7 ТAҚЫPЫП. ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
Сұрақтары:
1. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу құқықтық механизмінің түсінігі.
2. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі.
3. Жер қатынастарын реттеу саласында арнайы орталық құзіретті органның құзіреті (Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттілік)
1. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу құқықтық механизмінің түсінігі. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу дегеніміз – ҚР аумағының жер тұтастығын және қол сұғылмаушылығын жерді табиғат байлығы ретінде сақтау, оны нысаналы пайдаланудың жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған биліктік-атқарушылық қызмет түрі болып табылады. Бұл қызметтің келесідей ерекшеліктері бар:
Бұл қызмет мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Мемлекет атынан құзіретті мемлекеттік органдар қызмет жасауға құқылы;
Бұл қызмет әрқашанда билікті, себебі жер ерекше объект, ол жердің аумағы табиғат байлығы, меншік объектісі және кез-келген қызметтің аумақтық негізі;
Мемлекет билігін тек заң ғана шектей алады;
Нарықтық жағдайда мемлекет экономикалық ынталандыру әдістерін көбірек қолданады.
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің түрлері:
заң шығарушылық; жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын заңдарды қабылдау қызметі;
заң орындаушылық; заң орындалуын қамтамасыз ету қызметі;
құқық қорғау қызметі; яғни кінәлі тұлғаны жауапкершілікке тарту.
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің әдістері дегеніміз – жер қатынастарын мемлекеттік реттеуде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Олар екі топқа бөліненді: әкімшілік және экономикалық. Экономикалық әдістердің өзі өз кезегінде келесі шараларды қамтиды:
жерді қорғау шараларын жоспарлау және қаржыландыру;
жерді ластағаны және пайдаланғаны үшін ақы төлеу;
жер меншік иелерінің мүдделерін сақтандыру; 2004 жылы 09 желтоқсанда өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы заң қабылданды.
жерді ұтымды нысаналы пайдаланғаны үшін экономикалық ынталандыру;
Достарыңызбен бөлісу: |