Жер кадастры



бет5/6
Дата19.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#148291
1   2   3   4   5   6

Арақашықтық қолдағы бар карталардан, схемалардан немесе басқа да жоспарлы картографиялық материалдардан алынып есептелінеді, яғни, шаруашылық орталықтарының шегінен, қызмет көрсету орталықтарына дейін натурада бар жол торабымен анықталады. Егер шаруашылық орталығы мен қызмет көрсету орталығының арасындағы жол әр түрлі сапалы болса, түзету коэффиценттерін ескере отырып ортақ салмақтық үлесі есептелінеді.

13. Кадастрлық (бағалау) құнын есептегенде бірнеше факторлар болса, арттыратын немесе кемітетін түзету коэффиценттері бір-біріне көбейтіліп, әрбір бағаланатын ауылшаруашылық учаскесі бойынша ортақ интегралды түзету коэффиценті анықталады:

К=К123456

К – ортақ интегралды түзету коэффиценті;

К1 – мелиоративтік жай-күйдің коэффиценті;

К2 – жер бедері еңістігінің коэффиценті;

К3 – шабындық пен жайылымды жақсарту коэффиценті;

К4 – суландырылу коэффиценті;

К5 – бағаланатын жер учаскесінің шаруашылық орталықтарынан алшақ орналасуының коэффиценті;

К6 – бағаланатын жер учаскесінің қызмет көрсету орталықтарынан қашық орналасу коэффиценті.

Ауылшаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттырудың немесе кемітудің жалпы мөлшері Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 10 бабының 1 тармағына сәйкес белгіленген төлемақының базалық ставкаларының елу пайызынан аспауға тиіс. Ал егер есептелініп анықталған ортақ интегралды түзету коэффиценті тағайындалған параметрлерден көп немесе кем болса, онда оның шекті көрсеткіштері қабылданып қолданылады: ең жоғары – 1,5; ең кемі – 0,5.

14. Кадастрлық (бағалау) құн әрбір бағаланатын учаске бойынша қабылданған базалық ставкаларын және ауылшаруашылық алқаптарындағы топырақтың түрі мен түршесін, үлгісін анықтау жолымен, сонымен қатар интегралды ортақ түзету коэффиценттерін көбейту жолымен анықталады.

15. Алынған, есептелген мәліметтерді бағаланатын жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау Актісіне енгізіледі.

Бақылау сұрақтары :

1. Ресейде топырақтарды бонитеттеу әдістемесінің негізін кім қалады?

2. Бонитеттеу негізіне топырақтардың қандай қасиеттері алынады?

3. Бонитеттеу шкаласын құруда қай көрсеткіш ең басты болып саналады?

4. Бонитет баллын анықтауда топырақтар қасиеттерінің басқа көрсеткіштері қалай ескеріледі?

5. Топырақтарды бағалауда дақылдардың орта көпжылдық шығымдылығы не үшін қажет?

6. Топырақтарды бонитеттеуде статистикалық өңдеу қалай жүргізіледі?

7. Жерді экономикалық бағалау деген не?

8.. Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау қандай мақсаттарда жүргізіледі?

9. Жерлерді экономикалық бағалаудың қандай негізгі көрсеткіштері болады?

Дискуссиялық сурақтар:


  1. Дифференциалдық пайда деген не?

  2. Шығындар орнының толтырылуы деген не?

  3. Жыртылатын жерлердің бағалауы қалай жүргізіледі?

  4. Жер учаскесінің орналасуы оның бағасына қалай әсер етеді?

  5. Мал азықтық табиғи алқаптарын бағалаудың ерекшелігі неде?

  6. Нормативтік бағаны есептеу әдістемесінің ерекшелігі неде?

  7. Бағалық аудандастыру, бағалық кластар, контурлар деген не?


5. ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ, ЕСЕПТЕУ ТӘРТIПТЕРI

5.1 Жер салығының экономикалық мазмұны мен есептеуі

Жер салығы – бұл жер рентасының бiр түрi болып табылады. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырлар аралығында саяси экономиканы дамытқан адамдар айтқан, егер жер меншiгi болашақта кiрiс әкелсе, байлықтың негiзi болса, яғни жерге салық салу арқылы мемлекеттiк кiрiс байлықтың ең бастапқы көзi болуы керек. Нақты жер учаскесiн пайдалану арқылы бұл салық кiрiс жағынан негiзделедi.

Жер салығын енгiзуге байланысты сұрақтар негiзгi қиыншылықты көрсетедi. Ең басты қиыншылық, яғни оны енгiзудiң методологиялық жағынан бәсекелес болып келуi. Өткен және қазiргi заманда жер салығы туралы көптеген ғалымдар осы салық туралы жұмыстарын жасаған. Олар: Т. Джордж, С. Корд, Н. Тидеман және т. б.

19 ғасырдың 20-шы жылдардың басында Н. Суханов ренталық салым мағынасына сипаттамасын былай деп жазған: « Мақсат – бұл екi бөлiмге бөлінедi. Бiрiншiден, жер рентасынан салық түрiнде қалай алуға болады, ал екiншiден, қоғамдық қажеттiлiкке байланысты рентаны қаратуға немесе таратуға болады, соны қарастыру керек» , - деген.

Жер салығын енгiзу ең алдымен ресурстарды және жердi рационалды түрде пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн көтеру үшiн қажет. Сонымен қатар жердегi шаруашылықтың тең мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету.

«Монополияны және бөлек топтағы жер иелерiнiң артықшылықтарындағы басқалардың ынталарын жою үшiн, тек жерге салық салу арқылы ғана болады», - деп жазған Н.Суханов.

Дамыған және ТМД мемлекеттерiнде қолданатын жер салығының формасын үйрену негiзiнде Н. Зенец оның ерекше элементтерiне байланысты келесi классификацияны ұсынды және де сол мемлекеттердегi сияқты нақты әлеуметтiк – экономикалық жағдайларды еске ала отырып талдау жасады:

- жер салығының функциялары – кәсiпорындағы жер салығындағы әсер ететiн нақты формалары;

- салықты төлейтiн көздер – шаруашылықтың белгiлi – бiр кiрiсi, бұдан салық төленедi;

- салық мөлшерiн белгiлеу – салық салу ауырлығын анықтау әдiсi;

- салық салу объектiлерi – салық салуға жататын жер құрамы;

- салық ставкаларын анықтау үшiн базалар – мысалы, баға, рента мөлшерi, жердiң бағалаған баллы;

- салық алушылар – салықтың қай түрi, қай бюджетке түсетiнi (жергiлiктi, республикалық );

- басқа салықтармен қатынасы;

- ортақ салық салу жүйесiндегi жер салығын және басқа салықтар арасындағы функцияны бөлу;

- жер салығын төлеушiлер категориялары – акционерлiк қоғамдар, корпаративтiк кәсiпорындар.

Классификация мәлiметтерiне байланысты салық салу анализы бойынша талдау өткiзiлдi. Бiрiншiден мынаны белгiлейiк, жер салығының функциясы және оны төлеу көздерi арасындағы байланысты. Жердi рационалды түрде пайдалану функциясы, барлық ТМД мемлекеттерi үшiн спецификалық болып келедi. Сондықтан да, жер салығын төлеу көзi болып, жер рентасы табылады. Европалық одақ мемлекеттерiнде бұндай жағдайға ерекше жағдай жасау қажеттiлiгi жоқ, себебi бұл функция жеке меншiктiк жағдайда жақсы орындалып отыр. Екiншiден, салық салу жүйесiнiң басқада элементтерi жер салығы функциясымен қарым – қатынасы бар. Егерде, жер салығы жалғыз болса, ол барлық функцияларды жүзеге асырады, рентаны қайта бөлудi қоса есептегенде. Үшiншiден, жер салығының базалық ставкасын анықтау, оның функциясына байланысты, сонымен бiрге ақылы жердi пайдалану жүйесiнiң дамуыменде байланысты. Жер бағасының жоқ болуы жағдайда, салық ставкасы не бағаланған жер балымен немесе рента мөлшерiмен анықталады. Келесi бiр методологиялық мағынасы бар сұрақтың маңызы, жер салығы түрiндегi алым, аккумуляциялық құралдар қандай басқару деңгейiнде жүзеге асырылады. Теориялық тұрғыдан бұндай жағдайда екi вариант болуы мүмкiн. Бiрiншi жағдайда, салықтың тура мемлекеттiк бюджетке түсуiн болжайды және де ауыл шаруашылығына байланыссыз әр түрлi жағдайларға қолданылуы мүмкiн. Екiншi вариант, жер салығы түрiндегi алымның көп бөлiгiн жергiлiктi бюджетке қалдыру деп қамтиды.

Өндiрiс құралы ретiнде жер ресурсы бiр қатар спецификалық өзгешелiктерге ие болады. Бұларды басқа өндiрiс құралдарынан айырады. Яғни:

- Басқа өндiрiс құралдарына қарағанда жер табиғат өнiмi болып табылады. Бұл адам еңбегiнiң нәтижесi арқылы көруге болады.

- Жердi территориялық шектелгендiлiгi. Жер кеңiстiк жағынан шектеулi, оның бетiн үлкейтуге болмайды. Бiрақ та оның барлық өндiрiске қажеттi қорлары таусылды деуге болмайды.

- Жердiң бағалылығы. Жер өте бағалы, онсыз өндiрiс процесiнiң ешқандай жұмысы немесе iсi атқарылмайды.

- Тұрған жерiнiң тұрақтылығы. Жердi өндiрiс құралы ретiнде пайдалану.

- Босалқы Запастағы жерлер.

- Жер қатынасының әр категориясына байланысты оның толық қолданылуы анықталады.

Кестеде жердi категориялар бойынша бөлу келтiрiлген, уақытқа туралау арқылы жер қатынасының базалық заң негiзiнде институционалдық өзгерiстерiне байланысты. Кестеден көрсетiлген көрсеткiштерден мынаны көруге болады. Көбінесе ауыл шаруашылық негiздегi жерлерде көптеген белгiлi өзгерiстер болған. Олардың алаңы 127,6 млн. гектарға азайтылған немесе 2,4 есе, ал барлық жер қорының үлес салмағы 8,4% -дан 34,5% -ға дейiн қысқартылды. өндiрiстiк жерлер, көлiк, байланыс, қорғаныс және т. б. ауыл шаруашылығындағы емес негiздегi жерлердiң алаңы 1,8 есе -азайды.

7-кесте. Санаттар бойынша жердi бөлу динамикасы (1990 – 2007 ж.ж.) кезең аралығы


Жер категориялар

1990 жылдар


2007 жылдар






млн.

га.


%

млн

га.

%


Барлық жерлер

271,6

100

270,1

100

Ауыл шаруашылық мақсатындағы

220,7


11,3


93,1


71,6


Халық орналасқан жерлер

2,1


0,8


20,2


7,1


Өндiрiстiк жерлер

19,8

7,3

11,1

6,4


Ерекше қорғалатын территория

9,9


3,6


22,2


4,0

Көлiк


0,8

0,3

1,2

0,3
Орман қорлар

0,8

0,3

3,6

0,3
Су қорлары

17,5

6,4

118,7

10,3

Ауыл шаруашылық жерлердiң қолданушыларына жерге ақы төлеуден басқа негiзгi жердi шаруашылық айналымынан шығару себебi, ол егу алаңының және ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң және өсiмдiктер өнiмiн өндiру көлемiн қысқарту болып табылады. 1990 жылдан бастап 16 млн. гектарға астам ауыл шаруашылық негiзiндегi жерлер азық-түлiк жағдайымен қамтамасыз ету және жеке шаруашылықты кеңейту мақсатында ауыстырылды.

Көптеген шаруашылық субъектiлердiң жайылым жерлердi қолданудан бас тартуына байланысты, ең алдымен шөлейт және шөлдi зоналардың орман қорына ұзақ мерзiмдi қолдануға 12,3 млн. гектар жер қайтарылды және 100 млн-ға жуық жерi жер қойнауының құрамына өткiзiлдi. Нәтижесiнде олардың алаңы 6,8 есе көбейдi. Бұл жерлер тұрғылықты орындаушы органдардың қол астына кiргiзiлдi және экономикалық қажеттiлiк туындаса бұл жерлер жеке меншiкке немесе ауыл шаруашылығына жер қолданушыларға немесе басқа да қажеттiлiктерге өткiзiледi. Осыған байланысты жер категориясының нарықтық институттағы жер қолданудың және жерге ақы төлеу қатынасының өзгеруi мүмкiн.

«Бюджетке төленетiн салықтар мен мiндеттi төлемдер» Қазақстан Республикасының кодексiне байланысты жердiң келесi категориялары салық салуға жатпайды:

- елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi. Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, cу қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдаланудағы жерлерге жататы.

- ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жер учаскiлерi. Оларға жатады: Ортақ пайдаланудағы кесiп берiлген белдеудегi мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлiк жүрiп өтетiн тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, қардан қорғау екпелерi мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.

Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi шөлдi аумақтардың ашық – сарғылт, құба, сұр – құба, ашық және кәдiмгi сұр топырақты, сондай – ақ таулы аумақтардың таулы-далалық, және таулы альпiлiк жерлерiне бонитет балына барабар түрде жер салығының төмендегiдей базалық салық ставкалары белгiленедi.

Жеке тұлғаларға өзiндiк үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргiзу үшiн қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, берiлген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:

- Көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге.

- Көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға – 0,01 гектар үшiн 100 теңге.

Елдi мекендердiң тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның iшiнде ондағы құрылыстары мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскiсiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi деп есептелінедi. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға тиiс:

1/ Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшiн:

- көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда – 1 шаршы метр үшiн 0,20 теңге;

- көлемi 1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрi үшiн 6,00 теңге.

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн. Басқа елдi мекендер үшiн:

- көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда – 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;

- көлемi 5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңге.

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метр үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

ҚР Салық кодексі бойынша жалпы ережелер. 323-бап. 1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға:

1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;

2) елді мекендер жерлеріне;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі өнеркәсіп жерлері);

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері);

5) орман қорының жерлеріне;

6) су қорының жерлеріне;

7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.

2. Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:

1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендер жерлері;

2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

3. Жердің мынадай санаттары:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

2) орман қорының жерлері;

3) су қорының жерлері;

4) запастағы жерлер салық салуға жатпайды.

Аталған жерлер босалқы запастағы жерлерді қоспағанда тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, оларға осы Кодекстің 336-бабында белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.

4. Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

5. Жер салығы:

1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.

324-бап. Төлеушілер

1. Мынадай:

1) жеке меншік құқығындағы;

2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

2. Заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтарда салық салынатын объектілері бар құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі — заңды тұлғалар) жер салығын төлеушілер деп танылады.

3. Мыналар:

1) бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) осы Кодекстің 283-бабында белгіленген салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;

4) уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі:

- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері;

- үй маңындағы жер учаскелері;

- жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;

- гаражға арналған жер учаскелері бойынша;

6) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша — "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар;

7) діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды.

4. Осы баптың 3-тармағының (2), алып тасталды.) 4)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушілер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеуден босатылмайды.



325-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушіні анықтау

1. Егер жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімін де өзгеше көзделмесе, бірнеше тұлғаның ортақ меншігіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесі бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеуші болып табылады.

2. Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін осындай учаскені оның нақты иеленуі және пайдалануы негіз болып табылады.

326-бап. Салық салу объектісі

1. Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады.

2. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:

1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері.

Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және басқа да ортақ пайдаланылатын инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады.

2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері.

Ортақ пайдаланудағы кесіп берілген белдеудегі мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлік жүріп өтетін тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылыстар, жол қызметінің қызметтік және тұрғын ой-жайлары, қардан қорғау екпелері мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.

3) Казақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскілері.

4) осы Кодекстің 138-140-баптарында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері.


Бақылау сұрақтары:
1.Жер салығының объектисі атаңыз.

2. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртіптері.

3.Жер салығының ерекшеліктері.

4.Жер салығының есептеу принциптері.

5.Жер салығының түрлерін атанңыз.

6.Жер салығынан босатылған субъектілерін атаңыз.




  1. Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жуйесінің қалыптасуы

ЖКААЖ құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқарудың барлық ауқымын жоғары өнімді компьютерлік технологиясын пайдаланып, жер кадастрын жүргізудің түбегейлі, жаңа тәсілдері мен түрлеріне көшу болып табылады. ЖКААЖ тиісті мәліметтер базаларында жер ресусурстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындары, қызметтері, тиісті министрліктер және ведомстволар пайдаланады. ЖКААЖ – ол күрделі, көп нысаналы, көп қызметті, үздіксіз дмып жатқан ұйымдастыру – технологиялық жүйе.

Республикалық денгей



1.Ұзақ мерзімді және болашақтық жоспарлау;

2.Бағдарламалық өнімдерді және Қазақстандық бағдарламаларды игеру; 3.ЖКААЖ облыстық орталықтарын әдістемелік, бағдарламалық және материалдық-техникалық камтамасыз ету; 4.Ақпаратты қорыту; 5.ЖКААЖ орталықтыңоблыстық және аудандық мамандарын оқыту; 6.Сапаны тексеру, материалдық-техникалық камтамасыз ету.



Облыстық денгей

1.Орта мерзімді болашақтық жоспарлау; 2. Картографиялық негіз қуру; 3.Ақпаратты қорыту; 4.ЖКААЖ аудандық орталықты әдістемелік, бағдарламалық, материалдық-техникалық камтамасыз ету; 5.Мамандарды оқыту; Жұмыстарының сапасын тексеру.

Аудандық /қалалық/ денгей

Жер учаскелерін есепке алу; олардың құқық қуәлендіруші құжаттарын дайындау мен беру; кадастрлік нмірін беру; шекараларын анықтау; жоспарын жасау; аудандарды өлшеу; кадастрлік карталарды жасау және жүргізу; жер кадастрлік китапқа мағлуматтарды кіргізу; есеп құрастыру; ақпаратты беру.

Жер учаскелерінің пайлунышыларын және иелерін есепке алу; бағалық аймақтау; салықтың базалық ставкасын есептеу; салық салуын жүргізу; пайдаланушылардың және иеленушілердің құқығың бағалау.

Мониторингті, жерлерді қоргау барысын жүргізу мен тесеру; топырақ және өсімдік жамылғысының сапасын және пайдалануын есепке алу; жерлерді табиғи экономикалық аймақтау; жерлердің көп параметрлік картасын жүргізу; жер учаскелерін бөліп беру және жерге орналастыру жұмыстарын жасау.

5-сурет – ҚР де ЖҚААЖ қызметтік құрылымы

ЖҚААЖ республикалық орталығы

Зерттеу тобы

Еңгізу тобы

Материалдық- техникалық қамту секторы

Мем ҒӨО жер облыстық еншілес кәсіпорын

Мәліметтер базасының әкімі

Сканерлеу т обы

Жұмыс станциялар тобы

Есепке алу тобы

Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық /қалалық/ агенттік

Мем ҒӨО жер еншілес кәсіпорынның аудандық /қалалық/ жер кадастрлік филиалы /бюросы/

Автоматтандырылған жұмыс орны

Жерді үйлестіру іжденістер тобы

6-сурет – Автоматтандырылған кадастрлық жүйесін басқару

-жер кадастрлын жүргізуді компьютерлеу және ақпараттаудың негізгі бағыттарын анықтау;

-ақпаратты топтастыру және код рақылы құпиялаудың бірынғай жүйесін жасау мен енгізу – жергілікті классификарларды, кадастрлық ақпаратты автоматтандырылған түрде өндеуге арнарған рәсімді құжаттарды ойлап табу;

-ЖҚААЖ қызметкерлерін оқыту және мамандық арттыру;

-барлық денгейде есептеу жүйесінің құралдарын пайдалану және ЖҚААЖ енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

Жер кадастры мәліметтерін өндеуде шешілетін негізгі міндеттер:

-жер учаскелері, аудандар, облыстар, республика бойынша жер көлемдерін анықтау;

-алқап түрлері бойынша аудандарын есептеу;

-жерлердің сапасын анықтау;

аудандар, облыстардың есептік мәліметтеріне өзгерістер енгізу;

есептік кадастрлық құжаттарды құрастыру.

Жер кадастрын ААЖ жүргізуді жер учаскелері бойынша келесі міндетті ақпараттар кіреді: 1.жер учаскелердің кадастрлік нөмірі; 2.әкімшілік аудан; 3.учаскенің орны және оның жүйелік баяндамасы; 4.нысаналы арналуы; 5.бөлінуі; 6.пайдаланудағы шектеулер және ауртпалықтар; 7.учаске ауданы.

Аудандық денгейдегі жер кадастрының автоматттандырылған ақпараттық жүйесі – барлық ЖК ААЖ-нің негізгі элемнті болып табылады, өйткені жер учаскелерінің алғашқы есепке алу мен тіркеу, ағымдағы тіркеу, жер есебін жасау ақпараттар беру бойынша жұмыстар дәл осы жерде жүргізіледі. Аудандық денгейдегі жүйе келесілерді қамтамасыз етуі қажет: - барлық жер санаттары бойынша заңды және жеке тұлғалардың жер учаскелерін тіркеу және есепке алу; - уақытша пайдаланатын жерлерді тіркеу және есепке алу; - жер учаскелері, меншік иелері, жер пайдаланушылар туралы ақпараттар алу; -меншік формалары, жер санаттары бөлінгендігі, жер учаскелердің мақсатты арналуы және т.б. есептерін алу; - жер есепке алу карталарын (схемаларын) дайындау.

Жер учаскесін алғашкы есепке алу және тіркеу кезіндегі АД-ЖК ААЖ- не енгізу үшін бастапқы ақпарат болып: -жер пайдаланушының атауы; меншік иесінің фамилиясы, аты, ; -олардың мекен жайы, құқық түрі; -учаске кординаттары,ауданы,учаскені беру үшін негіздеме, құқық белгілеуші құжаттар; -мақсаты арналуы, учаскенің пайдалануға шектеулер, бөлінетіні немесе бөлінбейтіні, қосымшалардың бар екендігі табылады.



8-кесте. Аудан орталығы үшін ЖК ААЖ техникасының стандартты жинағы

Техниканың қамсыздандыру атауы

саны

1

Windows NT/95 - серверлік басқарудың көп пайдаланымдағы операциялық жүйесі

1

2

Windows For Work Groups v 3811 - жумыс станцияларына арналған көп пайдаланымдағы операциялық жүйе

1

3

Oracie 5 лицензия – клиент-сервер форматындағы мәліметтердің базасын басқару жүйесі

1

4

Are Cad MsDos/ Windows - графиктік ақпаратпен жұмыс жүйесі

1

5

ArkView +Avenue - графиктік ақпаратпен жұмыс жүйесі

1

6

AutoCad - графиктік ақпаратпен жұмыс жүйесі

3

7

Реntium

1

8

Стриммер

1

9

Дегитайзер

1

10

Сканер, А3 формат

1

11

Плоттер, АО формат

2

12

Принтер А3 формат

1

13

Принтер А4 формат

2

14

ПКАТ/РС

1

15

Көбейту техникасы, А3 формат

1

16

Жергілікті торап

1

17

Модем

2

18

Іркілсіз коректену блогы

1

Құрылып жатырған әртүрлі денгейдегі жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен (ЖК ААЖ) қатар, жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік жүйесінің кәсіпорындарында қазіргі уақытта топографиялық-геодезиялық, картографиялық және жерге орналастыру жұмыстарын орынлдауда геоақпараттық жүйелер негізінде компьютерлік жабдықтармен бірге бір кешендегі электронды геодезиялық өлшеу қуралдарын қолдану басталды, олар өлшеулер мен есептеулердің дәлдігін, сондай-ақ еңбек өнімділігі мен өнім сапасын күрт көтеруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның негшізгі міндеттері: -МЖК-ын автоматтандылылған түрде жүргізуді компьютерлік жүйелер мен ақпараттық технологиялар негізінде қамтамасыз ету; -меншік иелері мен жерді жалға алушылардың құқықтарын мемлекеттік қорғау механизмнінің қызметін қамтамасыз ету, тиімді өндіріс пен инвестицияны ынталандыру; -жылжымайтын мүлікке берілетін құқықтың және олармен мәммәмлелерін Біртұтас мемлекеттік тізілімін (реестрін) жүргізу органдарын, өзге де ақпараттұтынушыларын жер кадастр ақпараттарымен қамсыздандыру; -жер және өзге жылжымайтын мүлік нарығының қызметін қолдау; -жер салығы мен жерге өзге де төлемдер мөлшері есебінің механизмін жетілдіру, жер ресурстарының бары және жай-кұйі туралы әртүрлі деңгейдегі мәліметтер банкін басқару; -жерге орналастыру, жер мониторінгі, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды, аумақтың дамуын реттеуді ақпараттық қамсыздандыру және қолдау.

Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің міндеті жерлердің құқықтық жайлары туралы мәліметтері жүйеленген және көрнекі түрде жинау мен сақтаудан тұрады. Сондықтан жер учаскесі туралы барлық негізгі ақпарат магниттік сақтауға түсіріледі. Сөйтіп әр учаскесінің ақпараты қолда болғандықтан ауданның, қаланың, облыстың, республиканың барлық жерлері бойынша толық ақпартты біліп отырмыз. Жер кадастрлік іс құжаттарындағы қалған барлық ақпарат /учаскеге құқық субъектісі, орны, нысаналы арналуы, бөлінуі, сервитуттар, ауыртпалықтар, алқаптардың аудандары және құрамы, олардың сапалық сипаттамасы, бонитет баллы, учаскенің құны және т.б. мәліметтер/ түсіріледі. Былай айтқанда, бір уақытта жерлерді негізгі және күнделікті есепке алу үшін ақпаратты түсіру мен баланс, есеп беруді құрастыру процессі жүріп жатады.

Тіркеу алдында жергілікті жерде шекараны заңды түрде рәсімдеу, жерді пайдаланудың /жер учаскесінің/ кемшіліктерін жою, шекараның дәл орналасуын анықтау, шекараларды межелік бекіту, сызықтық және бұрыштық шамаларды өлшеу, алынған мәліметтерді есептік өндеу мен ұштастыру, учаскенің жалпы аудандарын анықтау жұмыстары орындалады.Бул жұмыстар шаруашылық жерге орналастыру тәртібінде өткізіледі. Мұнда да компьютерлік техниканы қолданады. Бағдарлама негізінде шекараралардың бұрылма нүктелері координатын және шекаралардың бұрыштық, сызықтық өлшеулер мәліметтерін компьютерге еңгізіп, оператор барлық есептелінген аудандарымен, керекті ақпаратпен қоса, жер учаскесінің дайындалған жоспарын шығарып бере алады. Сонымен қатар компьютерде жерді пайдалану немесе меншіктеуге құқық беретін мемлекеттік актін және жоспарды жасайды. Осы көрсетілген жұмыстарды жүргізу жерді пайдаланушыға немесе иеленушіге негізгі құқықтық құжатты – мемлекеттік актін беруге мүмкіндік жасайды.Жерді уақытша пайдалану жалға беру шарттарымен, актлермен, заңдылық органдардың шешімдерімен және жерді пайдаланудың растайтын басқа құжаттармен рәсімделеді. Тіркеу ауданның /қаланың/ жер кадастрлік кітабында жүргізіледі. Жер санаттарына қарамай барлық жер учаскелері тіркелуі керек.

Жерді есепке алу дегеніміз – жерлердің мөлшері, орналасуы, шаруашылық пайдалануы және жай-күйі туралы мәліметтері жинау, жүйелендіру, талдау бойынша мемлекеттік шаралар. Есепке алудың ең басты міндеті жер қорын алқаптар құрамы, пайдалану туралы, мерзімділігі және аудандар, қалалар, басқа әкімшілік – аумақ бірліктері бойынша сипаттама беру болып табылады.

ҚР де жер қорын топтастырудағы негізгі таксономиялық бірлігі ретінде еңгізуін жер қорын табиғи –ауыл шаруашылық аудандастыруда бөлінетін жерлердің аймақтық түрлері және жарамдық санаттары, жер кластары, әр аймақтық түр шегінде, жерлердің класс сипаты түрлері немесе топырақтар топтары ретінде көрсетіледі.

Жер қорын топтастыруда жарамдылығы бойынша жерлер келесі санаттарға бөлінеді:



  1. Жыртылуға жарайтын; 2. негізінде шабындыққа жарайтын; 3.Жайылымды; 4.Түбегейлі жақсартудан соң аыл шаруашылық алқаптарына жарайтын; 5Ауыл шаруышылық алқаптарға аз жарамды; 6.Ауыл шаруашылық алқаптарға жарамайтын; 7. Бұзылған.

Бақылау сурақтары:

  1. ЖК ААЖ деген не?

  2. ЖК ААЖ орталықтарын қандай денгейде уйымдастыру керек?

  3. Ақпарат мәліметтер банкі деген не?

  4. Жер кадастры бойынша қандай жұмыстар түрлері автоматтандырылған? ЖК ААЖ орталықтарына компьютерлік және коммуникациялық жабдықтардың қандай түрлері кіреді?

  5. Учаскелерді тіркеу бойынша кәзір қандай жұмыстар автоматтандырылған?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет