Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жер мониторингінің түсінігі, құрылысы, мазмұны



бет52/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   96
treatise203 (2)

3. Жер мониторингінің түсінігі, құрылысы, мазмұны
Жер мониторигісі – жер қорын мемлекеттік басқарудың негізгі бастаушы элементі. Жер мониторигісі болып жатқан өзгерістерді уақытылы анықтау оларды бағалау одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процесстерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін базалық жедел мерзімді байқау жүйесін білдіреді. Жер мониторигісі мақсаттары, міндеттері, құрылымы оның жүзеге асырылу тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексімен және 19 қыркүйек 2003 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ќазаќстан Республикасында жер мониторингiн жүргiз және оның деректерiн пайдалану туралы» қаулысымен реттеледі.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жер мониторингісін жүргізу бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылады. Мемлекетаралық және халықаралық жер мониторигісін қаржыландыру Қазақстан Республикасының басқа мемлекетпен жасаған шарттармен келісімдерге сәйкес жүргізіледі.
Жер мониторигісі міндеттері:

  • жер жай-күйінің өзгерістерін уақытылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процесстерді болдырмаумен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

  • мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпаратпен қамтамасыз ету.

Жер мониторингісі:

  • жүйелi байќауларды, iздестiрулердi, суретке түсiрулердi, тексерулердi (ќайта тексерулердi және түзетулердi) орындау;

  • жердiң жай-күйiн талдау мен бағалауды жүргiзу;

  • жердiң ќұнарлылығына антропогендi әсер етудi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;

  • белгiлi бiр уаќыт кезеңiнде жердiң сапалыќ жай-күйiн болжауды әзiрлеу;

  • жер туралы деректер банкiн ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарды ќамтиды.

Жер мониторигісін жүргізу барысында жердің сапалық жағдайына әсер ететін келесідей процесстер анықталады:

  1. Эволюциялық (дамудың табиғи тарихи процестерімен байланысты);

  2. Кезеңдік (күндік, мезгілдік және басқа да сипаттағы өзгерістер);

  3. Антропогендік (адам қызметімен);

  4. Төтенше жағдайлар (экологиялық апаттар);

Жер мониторингісі ақпараттық қайнар көзіне бақылаудың, зерттеудің, инвентаризациялаудың нәтижелері, архивтік мәліметтер және жер сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жатады. Жер мониторингісін объектісі – меншік нысанына, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық ҚР жері танылады.
Мониторинг жердiң нысаналы маќсатының ерекшелiгi ескерiле отырып жүргiзiледi және жердiң санаттарына сәйкес келетін мынадай ќосымша жүйелерге бөлiнедi:

    • ауыл шаруашылығы маќсатындағы жердiң мониторингi;

    • елдi мекендер (ќалалар, кенттер мен ауылдыќ елдi мекендер) жерiнiң мониторингi;

    • өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ќорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы маќсатына арналмаған жердiң мониторингi;

    • ерекше ќорғалатын табиғи аумаќтағы жердiң, сауыќтыру маќсатындағы, рекреациялыќ және тарихи-мәдени маќсаттағы жерлердiң мониторингi;

    • орман ќоры жерiнiң мониторингi;

    • су ќоры жерiнiң мониторингi;

    • босалќы жердiң мониторингi.

Аумаќтыќ ауќымына ќарай жердiң республикалыќ, өңiрлiк және жергілiктi мониторингi жүзеге асырылады:

  • республикалыќ - Ќазаќстан Республикасының бүкiл аумағын ќамтиды;

  • өңiрлiк - физикалыќ-географиялыќ, әкiмшілiк, экономикалыќ және өзге де шекаралармен шектелген аумаќтарды ќамтиды;

  • жергiлiктi - жекелеген жер учаскелерi мен ландшафтыќ-экологиялыќ кешендердiң ќарапайым ќұрылымдарына дейiнгi өңiрлiк деңгейден төмен аумаќтыќ объектiлерде жүргiзiледi.

Жер мониторингiн жүргiзудiң мерзiмдерi мен кезеңділiгiне ќарай жердiң жай-күйiн баќылаудың мынадай:

  • базалыќ (бастапќы жер мониторингiн жүргiзудi бастау сәтiндегi баќылау объектiлерiнiң жай-күйiн тiркейтiн);

  • жедел (ағымдағы өзгерiстердi тiркейтiн);

  • кезеңдiк (бiр және одан көп жылдан кейiн) түрлерi жүзеге асырылады.

Жер мониторингi жөнiндегi аќпаратты алу үшiн:

  • ќашыќтыќтан тексерiп-байќау (ғарыштыќ аппараттардан, биiкке ұшатын ұшаќтардан, шағын авиацияның және басќа да ќұралдардың көмегiмен суретке түсiру және баќылау);

  • жер бетiнде суретке түсiру (топыраќтыќ, геоботаникалыќ және басќа да) және аумаќтыќ-аймаќтыќ желi пункттерiндегi баќылаулар;

  • жердi түгендеу, жер-кадастрлыќ ќұжаттама;

  • ќор деректерi (карталар, картограммалар, схемалар, кестелiк және басќа да материалдар) материалдары пайдаланылады.

Ғарыштыќ жеткiзгiштен суретке түсiру мен баќылау республикалыќ және өңiрлiк деңгейлерде жердiң жай-күйiнiң сипаттамасын алу үшiн орындалады. Жер бетiндегi баќылау, зерттеу, тексеру және суретке түсiру стационарлыќ және жартылай стационарлыќ алаңдарды, түйiндi учаскелердi, полигондарды және бейiндердi пайдалану арќылы жердiң барлыќ санаттары бойынша жүргiзiледi. Жер мониторингiнiң нәтижелерi ќағаз жеткiзгiштермен де, аќпаратты электрондыќ жинаќтау, өңдеу және саќтау жүйелерiн пайдалану арќылы да есептер, кестелер, карталар және картограммалар түрiнде ресiмделедi.


Жер мониторингi бойынша алынған аќпаратты облыстың (республикалыќ маңызы бар ќаланың, астананың) жер ресурстарын басќару жөнiндегi тиiстi аумаќтыќ органдары ќорытады әрi талдайды, ол мұрағаттар мен автоматтандырылған аќпараттыќ жүйенiң деректер банкiнде жинаќталады және саќталады.
Базалыќ ќұжаттарда өңiрлiк объектiнiң немесе жер учаскесiнiң бастапќы (аялыќ) жай-күйi тiркеледi. Базалыќ ќұжаттарға жердiң жай-күйiнiң бастапќы таќырыптыќ карталары, картографиялыќ материалдар және жердiң сапалыќ жай-күйi туралы жиналған мәлiметтер жатады. Бiрiзділендiрiлген нысандар, оларда жердiң жай-күйiнiң тiркелген өзгерiсi көрсетiлген кестелер есептiк ќұжаттар болып табылады.
Жердiң мониторингi жөнiндегi ќұжаттама мынадай талаптарға сәйкес келуi:

  • белгiленген үлгiдегi бланкiлерде атќарылуы;

  • картографиялыќ материалдар жер ресурстарын басќару жөнiндегi орталыќ уәкiлеттi орган белгiлеген техникалыќ талаптарға сәйкес әзiрленуi;

  • мемлекеттiк ќұпияға жатќызылған жер учаскелерiнiң жоспарларында (сызбаларында) ќамтылған мәлiметтер олардың ќұпиялылығын ќамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылуы және саќталуы тиiс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет