түрiнде (акт)

98

Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру*

Заңды тұлғалар

ЖРБА

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлiмдерi және «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК

ХҚКО, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлiмдерi

Қағаз түрiнде (акт)

99

Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлердi ресiмдеу және беру

Жеке және заңды тұлғалар

ЖРБА

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлiмдерi және «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК

ХҚКО, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлiмдерi

Қағаз түрiнде (акт)

100

Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру

Жеке және заңды тұлғалар

ЖРБА

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлiмдерi және «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК

ХҚКО, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлiмдерi

Қағаз түрiнде (акт)

»;

      «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттiк қызметтер» деген 15-бөлiмде:


      реттiк нөмiрлерi 452, 453-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «


452

Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту

Жеке және заңды тұлғалар

ЖРБА

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлiмдерi

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлiмдерi

Қағаз түрiнде (акт)

453

Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту

Жеке және заңды тұлғалар

ЖРБА

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлiмдерi

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлiмдерi

Қағаз түрiнде (бекiтiлген жерге орналастыру жобасы)

».

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:


      1) «Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 15-16, 132-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 19 мамырдағы № 545 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 481-құжат);
      3) «Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1429 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 94-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2012 жылғы 1 қарашадағы
№ 1392 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және
беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi дайындайтын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – мамандандырылған кәсiпорындар) қатысуымен және мекенжайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының филиалдары (бұдан әрi – орталық) арқылы көрсетедi.


      Мемлекеттiк қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында алыс орналасқан елдi мекендердiң тұрғындарына мемлекеттiк қызметтердi мобильдi орталық арқылы көрсетуге жол берiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 35, 36 және 43-баптары және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет жөнiндегi ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң www.auzr.kz интернет-ресурсында;
      2) уәкiлеттi органның стендiлерiнде;
      3) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында РМК;
      4) орталықтың стендiлерiнде орналастырылған.
      Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берiлуi мүмкiн.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi қағаз тасымалдағышта уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi беру немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебi жазбаша көрсетiлген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) уәкiлеттi органға өтiнiш жасаған сәттен бастап:
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнi берген кезде – 6 жұмыс күнiн;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнiн құрайды;
      мемлекеттiк қызмет алғанға дейiн кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
      мемлекеттiк қызмет алушыға өтiнiш берген күнi қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
      2) орталыққа өтiнiш жасаған сәттен бастап:
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнi берген кезде – 6 жұмыс күнiн;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнiн құрайды;
      мемлекеттiк қызмет алғанға дейiн кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
      мемлекеттiк қызмет алушыға өтiнiш берген күнi қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетiледi.
      Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн мемлекеттiк қызмет құны осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес мөлшерде есептеп шығарылады.
      Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi дайындау үшiн ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсiлмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы мамандандырылған кәсiпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсiпорын ғимаратындағы кассаларда жүргiзiледi, олар төлемнiң мөлшерi мен уақытын растайтын төлем құжатын (түбiртек) бередi. Төлем құжаттың (түбiртектiң) нысаны осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетiлген.
      9. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: дүйсенбiден жұма күнiн қоса алғанда, күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13-00-ден 14-00-ге дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндерi.
      Орталықтарда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, мемлекеттiк қызмет дүйсенбiден сенбi күнiн қоса алғанда күн сайын, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейiн үзiлiссiз көрсетiледi.
      Қабылдау «электрондық кезекке» тұру тәртiбiмен жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Мобильдiк орталықтар құжаттарды бекiтiлген кестеге сәйкес қабылдайды, алайда бiр елдi мекенде жұмасына жұмыс уақыты алты сағаттан кем болмауы тиiс.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) уәкiлеттi органның ғимаратында көрсетiледi, залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер, өтiнiш бланкiлерi бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар (пандус, лифт) көзделген;
      2) мемлекеттiк қызмет алушының қалауы бойынша орталық ғимаратында көрсетiледi, онда мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдай қарастырылған, өртке қарсы сақтық шаралары қабылданған. Залда анықтама бюросы, күту орындары, ақпараттық стендiлер орналастырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мыналарды ұсынады:


      уәкiлеттi органға:
      1) мемлекет уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын берген кезде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейiн) көшiрмесi;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не мемлекеттiк қызмет алушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына бұрын берiлген жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi туралы шешiмiнен үзiндiнiң және/немесе жер учаскесiне сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергендiгiн растайтын өзге құжаттың көшiрмесi;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейiн) көшiрмесi;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не мемлекеттiк қызмет алушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын беру кезiнде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын беруге өтiнiш;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi облыстық газеттiң уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнiң түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы;
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не мемлекеттiк қызмет алушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
      Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың, өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың және өкiлеттi өкiлдiң жеке бас куәлiгiнiң көшiрмелерiн тексеру үшiн олардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады;
      орталыққа:
      1) мемлекет жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын берген кезде:
      1) мемлекет уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын берген кезде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейiн) көшiрмесi;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi – заңды тұлғаға;
      мынадай құжаттардың мәлiметтерi:
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшiн;
      мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi – заңды тұлға үшiн;
      2) жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына бұрын берiлген жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi туралы шешiмiнен үзiндiнiң және/немесе жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергендiгiн растайтын өзге құжаттың көшiрмесi;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейiн) көшiрмесi;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi – заңды тұлғаға;
      мынадай құжаттардың мәлiметтерi:
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшiн;
      мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi – заңды тұлға үшiн;
      3) жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын беру кезiнде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 6-қосымшасында берiлген нысан бойынша уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын беруге өтiнiш;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы төлем құжаты (түбiртек);
      жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi облыстық газеттiң уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнiң түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы;
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi – заңды тұлғаға;
      мынадай құжаттардың мәлiметтерi:
      мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшiн;
      мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi – заңды тұлға үшiн.
      Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн орталық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкерi мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен берiлген құжаттар көшiрмелерiнiң түпнұсқамен сәйкестiгiн тексередi, содан кейiн мемлекет қызмет алушыға түпнұсқасын қайтарып бередi.
      12. Өтiнiштердiң бланкiлерi уәкiлеттi органның анықтама бюросында болады.
      Орталықта мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiштердiң бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанға орналастырылады немесе орталықтың консультанттарында болады.
      13. Уәкiлеттi органда құжаттарды қабылдауды осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жер учаскесiнiң орналасқан орнына байланысты уәкiлеттi органның уәкiлеттi тұлғасы жүзеге асырады. Орталықта құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкерлерi жүзеге асырады.
      14. Уәкiлеттi орган немесе орталық мемлекеттiк қызмет алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi, онда:
      1) сұраудың нөмiрi және қабылданған күнi;
      2) сұрау салынған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi;
      6) өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары.
      15. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi беру сенiмхатты, қолхатты және мемлекеттiк қызмет алушының не сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, мемлекеттiк қызмет алушының жеке өзiне не сенiм бiлдiрiлген тұлғаға жүзеге асырылады.
      16. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайда мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартады:
      1) аталған жер учаскесi бойынша сот шешiмдерiнiң болуы не сот қарауы жүрiп жатқаны туралы хабарламаның болуы;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзылуы жойылғанға дейiн прокурорлық қадағалау актiсiнiң болуы;
      3) бiр учаскеге құқықты ресiмдеуге қатысты бiрнеше өтiнiштiң болуы немесе құқықты ресiмдеу үдерiсiнде осы жер учаскесiнiң басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.
      Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе орталық мемлекеттiк қызметтi алушының құжаттарды тапсырған күнiнен бастап екi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себебi туралы жазбаша хабардар етедi.
      Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi сот шешiмдерi және прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша тоқтата тұру ол үшiн негiз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейiнгi, ал бiрнеше өтiнiштер түсу себебi бойынша тараптар арасында келiсiм орнатылғанға дейiнгi не заңды күшiне енген сот шешiмi ұсынылғанға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдырылған деп есептеледi.
      Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi тоқтата тұру туралы мәлiметтер тiркеу және есепке алу кiтабына енгiзiледi. Мемлекеттiк қызмет алушыға жер учаскесiне уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiнi ресiмдеудi тоқтата тұруға негiз болған құжатты және тоқтата тұру мерзiмдерiн көрсете отырып, ресiмдеудi тоқтата тұру себептерiн жою үшiн мемлекеттiк қызмет алушының кейiнгi iс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.
      Уәкiлеттi орган белгiленген мерзiм iшiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты бермеген жағдайда, оны беру күнiнiң мерзiмi өткеннен кейiн уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актi берiлген болып есептеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет