Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі



бет51/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   96
treatise203 (2)

Мемлекеттік жер кадастры - Қазақстан Республикасы жерінің табиғи шаруашылық жай-күйі, жер учаскесінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланушыларды есепке алу мен жер учаскесінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажеті мәліметтердің жиынтығы.
Жер кадастрының негізгі мақсаты – жер қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету. Жерге заттық құқықтардың азаматтық айналымы жерге меншік құқық жағдайында жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.
Жер туралы мәліметтер арнайы базалық құжаттармен реттеледі. Базалық құжаттарға келесілер жатады:

  • жер учаскесінің жер кадастрлық ісі;

  • мемлекеттік жер кадастрының кітабы;

жер кадастрының картасы;
Жер-кадастрлыќ ќұжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:

  • барлыќ деректемелердi (оларды шығарушы органның, мекеменiң, ұйымның атауын, күнiн, ќұжаттың нөмiрiн, мекен-жайын (ќұжатты алушыны) көрсету) толтыра отырып белгіленген үлгiдегi бланкілерде орындалады;

  • жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау жер ресурстарын басќару жөнiндегi орталыќ уәкілеттi орган белгiлейтiн техникалыќ талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;

  • мемлекеттiк ќұпияға жатќызылған жер учаскелерiнiң жоспарларында (сызбаларында) ќамтылатын мәлiметтер олардың ќұпиялылығын ќамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және саќталады.

Жер учаскесінің жер кадастрлық кітапқа жазба енгізілгеннен кейін оған жеке елдің аумағына қайталанбайтын нөмір беріледі. Кадастрлыќ нөмiрдi ќұру:

  • облыстың немесе республикалыќ маңызы бар ќалалардың, астананың кодымен;

  • ауданның немесе облыстыќ (аудандыќ) маңызы бар ќаланың кодымен;

  • есептi кварталдың кодымен;

  • жер учаскесiнiң есептi кварталдағы реттiк нөмiрiмен айќындалады.

Елдi мекеннiң кварталы, жұмыс кенттерi және ауылдыќ елдi мекендер, бағбандыќ және саяжайлыќ ќоғамдар, желiлік объектілер: темiр жол, автомобиль жолдары, жердегi, жер үстi және жер асты ќұбыр желiлерi бөлу жолаќтарымен, суаттар және басќалар есептi кварталдар болып табылады.
Жер учаскесi кадастрлыќ нөмiрiнiң екi алғашќы саны облыстың немесе республикалыќ маңызы бар ќалалардың, астананың кодын, одан кейінгi үшеуi - ауданның немесе облыстыќ (аудандыќ) маңызы бар ќаланың, одан кейінгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш сан - есептi кварталдың iшiндегі жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi. Барлығы он бір саннан құралады. Есептi квартал ішінде жер учаскелерiнiң саны 999-дан асќан жағдайда, осы есептi квартал iшінде ќалыптасатын келесi жер учаскелерiне төрт таңбалы реттік нөмiр берiледi.
Кадастрлық мәлімет шынайы объективті болуы үшін келесі қағидалар сақталуы тиіс:

  1. Мемлекеттің жер қорын түгелдей қамту;

  2. Жер кадастрын жүргізудің үздіксіздігі;

  3. Жер кадастрының әдістемелік негіз бірлігі;

  4. Жер кадастрын жүргізу органдарының бірыңғай жүйесінің болуы;

Жер кадастрының мәліметтері келесі жағдайларда қолданылады:

    • маќсатты тағайындауын ескерiп, жер учаскесiн пайдалану тиiмділiгiн аныќтау;

    • жер учаскесiн жеке меншiкке сатќан кезде оның бағасын (жер учаскесiн жалдау ќұќығын сату төлемiн) аныќтау;

    • салыќ салу;

    • жер учаскесiн мемлекеттiк ќажеттiктер үшiн ерiксiз алу кезiнде және иелiктен айыру жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен аныќтау маќсатында жүргiзiледi.

    • жер учаскесімен мәміле жасау;

    • жерге төлем мөлшерін анықтау;

    • құқықтық басқа кадастрды жүргізу үшін.

Жер кадастры деген ұғымды құқықтық кадастр деген ұғымнан айырып қарау керек.
Құқықтық кадастрды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы N 310 Заңымен реттеледі.
Құқықтық кадастр дегеніміз – жерге меншік пайдалану және басқа да құқықтары және олардың иелері сонымен қатар, жер учаскесінде жасалатын мәмлелер, оларға берілген ауыртпалықтар туралы мәліметтердің жиынтығы. Құқықтық кадастрды тіркеуші органдар жүргізеді және онда жылжымайтын мүлікке қолданылатын және тоқтатылған құқықтар және тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иелері туралы мәліметтер, құқықтық кадастрдың мәліметтеріне бар сұрау салулар туралы ақпарат қамтылады.
Құқықтық кадастр:
1) тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабынан; Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабын тіркеуші органдар жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және өзге де тіркеу объектілерін мемлекеттік тіркеуге берілген өтініштердің арасындағы басымдықты есепке алу және белгілеу мақсатында жүргізеді. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабына енгізілген өтініштердің арасындағы басымдық мемлекеттік тіркеуге өтініш берілген күні, сағаты және минуты бойынша белгіленеді. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабының нысанын, мазмұнын және жүргізілу тәртібін уәкілетті орган айқындайды
2) тіркеу кітабынан; Тіркеу кітабы жылжымайтын мүлік объектілеріне толтырылатын тіркеу парақтарынан тұрады. Жекелеген тіркеу парақтары жер учаскесіне, жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне, онда орналасқан бастапқы жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге жер учаскесіне толтырылуы мүмкін.
Тіркеу парағы төрт бөлімнен: жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, үстемдікке ие жер учаскесінің немесе жылжымайтын мүліктің басқа объектісінің пайдасына белгіленетін сервитуттар бөлініп көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтардың тізілімі, кепіл бөлініп көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалықтарының, сондай-ақ жылжымайтын мүліктен туындайтын міндеттемелердің тізілімі, заңдық талаптардың және жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтар ауыртпалықтарының туындауына әкеп соқпайтын мәмілелердің тізілімінен тұрады
3) құқықтық кадастрдан мәліметтер беруге сұрау салуларды есепке алу кітабынан; Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабын тіркеуші органдар келіп түсетін сұрау салуларды және құқықтық кадастрдан берілген ақпаратты есепке алу мақсатында жүргізеді. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабының нысанын, мазмұнын және жүргізілу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
4) тіркеу істерінен; Тіркеу ісі әрбір жер учаскесіне жеке жүргізіледі және құқық белгілейтін және тіркеуге берілген өтінішке қоса тіркелген басқа да құжаттардың көшірмелерін, соның ішінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың көшірмелерін, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің осы объектісіне немесе оның құқық иелеріне қатысты тіркеуші органның құжаттарын қамтиды. Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектісінің әрбір кейінгі объектісіне жеке тіркеу ісі жүргізіледі.
5) ақпараттық жүйеден тұрады. Құқық иесінің сәйкестендіру деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің аты мен туған күнін, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірін) қоспағанда, азаматтар және басқа да құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер (дербес деректер) берілмейді.
Жылжымайтын мүлікке мынадай құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:
1) меншік құқығы;
2) шаруашылық жүргізу құқығы;
3) оралымды басқару құқығы;
4) кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;
5) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар.
Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтардың мынадай ауыртпалықтары құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:
1) кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде жалға беру, өтеусіз пайдалану, сервитуттар, өмір бойы қарауында ұстау құқығы;
2) сенімгерлікпен басқару құқығы, оның ішінде қорғаншылық, қамқоршылық кезінде, мұралық құқық қатынастарында, банкроттықта және басқаларында сенімгерлікпен басқару құқығы;
3) кепіл;
4) тыйым салу;
5) мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде жылжымайтын мүлікті пайдалануға, оған билік етуге немесе белгілі бір жұмыстарды орындауға шектеу қоюы (тыйым салуы);
6) басым мүдделерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жылжымайтын мүлікке құқықтардың өзге
ауыртпалықтары.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдау; Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу құқық иесінің, мәміле тараптарының (қатысушыларының), мемлекеттік органның (оның уәкілетті өкілінің) немесе өзге де уәкілетті адамдардың тіркеуші органға берген өтінішінің негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі және мынадай құжаттарды: белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті; жылжымайтын мүлікке техникалық паспортты және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, құқық белгілейтін және тіркеу объектісін растайтын өзге де құжаттарды; өтініш берушінің (жеке тұлғаның) және өтініш берушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін; жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым төлегенін растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
2) жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру;
3) тіркеу парағына жүргізілген тіркеу немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгізу;
4) құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасау;
5) жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет