Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет25/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
235556 (1)

§ 5. Кеңес жəне жүгініс 
І.Даулы істің ауыр-жеңіліне қарай билік айту бінеше жағдайда іске асады: 


а/ Егер іс өлімге, ел тонау, зорлық т.б. ру аралық ауыр қылмысқа байланысты болса, оны Кеңес 
шешеді, 8-ден 24-ке дейін би қатысады. Төбе биді даугер мен жауапкер жақ өзара келісіп
таңдайды. 
Төбе би өз таңдауы бойынша алдын-ала Кеңеске билерді, ақсақалдарды шақырады.Даугер мен 
жауапкердің Кеңес мүшелеріне қатысты пікірі ескеріледі 
ə/ Егер іс үлкен ұрлық, тонау, жесір дауы, денеге зақым келтіру сияқты ру ішіндегі немесе көрші
рулармен арадағы қылмыспен байланысты болса, оны Жүгініс шешеді. Оған 6-8 би, ақсақал 
қатысады. Төбе биді екі жақ келісіп таңдайды. Жүгініс мүшелерін төбе би шақырады. 
б/ Егер ата баласының, ру ішінің арасындағы дау болса (төбелес, боқтау, ұсақ ұрлық т.б.) бір 
бидің немесе ақсақалдың өзі де шешеді. Бидің ынтасына қарай көрші-қолаң ақсақалдар бұл 
шешімге қатыса береді.
2.Есесін қуып журген жақты-даугер /даушы/, ал оның қарсы жағын жауапер дейді. 
3. Биліктің тəртібі бойынша билер мен ақсақалдар төбе басында қатарласа отырады /жарты 
шеңбер болып/. 
4.Ең алдымен төбе би жиналған елге істің барысын баяндайды, билікке қатысып отырғандарды 
таныстырады. 
5. Кеңес пен жүгіністің шарты бойынша екі жақта би алдында шарт жүгініп отырады, екі 
қолын салалап, тізесінің үстіне қояды. 
6.Алғашқы сөзді даугер бастайды, ол сөзін аяқтағаннан кейін оны жауапкер жалғастырады. 
7. Жүгініске отырмай тұрып би екі жақтың жақсыларына, не даугер мен жауапкердің өзіне 
өзара келісімге келу (қарындас, салауат) жөнінде ұсыныс айтуға хақылы /төреге барып, төбеге 
шықпайық/. 
8. Егер екі жақ та биге салса, ол даудың шешімін не өз ақылымен, не жанындағы билермен
ақылдаса отырып айтуға тиісті. 
9. Билік айтылатын жерге даугер мен жауапкердің туыстары, ағайындары, жақтастары келуге 
хақылы. Олардың əр қайсысы талқылау барысында сөйлеймін десе ерікті. 
10. Билікті бидің жалғыз айтуына мүдделі болса, даугер мен жауапкер оны алдын-ала ескертуі 
тиіс. 
11. Егер дау бірнеше бидің талқысына түссе, онда орталарынан төбе би сайланады. (Даугер мен 
жауапкерден ұсыныс түспесе билердің өздері келіседі) 
12. Би шешіміне разы болмаған жақ, екінші жақтың келісімін алып, өзге биге баруға ұсыныс
жасауға хақылы (”Үлкен қазанда, немесе басқа қазанда қайналық”). 
13. Егер жолы кіші рудың биінен дау бітім таппаса, не даушылардың шешімге көңілі толмаса
жолы үлкен рудың биіне баруға хақылы /мəселен-Бай ұлының биіне көңілі толмаса, оның үстінен 
Əлім ұлы биіне барып шешімді бұза алады/. 
14. Екі жақ бірдей биді мойындаса, соның белгісі деп бидің алдына қамшыларын тастайды. 
15. Жауапкер, не даугер келісімді уақытта би алдына келмесе, онда би сол елдің жақсыларына 
сын айтуға мүмкіндігі бар. Егер би мен оның өтініш берушілері бір рудан болса, би өз бетімен 


жасауыл жіберіп, күшпен алғызуға хақылы. 
16. Жасауыл ақы немесе ”ат майы” жауапкердің есебінен өтеледі. 
17. Егер дауласушы жақтың бірі /кінəлі/ билікке келмесе, билер барымта алуға рұқсат береді. 
18. Даугер мен жауапкердің сөздерінде /мəселен мал, не жесір туралы/ бірдей қиынсыздық болса, 
би екі жағына тең жарады. Мұны ”Жарасу” немесе ”Қарындас болу” дейді. 
19. ”Қарындас болып” бітуге ешқандай шек болмайды. 
20. Би алдына келген қандай болмасын істі ”жан бергізбей”, яғни екі жақты антқа түсірмей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет