Жер кадастры



бет3/6
Дата19.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#148291
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтар:

  1. Жер кадастры объектісі дегеніміз не?

  2. Су қоры жеріне не кіреді?

  3. 10. Орман қоры жеріне не кіреді?

  4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар дегеніміз не?

  5. Бос жерлерді не құрайды?

  6. Жер учаскесіне анықтама беріңіз.

  7. Табиғи ауыл шаруашылық аймақтарды атаңыз.

  8. 5. Жер санаттарын атаңыз.

  9. 7. Елді мекенді жерлерге анықтама беріңіз.

  10. 8. Алқап дегеніміз не?


Дискуссиялық сұрақтар:

  1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге анықтама беріңіз.

  2. Жер қорының бірлік принципі немен қорытылады?

  3. Республиканың жер қоры қандай әкімшілік – аумақтық бірліктерге бөлінеді?

  4. Жер пайдалану және жер иеленуге анықтама беріңіз.

  5. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлеріне анықтама беріңіз.

  6. Жер алқаптарының түрлерін айтыңыз.



3. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
3.1 Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері
Жер учаскесінің жерін пайдалануға және (немесе) меншік құқығын алуға мүдделі физикалық және заңды тұлғалары Шымкент қаласы жер қатынастары бөліміне, жекелеген жағдайда жер учаскесі орналастырылған орны бойынша жергілікті атқару органына өтініш береді.

Өтініште көрсетілуі тиіс: жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның нақты көлемі, орналасқан орны, сұралынатын қолдану құқығы .

Өтінішке қоса тіркеледі:

- жеке басты куәландыратын куәлік;

- салықшының тіркеу нөмірі (СТН);

- инвентарлық іс;

- жер учаскесін бекіту негізі.

Жер учаскелері меншіктер иелері атынан және жер қолданушылар атанынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер –кадастрлық жұмысты орындаушы – тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер қолданушылар атынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер – кадастрлық жұмысты орындаушы – тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушының рәсімделген сенімхаты бар болса өтініш жасай алады.

Жер қатынастары бөлімі жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушылар, немесе жер – кадастр жұмыстары іске асырушы олардың өкілетті тұлғасына бекітілген тәртіпте қажетті мәліметтер (геодезиялық тірек желісінің қосынының координат каталогы, жер-кадастрлық істерінің көшірмесі және басқа да) кімге жұмыс жасалады. Жер учаскесіне қатысты, сонымен бірге көршілес жер учаскесінің қажеттілігі бойынша мәліметтер ұсынылады.

Жұмыс сапасы үшін және мәліметтің растылығына жер-кадастрлық жұмыстарын орындаушы тұлға жауап береді.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет көлем және мақсатты нысанды анықтау үшін тұрғылықты орны бойынша жер учаскесін зерттеумен ұсынылған құжатты тексеруді іске асырады. Айтылған өзгерістер болғанда, олар бекітілген тәртіпте атқару органында қайта бекітілуге жатады.

Жер учаскесінің шекарасын белгілеу (қайта белгілеу) табиғи шартқа, геодезиялық қамтамасыз ету, жоспарлы-картографиялық материалдардың барлығына, геодезиялық құралдармен жабдықталу деңгейінің мүмкіндігі кезекті тәсілдермен орындалады:

- геодезиялық;

- аэрофотогеодезиялық.

Тәртіп бойынша жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу бойынша жұмыстарды іске асыруда геодезиялық (теодолиттық жолдар, қиылыстырулар, полярлық әдістер және перпендикулярлық әдістер). Жер учаскесінің бұрылыс нүктелерінің координатымен анықталады.

Жер учаскесіне пайдаланушылар немесе меншік иесі тілек бойынша нақты координатсыз шекара (қайта белгілеуге) белгілеуге жіберіледі немесе (координатты анықтаудың графикалық тәсілі) берілген аумақ түрі үшін масштаб талаптарына және сапасы бойынша жауап беретін аэрофото жоспарлар және қазіргі карта негізінде графикалық координатын анықтаумен белгіленеді. Жер учаскесі жоспарында бұрылыс нүктесі координаты жоқ болғаны туралы тиісті жазба жасалады, немесе қор масштабының көрсетілуімен графикасы мен координаты анықталады.

Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушылар, немесе олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен белгіленеді. Жер учаскесінің шекаралары елді мекенде белгіленген үлгідегі межелік белгілермен бекітіледі.

Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу бойынша жұмыстар нақты жүйемен орындалады:

- Дайындық (кіріс материалдарын жинау, геодеректердің үзіндісін алу, жұмыс сызбасын дайындау және т.б.);

- Далалық (бұрыштарды геодезиялық өлшеу және желі шаралары, шекараларды тану, межелік белгілерді қою, шекаралардың желісін айдау т.б.с.).

- камеральды (далалық өлшем материалдарын өңдеу, көлемін есептеу, соңғы құжаттарды рәсімдеу);

Жер учаскесінің шекарасын белгілеу бойынша жұмысты аяқтағаннан кейін жер – кадастрлық картасына координаттары бойынша учаскенің шекарасы енгізіледі, егер координаттар анықтамаса, онда учаске шекарасы сипаттау бойынша байланыстыра картаға, топографикалық карта және жоспарға, фотокартаға, фотожоспарға (фото сызба) жасанды түрде енгізіледі. Жер учаскесінің контурында шекарасының координаты анықталғаны қисық сызықпен штрихтеледі.

Жер кадастрлық картасына (сызбасына) шекараларды енгізгеннен кейін жер – кадастрлық нөмірін беру туралы тізімге кіргізу жолымен кадастрлық нөмер беріледі.

Кадастрлық номер иерархиалық құрылымы бар, аумақтық бірлікке сәйкес 4 деңгейден тұрады:

- А – Республикалық мәндегі қала және облыстың коды;

- Б – облыстық мәндегі қала немесе әкімшілік ауданының коды;

- В – есеп тоқсаны коды;

- Г – жер учаскесінің нөмірлері.



А – бірінші деңгейінде екі разрядты ондық сан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.06.1996 жылғы №710 Қаулысының 1 тіркемесі «Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірін қалыптастыру мақсаты үшін облыстық сәндегі қала және әкімшілік ауданның берілген код тізіміне» сәйкес республикалық мәндегі қала немесе әкімшілік - аумақты 19 коды бар.

Б – екінші деңгейінде үш разрядты ондық санды кадастрлық нөмірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6.06.1996 жылғы №710 қаулысының екінші тіркемесі «Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірін қалыптастыру мақсаты үшін облыстық мәндегі қала және әкімшілік ауданының берілген код» тізіміне сәйкес облыстық мәндегі қала және әкімшілік ауданы коды көрсетілуді Шымкент қаласы 309.

Үшінші деңгейдегі кадастрлық нөмірде облыстық мәндегі қала немесе әкімшілік ауданының бөлігі болып табылатын квартал есеп коды көрсетіледі.

Кадастрлық бөлулер 1996 жылы қала құрылысын аумаққа бөлу материалдарын, орман құрылысы материалдарын негізін пайдаланумен электронды түрде (вектор) орындалған.

1:10000. Кадастрлық кварталдардың жалпы саны 139 құрайды.

Төртінші деңгейде – төрт разрядты сандар, есеп кварталындағы жер учаскесінің реттік саны.

Кадастрлық нөмірді құру мысалы: 19-309-139-487

Жер учаскесіне кадастрлық номер берілгеннен кейін Бірегей мемлекеттік жер реестрі дерегіне ену үшін тапсырыс бланкасы толтырылады.

Жер – кадастрлық құжаттары келесі талаптарға сәйкес болады.

Орындау бекітілген үлгідегі бланкада барлық деректермен толтырумен жүргізіледі. (Орган, мекеме, ұйым атаулары, олардың берген құжатының нөмірі, күні, адресат (құжат алушының) көрсетіледі.

Жер учаскелерінің шекарасын (сызба) жоспарын дайындау, мемлекеттік актісін дайындау.

Жер ресурстарын басқару бойынша орталық өкілетті орган бекіткен техникалық талаптарымен және жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттарды облыстық өкілетті органы берген (республикалық мәндегі қала) болып табылатын тіркеме).

- жер учаскесіндегі жеке меншіктегі – жеке меншік құқығы актісі;

- тұрақты жер пайдалану – тұрақты жерпайдалану құқығы актісі;

Уақытша өтеулі жер пайдалануда – уақытша өтеулі жерпайдаланулар құқығы актісі.

Жер учаскесінің меншік құқығы актілер заңды тұлғалар және азаматтарға акт бланкасын беру туралы, тұрақты жер пайдалану құқығына, уақытша өтеулі жерпайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметі Президентінің Жарлығы қазіргі күші бар 22.12.1995 жылғы №2717 «Жер туралы» заңымен, ҚР Үкіметінің 22.08.2003 жылғы №851 «жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттардың формаларын бекіту туралы» заңмен бекітілген. Жер учаскесіне меншік құқығы актісі, тұрақты жерпайдалану құқығы немесе уақытша өтеулі жерпайдалану қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

Акт екі данадан жасалады: біріншісі жер учаскесінің меншік иесіне беріледі, ал екіншісі Қазақстан Республикасы жерге орналастыру және жер кадастры бойынша мемлекеттік комитеті аумақтық органына сәйкес сақталады. Тұрақты жер пайдалану құқығы актісі бланкасы, жер учаскесіне меншік құқығы жоғары сапалы ақ қағазда дайындалады.

Жер учаскесіне қатысты көлемнің ұсынылған немесе пайдалануға сәйкес берілген бланк 210х300 мм және 300 х 420 мм құрайды.

Акт бланкасының таңдалған көлемінің негізгі талаптары болып, жоспар масштабындағы жер учаскесінің шекара желі өлшемі бейнелейді. Актінің титул жағы (бірінші беті) көкшіл түспен болып және мазмұны мынадай болуы керек:

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гербі

- актінің атауы;

- көркемдік рама;

- қорғаныш торы.

Екінші бетінде сұр түспен кадастрлық нөмер, рет бойынша журналда берілген акті нөмірі, жер учаскесінің меншік иесі немесе заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты мекен-жайы жазылады. Жер учаскесінің мақсатты нысаны көлем (га).

Жер учаскесін шектеу немесе уақытында тоқтату.

Актіні беру негізі.

Үшінші бетте жер учаскесінің жоспары, оның орналасу орны, көршілесін сипаттау және байланыстыру желісін шығаруы орналасады. Төртінші бетте жер учаскесінің бөгде меншік иелері және жер пайдаланушылар оларға бекітілген жер көлемі тізім таблицасымен орналасады, тұрақты жер пайдалану құқығы, жер учаскесіне меншік құқығы актісін жазатын кітапқа актіні беру жазғанындай қандай нөмірмен жазылғаны,сонымен бірге актіні жіберген жерге орналастыру және жер қатынастары бойынша тиісті орган төрағасының аты, жөні, тегі, қол қою орны, актіні беру күні көрсетіледі.

Жер учаскесі толық қалыптасып бітті деп есептеледі, егер оның шекарасы белгіленсе және кадастрлық ісі ашылса.



3.2 Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің мақсаттары мен әдістері
Мемлекеттік тіркеу жүргізетін органның басты мәселелері болып:

1. Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығын және олармен келісім шарт жүргізеді, заңды тұлғаларды, жылжымалы мүліктің келісімін тіркеу, филиалдардың және өкілдердің есептік тіркеуін жүзеге асыру;

2. Құқықтық территориалдық органдардың жұмысы және мемлекеттік республикалық Комитеттің подведомостволық өндірісін ұйымдастыру;

3. Құқықтық кадастрды, заңды тұлғалардың, бірыңғай мемлекеттік тіркеуші және филиалдар мен өкілдердің реестрін енгізуі.

4. Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығын және олармен келісім шарт жүргізуді, заңды тұлғалардың жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу, филиалдар және бірыңғай методологиялық базаны өндіру.

Басқару органы тапсырыс берушінің құжаттарының түгелдігін тексереді:

1. Жылжымайтын мүлікке тіркеу құқығын беру өтініші;

2. Жылжымайтын мүлікке тіркеу құқын беретін құжаттар;

3. Тіркеу органдарының қызметіне төлем ақысын көрсететін құжаттар;

4. Өтініш берушінің жеке басты қуәлігі, сондай-ақ заңды тұлға өкілінің беделін көрсететін құжаттар.

Тіркеуші жерге құқықтың қолданылу растығын анықтайтын жағдайда тексеру керек.

Өтініш беруші қажетті талаптарға сай болуы керек: әрекет қабілеті және құқықтық қабілеті бар болуы керек.

Өтініш беруші ретінде меншік иелері мен жерге басқа құқығы бар мемлекеттік тіркеуді міндетті қажет ететін, сонымен қатар ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетел азаматы, Қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар шыға алады.

Өтініш беруші тіркеу органына:

1. Жер төлеміне құқықты тіркеу жайында өтініш

2. Жер төлемін құқықты растайтын құжаттар.

3. Тіркеу органының көрсеткен қызметін банктен төлемін көрсететін қағазға төлем ақысын көрсететін құжаттар.

Жеке тұлғаның өтінішінде тіркеу органының аты, өтініш берушінің аты - жөні, тегі, мекен жайы, жеке бас куәлігі, жер учаскесінің орналасқан жері және аты, тіркеу құқығының категориясы керекті құжаттардың тізімі және басқа бекітілген түрге сәйкес мәліметтер көрсетілуі қажет.

Заңды тұлғаның өтінішінде: тіркеу органының аты, заңды тұлғаның аты заңды мекен жайы, жер учаскесінің орналасқан жері және аты, тіркеу органының категориясы керекті құжаттың тізімі және басқа бекітілген түрге сәйкес мәліметтер көрсетілуі қажет. Сондай-ақ заңды тұлға тіркеу жайлы куәлікті, сауда реестрынан көшірмесі және осы мемлекеттің заңына сәйкес берілген субъект заңды тұлға екенін растайтын басқа да құжаттарды көрсетеді.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тарту келесідей негіздемелер бойынша жүзеге асады:

- сенімсіз адам өтініш берсе немесе жеке басын куәландыратын құжаты және өкілеттігі болмаса;

- құжаттарда тазартулар, қосымша жазулар жазылған, сызып тастаған сөздер мен өзгеде ескертілмеген түзетулер болса;

- құжаттардың түпнұсқасында немесе олардың көшірмелерінде қажетті қолдар мен мөрлер болмағанда, мекен-жайлары, аты-жөндері немесе заңды тұлғалардың атаулары дұрыс көрсетілмегенде;

- талап беруші құжаттар жиынтығын толық немесе дұрыс рәсімдемеген жағдайда;

- тіркелуге төленетін алым туралы құжат болмағанда;

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерін белгіленген заңдар жүйесінде белгіленген тәртіппен Құқықтық кадастрдың тіркеу парағына жеке-жеке жазады.

Тіркеу тоқтатыла тұрғанда немесе одан бас тартылған жағдайда құқықтық кадастрда тиісті жазба жасалады. Тіркеуден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге бас тартылу себебі туралы жазбаша нысанда хабар жіберіледі. Хаттың көшірмесі, бұрынырақ осы жылжымайтын мүлікке арнап ашылған іске тіркеледі.

Егер тіркеуге бас тартудың негізі болатын жағдайлар жойылған кезде, талап беруші тіркеуші органға жанадан өтініш беруге болады.



Бақылау сұрақтар:

1. Жерге қатысты мемлекеттік құқықты тіркеудегі тәртібі мен шарттары.

2. Жерге қатысты мемлекеттік құқықты тіркеу.

3. Хаттау кезіндегі тіркеушінің міндеті.

4. Хаттау кезіндегі өтініш берушінің міндеті.

5. Жерге қатысты мемлекеттік құқықты тіркеу кезінде қандай кездері бар.

6. Қандай жағдайларда тіркеу жасалынбайды.

4. ТОПЫРАҚТАРДЫ БОНИТЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕРЛЕРДІ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ
Бүгінгі күнде жерді бағалаудың қажеттілігі жер қатынастарының өзгеруіне және жерді, жер пайдалану құқығын сату-сатып алу мүмкіндігінің пайда болуына байланысты өсуде.

Ауыл шаруашылық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру негізінде жерді экономикалық бағалау жалпы мемлекеттік жер-кадастрының құрам бөлігіне кіреді. Жер учаскелерінің сапасы әр түрлі болғандықтан, олардың әр қайсысына жұмсалған бір көлемдегі еңбек әр түрлі өндірістік нәтиже береді. Бұл жағдай өндірісте ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу көрсеткіштеріне әсерін тигізеді. Сондықтан жер кез келген өзге өндіріс құралы сияқты өзінің өндірістік қабілетіне сай бағалануы тиіс.

Жерді бағалау нәтижелері іс жүзінде нақты мәселелерді шешуде, жерді тиімді пайдалану мен талдауды жоспарлауда; жер төлемдерін реттеуде, жер пайдаланымдардың оптимальды, оңтайлы мөлшерін анықтауда; жерді пайдалануды және қорғауды бақылауда, жерді алып қою кезінде шығындарды қайтаруда атқаратын міндеті зор.

Қазіргі кезде кез келген жағдайда пайдалануға болатын жерді бағалау тәсілі жоқ. Жер халық шаруашылығында әр түрлі рөл атқарады, мақсатына байланысты жерді әр тұрғыдан бағалауға болады. Соған орай бағалау әдістері де әр түрлі болады. Мемлекетіміздің әр даму сатысында жерді бағалаудың әр түрлі жүйелері болды. Мәселен кеңестік Қазақстанда жерді бағалауда топырақтарды бонитеттеу, Республика аумағын табиғи-ауыл шаруашылық және топырақ климаттық аймақтау, жерлерді экономикалық бағалау жұмыстары жүргізілген. Осы жұмыстар нәтижелері ауыл шаруашылық салаларын орналастыруда, жоспарлауда, ауыл шаруашылық өнімдерінің сату бағаларын жіктеуде, реттеуде, жердердің пайдалауын салыстырмалы талдауда пайдаланылды.

Ауыл шаруашылығында жер негізгі өндіріс құралы болып қаралады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылық алқаптарының көлем бірліктерінен түсетін жалпы кірісті, шығын мен таза пайданың қатынасын анықтау және капиталдау коэффиценті (банкілік пайыз + тәуекел ету) арқылы жердің нормативтік бағасын есептеу бойынша жердің құны анықталады.

Жер – қалалар және басқа да елді мекендер (кенттер, селолар және ауылдар) үшін, құрылыс, өндіріс, байланыс және тағы басқасы үшін орналасу базисі. Бұл ретте, жердің нормативтік бағасы – оны пайдалану мақсатына, салынатын объектінің бағасына, алынатын өнімнен түсетін кіріске, инфроқұрылымының дамуына, табиғи жағдайына және т.б. факторларға байланысты анықталады.

Ерекше қорғалатын объектілерде, жер – ерекше қорғалатын территориялардың объектісі (табиғи қорықтар, ұлттық парктер, мәдени және демалу парктері мен орындары, т.б.) ретінде бағаланады. Бұл жердерді бағалау негіздеріне қорғалатын топырақтардың, өсімдіктер және жануарлар әлемінің құндылығын және олардың қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына тигізетін әсерлерін белгілейтін факторлар алынады. Бағалау салыстырмалы, сандық, сапалық және ақшалай көрсеткіштермен анықталуы мүмкін.

Орман қоры жерлері - өндіріс құралы және ерекше қорғалатын территория ретінде бағаланады. Сондай-ақ, су қоры жерлері де әр түрлі бағаланады: су ресурстарының өндірісте пайдалану маңыздылығына, фаунасы мен флорасының құндылығына т.б. байланысты бағаланады.

Жер табиғат байлықтарының: мұнай, көмір, әр түрлі қазба байлықтары, су, құрылыс материалдарының қоймасы болып табылады. Бұл жерлерді бағалауда жердің құндылығы ғана есепке алынып қоймай, оларды пайдалануда өсімдік жамылғысына, қоршаған ортаға, ландшафтқа, геологиялық құрылымға және гидрогеологияға келтірілетін зияндарына байланысты мәліметтер де есепке алынады.

Еліміздегі қазіргі кездегі әр түрлі санаттардағы жерлерді бағалау әдістері мен әдістемелері жерді нарық айналымына толығымен енгізу мүмкіндігін беріп отырған жоқ. Жалпы жерді бағалау әдісі және бағыты қоғамның даму деңгейіне, мемлекеттің, жеке азаматтардың және заңды тұлғалардың жер ресурстарын пайдалану қажеттілігіне және мазмұнына байланысты. Қазіргі негізгі әдістеме тек ауыл шаруашылық жерлерін бағалауға бағытталған, ал басқа санаттардағы жерлерді бағалауға тиімсіз. Дегенмен де, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді бағалау әдістемесінде де бір қатар олқылықтар бар. Бұл проблемалардың басты себебі, бағалау нәтижелерінің нарық конъюнктурасына, яғни, жағдаятына сай еместігінде.

Жалпы жер учаскесін бағалауда екі жақ та (сатушы және сатып алушы) бағаға әсер етуші факторлар жиынтығын басшылыққа алады. Бұл нарық талабы. Ал әлемдік тәжірибеде қалыптасқан жылжымайтын мүлік объектісін бағалау екі сатыда жүргізіледі. Бірінші сатысында аймақтық және жергілікті жер нарығындағы экономикалық жағдай зерттеледі. Соның нәтижесінде, нақты уақыт ішінде тұтынушылардың жалпы қалауы бойынша, бағаланатын жылжымайтын мүлік объектісін пайдаланудың ең дұрыс, әрі тиімді түрі туралы қорытынды алынады. Жылжымайтын мүлікті пайдаланудың жақсы варианты таңдалғаннан кейін, бағалаудың екінші сатысы жүргізіледі. Нақтырақ айтқанда Батыс экономикасының тәжірибесінде жылжымайтын мүлік объектісін бағалауда үш негізгі әдіс пайдаланылады: салыстырмалы сату әдісі, шығындық әдіс және табыстық әдісі.

Қазақстанда жер реформасының өтуіне байланысты жерді бағалау маңызды рөл атқара бастады, әсіресе бағалау жұмыстары ауыл шаруашылық мекемелерінің өндірістік шаруашылықтарының, алқаптардың және ішкі шаруашылық жер учаскелерінің шекараларын белгілеуде, территориялық бірліктерін анықтауда маңызы зор. Себебі, бағалау нәтижелері іс жүзінде көптеген мәселелерді шешуде қолданылады, атап айтсақ:

- ауыл шаруашылық мекемелерінің әрекеттерін сараптауда және шаруашылық жоспарлауда, өнім өндіретін шаруашылықтардың жер өңдеудегі есептерін негіздеуде;

- жер пайдалануды ұтымды, әрі тиімді ұйымдастыруда: алқаптардың тиімді ауданын анықтау, шаруашылық бөлімшелердің материалдық және еңбектік қорларын оптимальды мөлшерін анықтау, сонымен қатар өндіріс көлемін анықтау;

- жердің өндірістік және технологиялық қасиеттерін жақсарту мақсатында, сондай-ақ жер пайдалануда шығындарды азайту мақсатында шараларды дайындап ұйымдастыру;

- жер қатынастарын реттеу: жалға алу барысында, жалға алу құнын негіздеуде; жер пайдаланымдарды қорғауда және бақылауда; жер иелері мен жер пайдаланушылар арасындағы, жалға алушылар мен берушілер арасындағы талас-тартысты шешуде, олардың арасында әр түрлі мәмілелер жасасуда;

жерлерді қайта орналастырғанда, мемлекет қажеттілігіне алынғанда, табиғи апаттарда шыққан шығын мөлшерін қабылдап қоюда.

Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенінің қазіргі таңдағы дамуында басты проблема тек жерге меншіктің өзгеруіне ғана байланысты емес, сондай-ақ ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін қолайлы экономикалық жағдай жасау, ауыл шаруашылығының ғылыми-техникалық деңгейінің өсуі және қалпына келуін қолға алу проблемалары да көкейтесті болып табылады. Бұл проблемаларды шешу, жерге орналастыруды ең тиімді түрде шешуде, жерлерді бағалауды ғылыми негізделген тиімді әдіспен іске асыруға септігін тигізері хақ.

Дегенмен де, нарықтық экономикаға көшу барысында бағалау жұмыстарының саласында еліміз бірнеше нәтижелерге жетті. Атап айтсақ:



  • жылжымайтын мүлікті бағалаушыларды дайындайтын арнайы мамандандырылған орталықтар ашылды;

  • методикалық нұсқаулар дайындалды;

  • жылжымайтын мүлікті іс жүзінде бағалау жүріп жатыр.

Бірақ, жылжымайтын мүлікті бағалаудың методикасы мен оны іс жүзінде қолданудың бірқатар олқылықтары бар. Осы олқылықтар мен проблемаларды шешудің жолдарына және оны келешекте дамыту әдістеріне тоқталайық. Қазақстан Республикасында 1990 жылдан бастап, сол кезде таңдаған стратегияға сәйкес, жер қатынастарын нарықтық жағдайға сай етіп оңтайландыру, өзгерту үрдісі жүріп жатыр. Нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты ақылы жер пайдалану енгізілді. Қазіргі кезде әрбір жер учаскесі меншік нысаны ретінде заң жүзінде жылжымайтын мүлік ретінде танылады және нарықтық қатынас объектісі болып табылады. Сәйкесінше, жер учаскесі құқықтық реттеу объектісі ретінде салықтық салымдар және басқа да төлемдер үшін бағалық құнына ие болуы керек. Сол кезде «неден бастау қажет?» деген заңды сұрақ туды. Өтпелі кезеңдегі барлық ауыспалы экономикалы елдерде алғашқы жер нарығының құрылуында серпіліс беретін көрсеткіш керек болды. Мелекет жекешелендіру үрдісі кезінде жерді пайдалануға және иеленуге бере бастады. Бұл жағдайда алғашқы жер нарығының қалыптасуы келесілерді қамтыды: жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өтеулі негізде бір уақытта сату жолымен беру операциялары немесе заңнамаларда көзделгендей уақытша пайдалануға беру, сондай-ақ, өтеулі мақсатта жер пайдалану құқығын беру операциялары.

Бұл проблемаларды шешу үшін біздің ел әлемдік тәжірибеге сүйенді. Толыққанды жер нарығы қалыптасқан елдерде жер бағасының екі түрі орныққан: нормативтік (кадастрлық) және нарықтық. Нормативтік (кадастрлық) жер бағасы, ол тұрақты ақпарат база негізінде есептеледі, жер нарығының айналымында жер бағасының бастапқы деңгейі ретінде қолданылуы мүмкін және салық салымдарында да, тағы басқа мақсаттарда да қолданылады. Нарықтық баға экономикалық тепе-теңдік кезінде сұраныс пен ұсыныстың қатынасына сай қалыптасады. Әлемдік тәжірибені саралай келе, ҚР-да бірінші нормативтік көрсеткіштер қолданылды, оны жер учаскесінің базалық ставкалары деп атады. Ал жер учаскелерінің ерекшеліктерін ескеру үшін базалық ставкелерге түзету коэффиценттері қолданылды, яғни, рентаны құрайтын факторлер ескерілді. Бұл базистер, стандарттар алғашқы жер нарығын қалыптастыру үшін қажет болды.

Кейінірек рента құраушы факторларды және базалық ставкаларды қолдану арқылы кадастрлық бағалау құны анықталды. Мұнда методикалық негіз ретінде нарықтық бағалау әдістері пайдаланылды, яғни, шығындық және табысты капиталдау әдістері, салыстырмалы сату әдісі қолданылды. Осылайша біздің елде базалық ставкалардан нарықтық құнға, нарықтық бағалау әдістерімен есептелген, рента құрайтын көрсеткіштер арқылы өту жолы таңдалды.

Жерді кадастрлық бағалаудың дамуы – заңдық-нормативтік және методологиялық негіздерінің жетілуімен көрінді:

Бірінші кезең (1992-1996 жж.) – жер учаскелері үшін базалық ставкалардың және түзету коэффиценттерінің анықталуы.

Екінші кезең (1996-2002 жж.) – түзетілген базалық ставкаларды және нарық конъюнктурасын ескеретін түзету коэффиценттерін пайдалану арқылы жерлерді нормативтік кадастрлық бағалау жүргізілді.

Үшінші кезең 2003 жылы Жер Кодексін қабылдаған уақыттан басталды. Бұл кезде жерлердің кадастрлық бағалануы нарықтық конъюнктураны ескеріле отырып жасалды.

Осындай жолмен, жерлерді нарықтық-кадастрлық бағалаудың дамуы үш кезеңмен байланысты, ал оны өз кезегінде әр жыл сайын жердің нарықтық талабына сай түзетіп, өзгертіп отыру қажет.

Қазақстан Республикасында нарықтық жағдайда, қазіргі таңда жер мен меншік қатынастарының және мүдделерінің жүйесі құрылуда. Мұндай мүдделер екеу:

1) Басқармалық. Шаруашылық-қызметтік (жер қорының құрылымы) жеке және ортақ қоғамдық қарама-қайшылықсыз.

2) Нарықтық. Жер меншігінің тауарлы-ақшалы параметрлері, онда қоғамдық және жеке мүдделердің қарама-қайшылығы бар, иегерлер арасында бәсекелестік байқалады.

Жалпы екі мүдде де мемлекеттік реттеуді қажет етеді, әсіресе ауыспалы экономика кезінде:

- бірінші топтың мүдделерін реттеу – жер қорын бөлумен және қайта бөлумен реттеледі;

- екінші топтың мүдделерін реттеу – кадастрлық бағалау арқылы реттеледі, мұнда, кадастрлық құн – жер айналымын реттеудің басты тетігі.

Қазақстанда бағалық жұмыстар екі бағытта дамуда: мемлекеттік (міндетті) және тәуелсіз – екеуі де енді-енді аяққа тұруда. Мемлекеттік (міндетті) бағалау Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлікті бағалау орталықтарымен реттеледі. Мемлекеттік жерді бағалау жер ресурстарын басқару Агенттігімен жүргізіледі.

Жылжымайтын мүлік объектілерін тәуелсіз бағалау қызметін көрсету нарықта келесі субъектілермен ұсынылған. Бүгінгі таңда 1200 астам бағалаушылар қызмет етеді, әрине оларда қызметтеріне сәйкес лицензиялары бар, олар ресми түрде жеті бағалық палатаға біріктірілген. Іс жүзінде қызметті әр түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, банктік құрылымдардағы, сақтандыру компаниялардағы, құрылыстық және риэлторлық фирмалардың бағалаушылары, сондай-ақ өз атынан жұмыс істейтін ұсақ бағалаушы фирмалар да қызмет көрсетеді. Мұндағы баста проблема – олардың (бағалаушы мекемелердің) құрылу принциптері, қағидалары, мәртебесі (статусы) және заңдық негізі анықталмаған, құрылу тәртібі де бұлыңғыр.

Осыларды ескере отырып, Қазақстанда бағалау жұмыстарын ұйымдастыру-әдістемелік шараларын реттеуді жоғарғы деңгейге көтеру керек деген тұжырым жасауға болады, әсіресе оның қызметін реттейтін салада.

Тәуелсіз бағалауда бәсекелестік әлсіз, кәсіптік мамандар дайындауды да жоғарғы дәрежеге жеткізу керек, сонымен қатар тәуелсіз бағалаушылардың бағалау қызметінің нәтижесін қадағалау қажет. Бұл шараларсыз бағалау нәтижелері мемлекеттік жер кадастрының мәліметтер базасына енбей қалуы мүмкін. Бұл бізде әлі толық қалыптаспаған әлемдік стандарттар аксиомасы. Ал мемлекеттік бағалау өз кезегінде, нормативтік-заңнамалық базаны жетілдіруді қажет етеді. Сондай-ақ, екі бағалау түрі де өзара және ішінара нашар үйлестірілген.

Интеграцияланудың және реттеудің негізі келесі стандарттар болуы керек:

- кадастрлық: кадастрлық құн, базалық ставка, рента құрайтын түзету коэффиценттері, бағалау әдістемесі, мемлекеттік бағалау есебінің түрі;

- кадастрлық-нарықтық: бағалаудың мемлекеттік мақсатының классификаторы, жіктеуіші, жерді алып қою кезінде бағалау әдістемелері, нарық конъюнктурасының, жағдаятының индексі;

- нарықтық: бағалау мақсатының жіктеуіші, бағалау әдістемесі, бағалық құнының типтік базисі;

- жалпы ортақ стандарт: жер учаскесі құнының тізімі (регистрі)

Қазіргі әр тарапты, мақсат анықсыз жағдайда бағалау жұмыстары өзінің барлық бөлімшелерінің бірігіп жұмыс атқаруын, дамыған елдердегідей инновациалық бірегей бірлестіктерінің құрылуын қажет етеді. Мұндай бірлестіктің мемлекеттік қызметінің мақсаты: салық салымдары үшін бағалау базасын құруда; бағалау стандарттарын, лицензиялауды және кәсіптік білім беруді, оқытуды жетілдіруде болады; жылжымайтын мүлік құнының регистрін құру үшін бағалау нәтижелеріне сараптама жүргізу, әрі оны қадағалау.

Мемлекеттегі нарықтық қатынастардың жылдам, әрі қызу дамып жатқанына байланысты жылжымайтын мүлікті мемлекеттік және жалпы бағалау қажеттігі туып отыр. Бірақ қазіргі кезде бұл процесті кім және қалай реттейдіндігі белгісіз. Жалпы бағалауда кімге, қай органға мойын бұру керек – мемлекеттікке ме, әлде тәуелсіз бағалаушыларға ма? Неге олардың арасында өзара байланыс жоқ? Жалпы бағалауға қай мемлекеттік орган жауапты? Фискальды қызмет ұйымы салық салынатын объектілер жайлы нақты ақпарат алуы үшін, кадастрлық жүйеге әр түрлі бағалау нәтижелерін қалай енгізу керек? Міне осындай сұрақтар алдағы уақытта шешімін табуы қажет.

Қазақстан Республикасында жоғарыда аталған проблемалар шешілмеген. Осы проблемаларды шешудің бір мысалы ретінде Дания мемлекетінің тәжірибесін қолданса болады. Онда, бағалаудың 224 эксперттік комиссиясы қызмет етеді. Комиссия мүшелерін Салық салу Министрі тағайындайды. Әрбір комиссия өзіне бекітілген аймақтың бағалау нәтижелеріне жауап береді. Сонымен қатар, бағалау нәтижелерін қадағалайтын 27 қадағалау кеңесі бар. Бұл кеңестің мүшесіне бағалау комиссиясының төрағасы кіреді. Бағалау нәтижелері өз кезегінде Данияның Ұлттық Кадастрының жер реестрында Автоматтандырылған Ақпарат Жүйесінде тіркеледі.

Дегенмен біздің елдегі проблемалардың өзегі болып, кадастрлық жүйе мен жалпылай бағалау жүйесінің арасындағы қатынас пен өзара байланыста. Себебі, жалпылай бағалау көрсеткіштерін мемлекеттік кадастр жүйесіне енгізу анықталмаған. Жоғарыда аталған бағалау сферасындағы проблемаларды шешу үшін әрине сәйкес келер нормативтік -заңнамалық база құру қажет:

- нарық талабына сай жердің кадастрлық құны туралы Үкіметтің қаулысын қабылдау және оны іске асыру;

- нарықта жылжымайтын мүлік мониторинг қызметінің және оның құрылып, қызмет ету регламентін дайындау;

- стандарттарға сай бағалау жұмыстарының методикасын және нормативтік анықтамасын дайындап шығару.

Қазіргі кезде, жер салығы біздің елде салықтық ставкалар арқылы жиналатынын ерекше атап өту керек, ал әлемдік аналог бойынша жер салығы жер учаскесінің жылжымайтын мүлік ретіндегі бағалық құнының пайыздық көрсеткіштеріне сай тағайындалып белгіленуі керек. Бұл сәйкессіздік Салық кодексіне қажетті түзетулерді талап етеді, әйтпесе бұл проблема бағалау жұмысында ретсіз әрі теріс қатынасты тудырады. Жер ресурстарын тиімді басқару үшін, қазіргі Салық Кодексі кезінде де жалпылай бағалауды бәрібір өткізу қажет.

Жалпылай бағалау нарықта бағалау жағдайын дұрыс сипаттау үшін, мүмкіндігінше жылдам өткізілуі керек, себебі кадастрлық (бағалық) құн нарықтық құнның көрсеткішін бейнелейді. Осы жерде жалпылай бағалау мерзімі бір жылды қамтуы керек екендігін атап өту қажет. Уақыттың осындай тығыздығына және атқарылатын жұмыстың көптігіне әрі молдығына сай келесі талаптарды ескерген жөн:

- жұмысқа барлық бағалаушыларды тарту қажет: мемлекеттік және тәуелсіз, оның үстіне бұл жұмыстарды қаржыландыру және әдістемелік басқару бір орталықтан болуы қажет;

- бірегей әдістемелік орталықтан басқа ортақ тәуелсіз сараптама орталығы қажет, әрине құзіреті бар мемлекеттік органдар басқармасының қадағалануымен;

- жалпылай бағалау әдістемесі әрі қарапайым, әрі тиімді де қолайлы болуы керек. Бұндай талапқа сараптамадан өткен түзету коэффиценттер және базалық ставкалар әдістемесі сай келеді, әрине болған өзгерістерді ескере отырып жасаса;

- жалпылай бағалау бастапқы және ағымдық балуы керек;

- ортақ әдістемелік орталық, кадастрлық құнның реестрін жүргізетін уәкілетті орган болуы керек, ал эксперттік комиссия барлық мүдделі тараптардан құрылып, салық қызметі оларды қадағалауы қажет.

Кадастрлық жүйе мен жалпылай бағалау жүйесі арасындағы өзара байланысқа ерекше тоқталу керек. Олар бір ортақ жүйе ме, әлде әр түрлі жүйелер ме?

Кадастрлық жүйе жылжымайтын мүліктердің кадастрлық құнының бірыңғай тізімін (реестрін) жүргізетіні белгілі. Бағалауды әр түрлі ведомстволар жүргізуі мүмкін екендігіне байлансыты, олардың бір-біріне бағынуының қағидаларын да қарастыру қажет. Осы жерде барлық бағалау құны туралы ақпарат кадастрлық құнның бірыңғай реестріне келіп түсуі керек екенін де атап өту керек. Міне осы кезде жалпылай бағалау жүйесі тиімді болар еді.

Кадастрлық бағалау құны да, мемлекеттік міндетті және тәуелсіз бағалау есептері де Мемлекеттік жер кадастрының Автоматтандырылған Ақпарат Жүйесі арқылы және Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлік орталықтарының жылжымайтын мүлік тізімі (реестрі) арқылы кадастрлық жүйеге бағалаудың барлық есептері негізінде келіп түсуі керек. Бағалау нәтижелеріне жауаптылықты үш уәкілетті органға жүктеу керек: Салық комитеті, Әділет министрлігі және Жер ресурстарын басқару Агенттігі, ал экспертизаны Қаржы және экономика министрлігі жүргізуі қажет.

Бұл таңда жылжымайтын мүлік нарығының мониторингін жүргізу қажеттілігі бар. Бұл шынайы қажеттілік. Жылжымайтын мүлік бөлшегі ретінде жер нарығының мониторингі жер учаскесіне төленетін төлемдік базалық ставкаларын аракідік жаңарту қажет.

Базалық ставка жер учаскесінің нормативтік (кадастрлық) құны болып табылады. Нормативтік құн мемлекеттің жер айналымын реттеуінің құралы және барлық нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей салық салымының мөлшерін анықтау негізі болып есептелінеді. Сондықтан, жер учаскесінің базалық төлем ставкалары уақытша көрсеткіштер емес, керісінше салық ставкалары сияқты тұрақты. Дегенмен де, базалық ставка нарық жағдаятына сай түзетіліп отыруы қажет. Ал базалық ставкаға жерге деген сұранысты есептеу үшін, түзету коэффиценттері (арттыратын және кемітетін) қолданылады. Түзету коэффиценттерін өз кезегінде рента құраушы фактор ретінде әр жыл сайын нақтылап отыру қажет.

Жалпы қазіргі кезде, мемлекеттің бағалау жұмыстарын қажетті түрде толық үйлестіре алмауына байланысты, жер учаскесі бағаларының нормадан тыс айырмашылығы он шақты есе өсіп, кеміп өзгеріп отыр (әсіресе үлкен елді-мекендерде). Сонымен қатар, жер қатынастарында спекулятивтік көлеңкелік жағы да көрініс тауып отыр. Бұл процестер базалық ставкаларды есептеу әдістемесіне деген сенімсіздікті тудырады, себебі кадастрлық (бағалық) құн нарықтық жағдайға сай емес. Нарықта жердің құны сұраныс пен ұсыныстың әсерінен туады. Бірақ, бұл жерде жер учаскесінің кадастрлық құны жердің алғашқы нарығын қалыптастыру үшін және бірінші кезекте фискальді органдарға қажет екендігін атап өту қажет. Және де, кадастрлық (бағалық) құнның негізінде базалық ставканың және рента құраушы факторлардың нарықтық әдістемесі жатқандығын ескерсек, нарық жағдаятына сай әр кезең сайын жер төлемдерінің базалық ставкаларын қайта қарастырып, түзетуге болады деген түйін түйуге болатынын атап өту қажет.

Өкінішке орай Қазақстан қалаларындағы, елді мекендердегі (Астанадан басқа) базалық ставкаларға 1995 жылдан бастап еш бір түзетулер мен жаңартулар енгізілмеген. Сондықтан барлық елді мекендердің базалық ставкалары 1995 жылғы нарық деңгейін сипаттап көрсетеді. Бұл жер учаскелерінің бағасындағы қисынсыздықтардың ең басты себебі.

Бұл үрдісті ретке келтіруді мемлекет екі бағытта шешкені абзал:

1. Жер учаскесіне төленетін төлемдік базалық ставкелерін және түзету коэффиценттерін нарықтағы бағаның өсу не кему ырығына, индексіне сай қайта қарастыру.

2. Үкіметтің 2 қыркүйек 2003 жылғы №890 қаулысына қажетті толықтырулар мен түзетулер енгізу.

Осындай әрекеттер арқасында бағалау процесі әрі мемлекеттік, әрі нарықтық талаптарға сай тәртіпке ие болады. Мысал ретінде, Үкіметтің 2 қыркүйек 2003 жылғы қаулысына келесідей өзгертулерді енгізуді ұсынуға болады:

1. Базалық ставканы өзгерту шегінің нормасын – екі еселегеннен гөрі (бағалау кезінде базалық ставканың +/- 50 пайыз өзгеруі) халықаралық «шекті баға» стандартын енгізу керек, яғни, жер учаскесін пайдаланудағы тиімділіктің ең жоғарғы құны және аз шығыны анықталып, қолданылады;

2. Жер учаскесінің бағаларына мониторингті жүргізу институтын қалыптастыру;

3. Жылжымайтын мүліктің нарығындағы талапқа сай базалық ставкаға нарық индексін енгізу;

4. Жердің пайдалану нысанына және мақсатына байланысты, мемлекеттік мүддені ескере отырып, түзету коэффиценттерді жердің нарықтық құнына сай қайта қарастыру қажет.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітілген жер учаскесі кадастрдың деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі болып табылады. Кадастрда әрбір жер учаскесі үшін оны кеңістікте бір мәнді бөлуге, мөлшерін және орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін табиғи сипаттамалар, сондай-ақ учаскенің бағалау құны белгіленеді. Сондай-ақ кадастрдың құрамына жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы ақпарат кіреді. Жер учаскесі туралы мәліметтер осы учаскеге бекітіліп берілген нөмірі, орналасқан жері, шекарасы және мәтіндік сипаттамасы көрсетілген жер-кадастрлық карталармен арақатынасы болады.

Кадастр аэрофототопографиялық, фотограметриялық, кадастрлық суретке түсіруді, жобалау-іздестіру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен іздестірулерді, жер мониторингін, жерді сандық және сапалық есепке алуды және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстарды жасау арқылы жүргізіледі.

Деректерді жинақтау жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, жеке немесе заңды тұлғалардың - жер учаскесіне құқық субъектілерінің атауы, атқарушы органдардың кесімдері мен өзге де заңнамада көзделген құжаттар, жер учаскесінің орналасқан орны мен мөлшері, кадастрлық бағалау құны, жерді пайдалану құқығы, мақсаты тағайындауы, бөлінетіндігі және бөлінбейтіндігі, жер учаскесіне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар белгілеген оны пайдалану жөніндегі шектеулер туралы ақпараттар тіркелген және сақталатын тиісті аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деңгейінде жүргізіледі. Көрсетілген деректер аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша өзара салыстыруға мүмкіндік беретін меншік нысандары, жер санаттары бойынша жүйелендіріледі.

Кадастрды жүргізу:

- әзірлік жұмыстарын;

- бастапқы деректерін жинау мен өңдеуді;

- ақпараттық жүйелерді құру мен жүргізуді қамтиды.

Жер учаскелерінің желілік және алаңдық сипаттамаларына өзгерістер енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиісті жер-кадастрлық карталар кадастрдың картографиялық негізі болып табылады.

Кадастры автоматтандырылған жүргізу кезінде картографиялық негіз геоақпараттық технологияларды қолданумен және қағаз жеткізгіштермен көшірмелерін дайындаумен электрондық карта түрінде қалыптастырылады.

Жер учаскелері туралы ақпарат жерге ақпарат жерге орналастырудың деректері бойынша құралады және учаскелер мен жер алқаптарының шекарасы мен алаңдары өзгерген кезде жүйелі түрде жаңартылады. Жер учаскесі, егер оның белгіленген шекарасы болса және оған жер-кадастрлық іс жүргізілсе, түпкілікті қалыптастырылған болып саналады.

Азаматтарға және заңды тұлғаларға иелік ету не пайдалану құқығымен бұрын берілген жер учаскелерін жеке меншікке немесе пайдалануға беруді алғашқы ресімдеу кезінде жер-кадастрлық іс олардың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарға берілетін өтініштерінің негізінде жүргізіледі. Жер учаскесіне құқықты куәландырушы құжаттар, ал олар болмаған кезде – бұл учаскені берген атқарушы органның шешімімен учаске шекарасының сызбасы (схемасы) өтінішке қосыла береді. Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар көрсетілген құжаттарды тексеруді жүзеге асырады және осы құжаттарды жер учаскелерін жергілікті жерде зерттеу үшін кадастрды жүргізетін мамандандырылған кәсіпорындарға жібереді.

Азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі жерден учаке құру тек тараптардың арасында жасалған мәмілелердің негізінде ғана жүргізіледі. Азаматтардың және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе пайдалануындағы жерден мемлекеттік қажеттіктер үшін жер учаскесін қалыптастыру кезінде оған жүргізілген жер кадастрлық іске жаңа учаскені құру үшін учаске негіз болып табылатын жер учаскесін мемлекеттік қажеттіктер үшін алу туралы атқарушы органның шешімі, сондай-ақ жоспар (шекара сызбасы) және басқа құжаттар кіргізіледі. Мемлекеттік мұқтаждар не азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы мәмілелер үшін жасалатын жер учаскесін қайта құру жағдайында жаңа жер кадастрлық іс жүргізілмейді.

Азаматтар мен заңды тұлғалардан еріксіз алуға не тәркілеуге жататын жер учаскесінің жер-кадастрлық ісіне сот-атқарушылық іс жүргізу құжаттары кіргізіледі. Қалыптастырылған жер-кадастрлық іс жер учаскесін жер кадастрлық кітабына жазу үшін негіз болады. Жер кадастрлық кітабы жер учаскелері есепке алынатын, жердің кеңістік, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы анық мәліметтер қамтылатын құжат болып табылады. Жер учаскесін жер -кадастрлық кітапқа жазу кезінде оған жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын, учаске бір тұтастық ретінде бар кезде сақталатын кадастрлық нөмір беріледі. Бұл учаске жүргізілетін жер-кадастрлық іс те осы нөмірмен сәйкестендіріледі.

Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

- барлық деректемелерді (оларды шығарушы органның, мекеменің, ұйымның атауын, күнін, құжаттың нөмірін, мекен-жайын көрсету) толтыра отырып белгіленген үлгідегі бланкілерде орындалады;

- жер учаскелері шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтінтехникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;

- мемлекеттік құпияға жатқызылған жер учаскелерінің жоспарларында (сызбаларында) қамтылатын мәліметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін белгіленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады.

Жерді бағалау жер кадастрының құрамды бөлігі бола отырып, халық шаруашылығы мен адамдардың әлеуметтік өмірінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың жалпы бағалануының бір бөлігі ретінде қаралады. Ғылыми-техникалық прогресс, көп салалы экономикаға көшу, жерге жеке меншіктің пайда болуы адам және табиғат арасындағы өзара қатынастарының салалық тұрғыдан өзгеруіне әкелді. Осы жаңа факторларды ескермеуге болмайды. Сондықтан қоғамның, ең алдымен өндірістің ауыл шаруашылық ауқымында табиғи ресурстардың рөлін айрықша бағалау қажет. Себебі, бірінші кезекте ол табиғи ресуртардың негізі – жерге қатысты. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес жер мемлекет меншігінде. Бірақ, жер заңында белгіленгендей белгілі бір шарттарға сай жер жеке меншікте де бола алады. Заңдарға сәйкес меншік иесі жерді келісім баға бойынша сатуға, жарна ретінде шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына беруге және жер учаскесін кепілдікке беруге, сый ретінде тартуға, мұралыққа қалдыруға құқылы.

Жерді пайдалану құқығын беру азаматтық құқылық актілер негізінде жүргізіледі. Сөйтіп жерді пайдалану құқығы нарықтық қатынастарға енгізілуінің мүмкіндігі кеңейтіледі. Сонымен әр жер учаскесі бағалануы керек. Оның себебі, бір жағынан жер жылжымайтын мүлікке теңеледі, ал екінші жағынан жер учаскелері капитал түріне айналады. Егер жерді тиімді аялап пайдаланса және құндылығын асыру үшін қаржы, материалдық, еңбектік кірістерді көбейтсе, онда оның бағасы да өсетін болады.

Жер бағасы салық салудың, жалға беру төлемін анықтаудың негізін қалап, бюджеттің кіріс бөлігінің ең бір маңызды бабы болып, әр адамның мүддесіне әсерін тигізеді. Осы жағдайлар қазіргі уақытта Қазақстанда жерлерді бағалау мәселесінің халық шаруашылық, әлеуметтік маңыздылығын шарттастырады. Сондықтан, жерлерді бағалауда экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелер ескерілуі керек. Жерді бағалауда нысаналы орын алуы, пайдалануы, салалық (экологиялық) күй-жайы, ландшафт, жер бедері, қызмет көрсету ауқымы орталықтан және өнім өткізу нарығынан алыс-қашықтығы, шаруашылықтың орналасуы ескеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет