Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі Ж. Жанпеисовтың 2014 жылдың қаңтар айындағы ауыл тұрғындарымен есепті кездесуінде жасайтын баяндамасы



Дата24.02.2016
өлшемі52.33 Kb.
Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі Ж.Жанпеисовтың 2014 жылдың қаңтар айындағы ауыл тұрғындарымен есепті кездесуінде жасайтын баяндамасы
Құрметті ауыл тұрғындары, , қадірменді қонақтар!
2012 жылы есепті кездесуде үш өтініш түскен

1. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында несие алуға тиісті мекемелер көмек берсе екен.

2. Өткен жылы елді мекенде типтік үлгідегі ФАП құрылысы салынды. Бірақ, белгісіз себептермен пайдалануға берілмей жатыр. Халық игілігіне пайдалануға беруге ықпал жасауларыңызды сұраймын.

3. Ауылда тәртіп нашарлап кетті, дүкендерде түнгі уақытта арақ сатуды тоқтатуға бола ма.

Жауап

1. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» атты екінші бағытына сәйкес 2 адам 4900 мың теңге жеңілдетілген несие алып, мал өсіру, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету және сауда-саттық жұмыстарымен айналысуда.

2. ФАП 2012 жылы жаңадан жөндеу жұмыстары жүргізіліп 2013 жылдың қаңтар айында жұмыс жасауға берілді.

3. Түнгі 11-00 –ден кейін спирттік ішімдіктер сату тоқтатылды. Учаскелік полицияның қадағалауында.



Халық санының көрсеткіші

Ауылдық округте 126 отбасыны құрайтын 950 адамның 515-ы ерлер, 455-і әйелдер. 2013 жылы 13 сәби дүниеге келді. Еңбекке қабілетті тұрғындар саны 444, мектепке дейінгі бала саны 189, мектеп жасындағы бала саны 189, зейнеткерлер 71, мүгедектер 26.



Жұмыспен қамту және әлеуметтік жәрдемдер

2013 жылы 47 отбасының 136 баласына 2824.6 мың теңге 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы, 4 отбасына 119300 теңге атаулы әлеуметтік көмек және 17 отбасына 3432.5 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді Жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз ретінде 29 адам тіркеліп, олардың 3-і тұрақты жұмысқа орналасқан. 12-і ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.



Ауылшаруашылығы саласы

Ауылдық округтің барлық жер көлемі 24001 га. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 21707 га, суармалы жерлер 88 га, жайылымдық жерлер 16823 га, басқа да босалқы жерлер 4796 га, 2013 жылы барлығы 31 гектар жерге егіс егілді, оның ішінде 5 га дәндік жүгеріден 30 ц/га, 10 га картоптан 93 ц/га, 5 га бақша өнімдерінен 160 ц/га, 10 га көкөністен 170 ц/га өнім алынды.

2013 жылдың 1 қаңтарынан 672 бас мүйізді ірі қара, 9100 бас қоймен ешкі, 139 бас жылқы, 580 бас үй құстарының есебі алынды.

Жыл қортындысымен 381.98 цн ет, 93.0 цн сүт, 84.0 цн жүн, 1550 дана қаракөл және 9210 дана жұмыртқа өндірілді.

Ауылдық округ қамтуында «Ынтымақ –ХХІ», «Шайым», «Төлеу», «Пейіз», «Астана», «Заңғар» шаруа қожалықтары тіркелген. Қазіргі таңда «Пейіз», «Шайым» шаруа қожалықтарында 4 гектар жеміс ағаштары болса, «Төлеу», «Заңғар» шаруа қожалықтарында 97бас ірі қара, 855 бас уақ мал, 9бас жылқы малдары өсірілуде. 2012 жылы Заңғар шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы негізінде 5 млн. теңге несие алып мал шаруашылығымен айналысуда.

Көркейту –көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары.

Көктемгі көркейту – көгалдандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 750 мың теңге бөлініп, 3х2 м тұғырлар, көше белгілер орнатылды, бильборд жасалынып ілінді бағаналар, поналар сырланып жаңартылды. 167000 теңгеге 150м3 күл қоқыс шығарылды. Көктемгі, күзгі тазалық айлықтарында 18 рет сенбіліктер ұйымдастырылып, 100 түп жеміс және саялы ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл мақсатта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 12 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Шымкент-Самара трассасынан елді мекенге дейінгі тас жолдың бойы, ауыл ішіндегі көшелер тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Елді мекенге кіре беріс 13 шақырым жолдың қалған 126.0 млн теңгеге 12 шақырымы асфальттанды. Республикалық бюджеттен бөлінген 2 млн. теңгеге балалар ойын алаңы салынды 1.773 млн теңгеге трансформатор алынып тиісті орынға орнатылды. Жаңадан 200 орындық типтік жобада мектеп құрылысы басталды.

Білім беру саласы бойынша

Ауылдық округтегі №161 «Ынтымақ» орта мектебінде 35 мұгалім, 22 техникалық қызметкерлер жұмыс істейді. 2013 жылы көмір алуға 1064000 теңге, электр энергиясына 76000, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 134000, тұрмысы төмен, көп балалы және асыраушысынан айырылған отбасының балаларына киім алуға 269000 теңге, телекомға 237000, ыстық тамаққа 869000 теңге, аз қамтылған отбасылардың 26 баласына 753000 теңгенің шайы берілді. Дәрі дәрмекке 16000 теңге, асыраушысынан айырылған отбасы балаларын тынығу лагеріне жіберуге 130000 теңге және тағы басқа керек жарақтарға 80000 теңге жұмсалған.

Мектеп оқушыларының саны 189, өткен жылы мектеп бітірген 15 баланың 6-і ҰБТ-ке қатысып, олардың 1-і грант иегерлері атанды.

Мектептің 2013 жылы салыққа, зейнетақы фондына, электр энергиясына, байланысқа, интернет желісі т.б мекемелерге қарызы жоқ.



Балбұлақ балабақшасы саласы

Ауылдық округте «Балбұлақ» балабақшасы жұмыс істеп келеді.


20 орындық Аталған балабақшада 18 адам қызмет атқарады. 2013 жылы 17-тонна көмір 166000 теңгеге, 200000 теңгеге сигнализация құрылды, 98000 теңгеге аристон қойылып, септик жасалды. Балалардың төлемақылары уақтылы жиналып жатыр. Әр балаға айына 3000 теңге. Айына 20 балаға 60000 теңге жиналып соған азық-түлік алынады.

Мәдениет саласы

Ауылдық округтегі мәдени нысандар бір ғимаратта орналасқан, 1 клуб үйі мен 1 кітапхана 2 мәдени қызметкер, 2 техникалық қызметкер жұмыс істейді. 2013 жылы 99000 теңге 9,6-тонна көмір алынды

2013 жылы клуб үйінде 27 рет мәдени шара өткізіліп, ақылы қызметтен 50000 теңге түсірілген.

Ауылдық кітапханада кітап қоры 8149, 2013 жылы 94 дана жаңа кітаптармен толықтырылды, 343 оқырманы бар.

Ағымдағы жылы ауылдық кітапханада 26 рет даталы күндерге байланысты шаралар өткізілді.

Дене шынықтыру және спорт

Ауылдық округ бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда волейбол, футбол, баскетбол үйірмелеріне 52 адам қатысады. Үйірме жұмысы күнделікті мектеп спорт залы мен кіші спорт алаңында өткізіледі. Ауылдық округтте волейбол, футбол, баскетболдан 13 рет жарыс өткізілді.



Денсаулық сақтау саласы

Елді мекендегі 1 фельдшерлік – акушерлік пунктте 3 орта медицина қызметкері, 4 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Есепті мерзімде 2313 адам медицина қызметкерлерінің қабылдауында болып, 2000 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 28 адамға аудандық ауруханаларға жолдама беріліп, олар уақытылы ем қабылдап шыққан. Барлық диспанцерлік есепте тұратын адамдардың саны 179, оның ішінде бруцеллез 6, қант диабеті 3, жүркек ауруы 6, анемия-85, астма-2, мүгедектер 28, және тағы басқа аурулармен 52 адам тіркелген. Ағымдағы жылы 109 адам профилактикалық тексеруден өткізілген. Ауру анықталған 15 адам тиісті емдерін қабылдаған. Сары ауру, көк жөтел, қызылша, сал, сіреспе және тағы басқа ауруларға қарсы 352 бала мен ересектерге алдын ала егу жұмыстары жүргізілген. Жыл басынан бері тіркелген жұқпалы аурулар саны 17.



Ауылдық округ әкімі аппараты

Есепті мерзімде жоғарғы органдар мен облыстық және аудандық мекеме, бөлімдерден 320 қатынас-құжаттар келіп түсіп, олардың мерзімі көрсетілген құжаттарына уақытылы жауап қайтарылды, қалғандары қызмет бабында пайдаланылды. Жоғары және басқа да органдарға 287 құжат жолданып, барлық құжат айналымы 607 –ны құрады.

2013жылы 49 өкім, 8 шешім қабылданды. Қабылданған құқықтық кесімдерге прокуратура және жоғары тұрған органдар тарапынан наразылық болған жоқ.

Осы уақыт аралығында 8 жеке тұлғадан жазбаша өтініш тіркелді. Ауыл әкіміні заң талаптарына сәйкес мерзімінде жауап берілді.

Ақбұлақ бағдарламасына байланысты кезеңмен істелуде.

Мәдениет үйінің ескіліне байланысты жаңадан салуға жұмыс жасалуда.

Балабақша ғимаратының жеке тұрғын үйді алуына байланысты жаңадан салуға кезекке қойылған.

Көше жарығына байланысты 2014 жылға бюджеттік өтініш берулуде

Газ құбырына байланысты кезеңімен жұмыс жасалуда.

Елдің саяси ахуалы бір қалыпты 2013 жылы ауыл тұрғындарымен мәуліт айы өткізілді. Қызылорда қаласының бас имамы Жаңақорған ауданының бас имамы ауыл имамы халықпен кездесу ұйымдастырылды.

Қысқа көшелерге тас төгуге байланысты 2014 жылға бюджеттік өтініш берілуде.

Салық түсімдері

2013 жылы мүлік салығына 4.2 теңге жоспарланып 4.3 теңге орындалған. Жер салығы 109.0 теңге жоспарланып, 109.0 теңге орындалған. Көлік салығына 309,3 теңге жоспарланып, 430.4 теңге орындалған.



Тыңдағандарыңызға рахмет!
Каталог: upload -> files
files -> Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
files -> Жаңақорған ауданы мәдениет саласының 2012 жылы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
files -> «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»
files -> Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар мен сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайларды белгілеу туралы
files -> 2013 жылдың 1 қыркүйегіне Жаңақорған ауданы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет