5. Жерлердi қopғay және ұтымды пайдалануға мемлекеттiк бақылау жасаудың мiндеттерi мен мақсаттары
Жерді қорғау – қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға жерді ұтымды пайдалануға жерді орман және ауыцлшаруашылығы айналамынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, техникалық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.
Жерді қорғау мақсатында мемлекеттік жердің меншік иелерімен пайдаланушылардың алдына көптеген талаптар мен міндеттер қояды:
1. Жерді пайдалану кезіде экологиялық нормативтерді орындау талабы. Жерге қатысты 1 норматив бар ол: ‘Топырақтар зиянды заттарға жол беруге болатын шекті шоғырлану нормативтері’
2. Жердің жай күйіне әсер ететін үйлерді құрылыстарды, ғимараттарды басқа да объектілерді салуға дейін олардың жобаларын және басқа да дайындық құжаттары, экологиялық, санитарлық және басқа да талаптарға жауап беруін тексеру.
3. Жер кодексіне сәйкес жердің иелері мен пайдаланушыларына жерді қорғау мақсатында қосымша міндеттер көрсетілген.
4. Азып-тозған және ластанған жерлерді заңда көрсетілген жағдайда Үкіметтің тәртібіне сәйкес консервациялауға жатқызады.
Жерді консервациялау дегеніміз - жерді қалпына келтіру және қорғау мақсатында уақытша түрде шаруашылық айналымынан алып қою болып танылады. Бұл келесі жерлер:
Химиялық, биологиялық, радиоактивтік және т.б. зиянды заттар мен рұқсат етілген мөлшерден тыс ластанған өндіріс және тұтыну қалдықтарымен сарқынды суларымен сондай-ақ карантиндік зиянкестермен өзіндік аурулары жұққан жерлер жатады. Бұл жерлерде адамның өмір сүруіне ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге мал жаюға мүлдем тыйым салынады. Мұндай жер егелеріне басқа да жер учаскелері және келтірілген шығындар толығымен өтеледі. Алып қойылған жер облыс әкімінің шешімі негізінде босалқы жер санатына ауыстырылады және арнайы белгілермен белгіленеді.
6. Жерге ақы төлеу. Жер салығы бойынша жеңілдіктер. Жер дауларын шешу. Жерді аймақтарға бөлу.
Жерге ақы төлеу дегеніміз – жер учаскесін пайдаланудың экономикалық нәтижесіне байланысты болмайтын, белгілі бір аймақта орналасқан, белгілі бір сападағы және шаруашылық құндылығы бар жер учаскесінің бірлік алаңы үшін белгіленген сома. Жерге ақы төлеу жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерді пайдаланғаны үшін, жер учаскесін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке сатып алғаны үшін немесе жер пайдалану құқығын алғаны үшін жер заңдарымен, салық заңдарымен немесе өзге де заңдармен белгіленген бекітілген мөлшердегі соманы төлеу жөніндегі әрекеті болса, жер төлемдері жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған нақты жер учаскесі үшін белгіленген сома болып табылады. Әрине жер төлемдерінің мөлшеріне жер учаскесінің орналасқан жері, сумен қамтамасыз етілуі, топырағының құнарлылық сапасы т.б. факторлар әсерін тигізіп отырады.
Сонымен қатар, жер төлемдерін екі түрлі мағынада қарастыруға болады: экологиялық мағынада және экономикалық мағынада. Экологиялық мкағынадағы жер төлемдерінің қатарына жерді қорғау және сапасын жақсартқаны үшін төленетін төлем, жерді ластағаны үшін төленетін төлем жатқызылған болса, экономикалық мағынадағы жер төлемдерінің қатарына жер салығы, жердің нарықтық құны, жер ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем, жердi мемлекеттік меншіктен жеке меншiкке немесе пайдалану құқығына алғаны (сатып алғаны) үшiн төленетін төлем т.б. жатқызылған.
Жер учаскесінің экономикалық құндылығы келесідей негiзгi үш белгісі арқылы белгiленедi:
1. Жер учаскесінің негiзгi мақсаты, яғни, бұл жер учаскесi қолданылатын мақсатты санаты; Жердiң негiзгi мақсатта пайдалану белгiсi жер учаскесiн бағалаудағы басқа екi белгiнi сипаттап ашуға мүмкiндiк бередi: мысалы, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер үшiн бұл жерлердiң мәндi белгiлерi болып, оның құнарлылығы, топырағының физикалық-химиялық құрамы, өзге де минералды және органикалық құрамдарының бар болуы танылса, ал, өнеркәсiп, транспорт және өзге де мақсаттағы жерлер үшiн маңызды белгiлерi болып оның бедерi, пайдалы қазбаларының бар болуы, гидрологиялық және геологиялық қасиеттерiнiң бар болуы танылады;
2. Жердiң сапасы, яғни, жер учаскесiнiң белгiлi бiр шаруашылық мұқтаждықтарын қанағаттандыра алу деңгейi; Жердiң сапасы жердiң белгілі бір табиғи қасиеттерiне деген сұраныс деңгейімен анықталады;
3. Жер учаскесiнiң экономикалық шаруашылық кеңiстiкте нақты орналасуы, яғни оның бағасын мына қағидадан анықтауға болады: жер пайдалану шығындарының төмендiгi және жердiң экономикалық тиiмдiлiгiнiң жоғарлығы
Жерге ақы төлеудің түрлерін келесідей нысанда көрсетуге болады:
а) Жер салығы; Меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, жер салығы салынады.
б) Жалдау ақысы; Мемлекет уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) берген кезде жер учаскелері үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы алынады. Жер учаскелерін пайдалану төлемақысын есептеу және жергілікті бюджеттің кірісіне төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес анықталады. Егер жалға алушы тұлға шетел мемлекеттері болған жағдайда, жер учаскелерін пайдалану төлемақысының мөлшері Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда айқындалады.
в) Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны немесе жердің нормативтік құны; Бұл жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган мемлекеттің жеке меншікке өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес, оған түзету коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді.
г) Жер учаскесінің нарықтық құны; Яғни меншік иесі жер учаскесін сатқан немесе жалға берген кезде, мемлекеттік емес жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын басқа тұлғаларға оқшаулаған кезде, сондай-ақ ол жер учаскесін кейінгі жер пайдаланушыларға жалға берген кезде жер учаскелері үшін төлемақының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес сату-сатып алу немесе мүлік жалдау шарттарымен айқындалады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 385, 438, 546-баптарына сәйкес, шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді деген.
Достарыңызбен бөлісу: |