§ 2. Би
1. Би-сайланбалы қызмет емес;ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша
елдің салт-дəстүрін білетін, шежіреден хабары бар, ауызы дуалы, шаруасы түзу, ата-тегі
белгілі жəне елге беделді, сыйлы адам би болады.
2. Би-жас ерекшелігіне бағынбайтын қызмет. Айтқанын ел қабылдаса жас бала да елге билік
айтып, даудың шешімін шығарады.
3. Би-атадан балаға қалатын мұра емес , əркім өз жігерімен , білімімен, зердесімен жететін
абыройлы атақ.(Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен, жеті атасын жетектеп жүрген бар
ма екен?).
4. Қазақ билігі ауызша айтылатын, ауызша шешілетін билік, жұрт алдында, қалың тобыр елдің
үстінде айтылады, кім қатысам, кім сөйлеймін десе де, ел келіссе, рұқсат.
5. Би-табиғи қабілет пен терең білімді ұштастырған адам болуы шарт.
6. Би-шешен, тілді, тоқсан ауыз сөздің тобықтай мəнін табатын, айтқан сөзінің салмағы
қорғасындай болуы шарт.
7. Би-ердің құны, нардың пұлы болса да екі ауыз сөзбен шешетін адам.
8. Би-қазақ шежіресін, ру құрылымын, олардың арасындағы жолды,
туысқандықты терең айыратын жан.
9. Би-терең білімділігімен қатар, өзіне тартпайтын адам. Ол-турашыл ”қара қылды қақ
жарған”, ”тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ".
10. Би-өз өмірінде өз басына дау келтірмеуі шарт, елге күмəн, күмəнді сөзге себеп бермеуі шарт:
Би басына дау келсе,
Билігі кетер басынан.
§ 3. Хандық билік:
1. Қазақ билік жүйесінде мұрагерлік жəне сайланбалы қызмет қатар қолданылады.
2. Хан сайлаудың шарты елдің ең белгілі көсемдерінің ақ кигізге хан тағына үміткерді
көтеріп, елді аралатып бір биікке шығаруы.
3. Екінші шарты ханға үміткерді боз биенің сүтіне шомылдыру.
4. Хан сайлауға қатысушылар ақ кигізді қылдай қылып бөліп алады.
5. Ханға жақын адамдар оның киімін алады.
6. Хан сайлаудан қайтқан ел ханның мал дүниесін бөліп, айдап алып кетеді оның орнын
толтырып еселеп мал береді /хан талау/.
7. Ханның ақылшы адамдарын ”нақ” дейді, баласының /мұрагер/ тəрбиешісін ”аталық” деп
атайды.
8. Ханға қарсылық жасаған рулар ”тоғыз” айып төлейді /ханға қарсылық құдайға қарсылық/.
9. Ханның жеке өз басына қарсылық көрсеткен, тыңдамаған адам тоғыздан айыбын төлейді.
Кінəліні мойнына құрым іліп ауыл айналдырады.
10. Ханның өзі бастап, ұлыс сұлтандары, ел басы билер мен ақсақалдар жыл сайын күз
уақытында қазақ даласының орталығына қарай белгілі бір жерде ел мəселелерін талқыға
салуы шарт /қазға салу/.
11. Елдің бас қосқан жиынына /қаз (мəслихат, жиын)/ əрбір қазақ бес қаруымен келуі щарт
Қарусыз адам дауысқа түспейді , жасы кішілер оған орын бермейді.
12. Əрбір қару-жарағы сайлы адам /сұлтандардан басқа/ ел қазынасына деп сұлтандар мен
хан /елбасы/, жауаптылығына өз меншігіндегі дүниенің, малдың өсімінен 1/20 бөлігін жыл
сайын беруі шарт .
Хан сайлау:
Қазақ халқы ерте заманнан ханға бағынған ел. Хан қоғамдағы ең жоғарғы биліктің өкілі . Қазақ
халқының үлкен хандарын ”ақ кигізге” көтеру дəстүрі ел болып хан билігін мойындаудың белгісі.
Барлық қазаққа ортақ билік иесін ” үлкен орданың ханы ” деп атайды, сонымен бірге əр жүз
немесе ұлыс билеушісі сұлтандарды ” хан ”деп марапаттау бар, бірақ ақ кигізге ел болып түгел
көтермегеннен кейін олардың деңгейі төмен. Сол себептен ұсақ ұлыс билігін “келте хандық” деп
атайды. Хан атағы əкеден балаға қалатын мұра емес, негізгі шарт ағадан ініге қалады. Бірақ,
халықтың көңілі кетіп , өзіне жағымды деп тапса, сол адамына береді. Шарты, үлкен хандардың
тұқымынан болуы керек, негізгі өзектен. Хан болатын үміткер Жарғының алдында сыннан
өтеді. Халықтың негізгі бөлігі қатынасқан-жиын, /қаз, мəслихат/ ханды сайлауға рұқсат береді.
Хан болатын үміткер өзін жан-жақты көрсетуі шарт: ел арасындағы келіспеушілік болса
төрелік жасап, жаугершілік болса қолбасшылық жасап, келіссөздер болса елдің намысын сақтап.
Хан атағына үміткерді ел басшылары толық жиналған соң боз биенің сүтіне шомылдырып ақ
киізге салып көтереді. Ханды қолдайтын билер ақ киіздің шетін ұстап ел жиынын аралайды.
Ханды үш рет көтереді. Елдің бəрі ханды көтерген сайын “Хан“, “Хан“ деп айғайлап
дауыстайды. Бұдан кейін сол жерде адамның бəрі жапа-тармағай жабылып ханды “тəбəрік“
деп бөліп алады. Ақ киізге көтерген соң боз биенің сүтіне шомылдырады, хан киімін
кигізеді/алтынмен оқаланған хан шапаны мен айыр қалпақ/. Ең жақын- жанашыр деген адамдар
ханның ескі киімін өзара бөліп алады. Боз биенің сүтіне шомылдырылғаннан кейін ханды ел
алдына алып шығып таныстырады. Осы жиында ханның жанына кеңесші болатын “нақтарды”
сайлайды, ханның балаларын тəрбиелейтін, ханның елшілік тапсырмасын атқаратын “аталық“
сайлайды. Қазға (жиын, мəслихат) қатысқан ірі рулардың билері ханға арналған тарту-
таралғыларын тапсырады. Ханның туын көтереді, ту көтеріп жүретін, соған жауапты
батырды белгілейді. Қаздан (жиын, мəслихат) шыққан ел рəсім аяқталған соң ханның
меншігіндегі малдың бəрін “хан талапай“ деп қолына түскенін айдап кетеді.Бірақ, оның
ертеңінде əрқайсысы ханға еселеп сыбаға жібереді. Қаз жиынына қазақ елінің атқамінер, қаруы
сайлы азаматы түгел қатысады. Түркістан мен Ташкенттің, сол жердегі қалалардың
тұрғындары түгел қатыстырылады, ғұлама моллалар, қожалар “бəтуа“ береді. Қаз жиынның
соңы қашанда қызық-думан той болып аяқталады. Ел басшылары өзара келісімге келгенінің
белгісі ретінде “аққасқа-көкқасқа“ сойып/құрбандық шалу/ соның бауыздау қанына бармақтарын
батырып, көкке көтереді /уағданы бұзсақ көк соқсын делінеді/.
Осылай өзара серттескеннен кейін хан билігі ел ішінде мойындалған болады.
Хан сайлауға қатысқан ел бұдан былай (ханға қарсылық-құдайға қарсылық ( деп өзара хан атағын
сыйлауға бəтуаласады. Ханға қарсылық жасаған руларды Жарғы жазаға тартады. Ханның ірі
рулардан сайланған нақтары өз руларының күшімен кез-келген қарсылықты басып отырады,
кінəлі рулардың билері тоғыздан айыптарын тартады. Хан алдында кінəлі болған жеке
адамдарды жасауылдар мойнына құрым іліп, қара сиырға мінгізіп хан ордасын айналдырады.
Хан қазақ елінің бас төрешісі қызметін атқарады. Жүз, ру арасындағы ірі даулы мəселелер
ханның қатысуымен шешіледі, қатыспаған күннің өзінде “хандығын” алады. Хан өз қалауымен
Жарғының келісімін алса, кез-келген адамды /кінəсіна қарай/ өлім жазасына кесе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |