Жетписбаев батыр адамович


”Жарғы” меншікке, əркімнің еңбекпен тапқан мал-мүлкіне қарсы жасалған



Pdf көрінісі
бет22/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
235556 (1)

9.”Жарғы” меншікке, əркімнің еңбекпен тапқан мал-мүлкіне қарсы жасалған 
қылмыстың қай түрі болсын-ұрлық, тонаушылық, өте қатал жазалануын талап 
етеді. 
10.”Жарғы” діннен безген, құдайға тіл тигізген адамдарды, өзге дінге кірушіні 
қатын-баласынан, мал-мүлкінен айыруды, өлім жазасын беруді қуаттайды.Өзіне 
өзі қол көтерген адамның жаназасын шығармауды, ру қорымынан бөлек жерлеуді 
талап етеді. 


БІРІНШІ ТАҒАН
 
Мемлекет жəне билік
 
§ 1. Билік деңгейлері. 
1. Ақсақал билігі -ата баласының ішінде жүреді.Неке мен отбасы, жақын туыс ағайын арасы
мұрагерлік пен енші т.б. мəселелерді шешуге хақылы.Ақсақалдар бір ата баласы ішіндегі дауда 
кінəлі жақты жазалауға да хақылы. 
2. Рулы елдің билігі-сол елдің ішінен шыққан көсемге тапсырылады . Ол не өз қасиетімен, не 
аталарынан жеткен мұрагерлікпен билік жүргізеді. Ру биі рулы елге иелік жасайды, дау шарына 
төрелік айтады, ағайынды бір-бірімен табыстырады. Сол рулы елді өзге жерде қорғайды
намысын жыртады.Жақсы би өз руын өрге суйрейді, өз бас бұзарын өзі жазалайды. 
3. Ұлыс биі-бірнеше руға иелік етеді, ұлыстың/жаугершілік жағдайында кемі 10 мың жігіт 
шығара алатын одақ, бас билігі, сыртқы саясаты ұлыс сұлтанының қолында/шаруашылық жəне 
əлеуметтік өміріне басшылық жасайды.Сол ұлысқа ие болып отырған ханның, не сұлтанның 
ақылшысы, сүйеушісі болады. Ірі -ірі кеңестерде, ”Жарғының” жиналыстарында ұлыс елдің 
намысын қорғап, немесе елдің ішкі жəне сыртқы жағдайына қатысты қабырғалы кеңес айтады.
4. Орда биі-тұтас жүздің басшысы, кемеңгер ел басының қызметі, би атағының ең биік деңгейі. 
Орда биі жалпы халықтық мəселелерді шешуге, өзге елдермен қарым-қатынас ісіне тікелей 
қатысады. Орда биі мемлекеттік ”Жарғының”құрамына енеді, яғни сыртқы жəне ішкі саясатқа 
ықпалы мол, ханды тежеуге немесе қамшылауға, не жауапқа тартуға хақылы. Орда билері 
хандық биліктің осал кезінде ел татулығын, бірлігін ұстап тұруға жауапты. 
5. Хандық билік-хан немесе ұлыс сұлтаны тарапынан жүргізіледі. Биліктің бұл деңгейі 
жаугершілік тұсында аса көтеріледі жəне ”Жарғының”шешімімен хан немесе ұлыс сұлтаны өз 
бетімен сыртқы саясатты жүргізуге мүмкіндік алады. Ішкі саясат мəселесінде ел ішіндегі 
билердің алдынан бітпеген даулар немесе ұлыс сұлтандары арасындағы даулар хан алдына
барады. Əр даудан, хан қатыссын мейлі, қатыспасын, жауапкердің есебінен кесілген мал мен 
мүліктің 10 пайызы ханға олжа /”хандық”/. Сыртқы елдермен арадағы елшілік, сүйек 
жақындық /қыз беру, қыз алу/, жаугершілік пен бітім тікелей ханның, не ұлыс сұлтанның 
басшылығымен жасалады.Төре тұқымының ішкі əулеттік даулары хан алдында тарайды, қара 
қазақ баласы ”хан баласы көпір болса басып өтпе”деп қабыл алса, кез-келген дауды төре алдына 
алып барып шешуге мүмкіндігі бар. 
6. Қаз (мəслихат, жиын) - бүкіл қазақ елінің бас қосқан кеңесі.Ел басына түскен өте ауыр, даулы, 
жауапты мəселелерді талқылауға үш жүздің бас көтерер азаматы (бес қаруымен ат-сайманы 
бойында) түгел қатысады.Көрші елдермен соғысу, не одақтасу, не мойынұсыну т.б. бойынша 
шешімде бекітуге тек ”Қаздың” (мəслихат, жиын) ғана деңгейі келеді. ”Қаз” (мəслихат, жиын) 
бекітпесе хан мен сұлтан болса да, елдің беделді билері болса да биліктері заңсыз деп табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет