Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі



бет6/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
treatise203 (2)

Жер құқығының қағидалары

Құқық қағидасы – бұл қоғамдағы құқықтың мазмұнын, оның мәнін және мағынасын сипаттайтын алға қоятын идеялар. Бір жағынан, олар құқықтың заңдылықтарын көрсетеді, екінші жағынан, құқықтық реттеудің барлық аясында әрекет ететін және барлық субъектілерге тарайтын жалпы нормаларды білдіреді. Бұл нормалар заңда тікелей қөрсетіледі немесе заңның жалпы мағынасынан туындайды. Құқық қағидалары заң шығарушы үшін алға қоятын идеялар ретінде бола тұрып, құқық нормаларын жетілдіру жолдарын анықтайды. Қағидалардың арқасында құқық жүйесі адам мен қоғамның маңызды мүдделері мен қажеттіліктеріне бейімделеді. Құқық қағидалары-құқықтың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділдік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады. Құқық қағидалары әділдік, туралық көрсеткіші болғандықтан тұрақтылығымен ерекшеленеді, олардың ұзақ уақыт бойына өзгермейтіндігі құқықтық нормалардан айырмашылығы болып табылады.
Заң әдебиеттерінде жер заңдары қағидаларына көп көңіл бөлінген. Қазақстандық ғалымдар ішінде С.Б. Байсалов, Д.Л. Байдельдинов, А.Е. Еренов, Н.Б. Мухитдинов және басқа да ғалымдар қағидаларды қағидаларды зерттеген. Ресей ғалымдарының ішінде бұл салада зерттеулер жүргізген ғалымдар – Б.В. Ерофеев, О.И. Колбасов, В.В. Петров және т.б.
Жер құқығының қағидалары дегеніміз – жер құқық қатынастарын реттеуде басшылыққа алынатын негізгі заңды түрде бекітілген бастамалар жиынтығы.
Атақты ғалым заңгер, Ә.Е. Бектұрғановтың пікірі бойынша, жер заңдарының қағидалары келесілер болуы керек дейді:

  • жерді табиғат объектісі, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен тіршілігінің негізі ретінде сақтау және қорғау;

  • жерде экологиялық қауіпсіздік шараларын сөзсіз іске асыру;

  • жерлерді мақсатты және ұтымды пайдалану;

  • ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің басымдығы;

  • жерге жердің жеке меншік иесіне және жер пайдаланушыларға зиян келтірмеу;

  • ақылы жер пайдалану;

  • жер нарығы тәртіптерін сақтау.

Жер кодексінің 4-бабында жер қатынастарын құқықтық реттеудің қағидалары аталған:

  • Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

  • Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

  • Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

  • Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Жерді нысаналы пайдалану;

  • Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің басымдығы;

  • Жердің жай-күйі және оған қол жетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шараларды мемлекеттік қолдау;

  • Жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою;

  • Жерді ақылы пайдалану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет