Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі



бет48/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   96
treatise203 (2)

2. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі
Жер қатынастарын реттейтін мемлекеттік органды бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Жалпы құзіреті бар органдар. Олардың қатарына: Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар жатады.
2. Арнайы құзіреті бар органдар. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі. Бұл агенттіктің құқықтық мәртебесі Жер Кодексінің 14-бабымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15 қаңтарда 2005 жылғы қабылданған қаулысымен бекітілген ережемен реттеледі.
3. Функционалды құзіреті бар органдар. Бұларға келесі органдар жатады: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Су ресурстарын басқару жөніндегі комитет, құқық қорғау органдары, прокуратура органдары, сот органдары, салық органдары.
Үкімет құзіреті Жер кодексінің 13-бабында қарастырылған. Жер кодексіне сәйкес, Ќазаќстан Республикасы Үкiметiнiң жер ќатынастарын реттеу саласындағы ќұзыретiне мыналар жатады:
1) Республиканың жер ќорын пайдалану мен ќорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) ќоршаған ортаны ќорғау жөнiндегi басќа да iс-шаралардың кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топыраќ ќұнарлылығын саќтау мен арттыру, жер ресурстарын ќорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу;
3) республикалыќ маңызы бар ерекше ќорғалатын табиғи аумаќтарды ќұру мен кеңейтуге, халыќаралыќ мiндеттемелердi орындау мен жердi ќорғаныс және ќауiпсiздiк ќажеттерi үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда барлыќ санаттағы жерден жер учаскелерiн беру және алып ќою, соның iшiнде сатып алу арќылы алып ќою;
4) жер учаскесiне меншiк ќұќығына және жердi пайдалану ќұќығына берiлетiн ќұжаттардың нысандарын бекiту;
5) облыстыќ өкiлдi және атќарушы органдардың аудандар мен облыстыќ маңызы бар ќалалардың шекарасын өзгерту мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын келiсу, сондай-аќ облыстыќ маңызы бар ќалалар төңiрегiнде ќала маңы аймаќтарын белгiлеу мен өзгерту;
6) жердi ерекше ќорғалатын табиғи аумаќтарға жатќызу және жердi осы аумаќтардың резервiне ќалдыру тәртiбiн, республикалыќ және халыќаралыќ маңызы бар ерекше ќорғалатын табиғи аумаќтардың тiзбесiн бекiту;
7) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзу тәртiбiн бекiту;
8) жердi пайдалану мен ќорғауды мемлекеттiк баќылауды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
9) облыстардың және астананың, республикалыќ маңызы бap ќалалардың арасындағы жер ќатынастарын реттеу;
Жергілікті өкілді органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзіреті Жер кодексінің 15-бабымен қарастырылған. Олардың тиiстi аумаќтарда жер ќатынастарын реттеу саласындағы ќұзыретiне мыналар жатады:
1) басќа да табиғат ќорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топыраќ ќұнарлылығын арттыру, жер ресурстарын ќорғау жөнiндегi аймаќтыќ бағдарламаларды бекiту;
2) ауылдыќ (селолыќ) атќарушы органдардың ќарамағына берiлген ауыл шаруашылығы алќаптарын ќоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер шаруашылыќ орналастыру жоспарларын бекiту;
3) жергiлiктi бюджеттер ќұрамында жер ресурстарын ќорғау және топыраќ ќұнарлылығын арттыру жөнiндегi шығыстарды бекiту;
4) жергiлiктi атќарушы органдар мен ұйымдар басшыларының жер ресурстарының пайдаланылуы мен ќорғалуының жай-күйi туралы есептерiн тыңдау;
5) Ќазаќстан Республикасыныѕ заң актiлерiнде белгiленген ќұзыретi шегiнде әкiмшiлiк-аумаќтыќ бiрлiктер арасындағы шекараны белгiлеу туралы шешiмдер ќабылдау;
Жергілікті атқарушы органдардың құзіреттері Жер кодексінің 16, 17, 18, 19-баптарында қарастырылған. Елдi мекендер жерiн ќоспағанда, аудан шекарасының шегiнде жер ќатынастарын реттеу саласында аудандыќ (ќалалардағы аудандардан басќа) атќарушы органның ќұзыретiне мыналар жатады:
1) жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2) жер учаскелерiн мемлекеттiк ќажеттiктер үшiн алып ќою, соның iшiнде сатып алу арќылы алып ќою;
3) басќа да табиғат ќорғау шараларының кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топыраќ ќұнарлылығын арттыру, жер ресурстарын ќорғау жөнiндегi аудандыќ бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне енгiзу және олардың орындалуын ќамтамасыз ету;
4) ауылдыќ (селолыќ) атќарушы органдардың ќұзырына берiлген ауыл шаруашылығы алќаптарын ќоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер-шаруашылыќ орналастыру жоспарларын тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне әзiрлеу және олардың орындалуын ќамтамасыз ету т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет