Екінші таған
Жарғының алтын қазығы
§ 1. Отбасы жəне неке
1. Туыстық есеп өзегі атадан бастау алып, қарым - қатынастың барлық саласын
баурайды. Қоғамдық жəне қауымдық тіршіліктің əр саласында түрлі туыстық
ұғымдар қолданылады: ұру (ру), сүйек, үрым-бұтақ (ұрқы), жұрағат, ағайын ел-
жамағайын, жеті ата, ата баласы, аталас, топ, тармақ, арыс, төбе, тайпа т.б.
Осылардың ішінде қандас туыстық жеті атаға дей3н ерекше сақталады: “жеті атасын
білген ер-жеті жұртытың қамын жер”, “жеті атасын білмеген – жетесіз” т.б.
Қандас туыстықтың денгейлерін көрсету үшін төмендегі ұғымдар қолданылады:
1. ата
2. əже
3. бала жеті ата
4. немере
5. шөбере
6. шөпшек
7. немене
8. туажат
9. жекжат
10. жүрежат
11. жұрағат
12. ұрпақ
Қазақ ішінде „үш жұрт“ ұғымы қолданылады. Біріншісі- ер адамның əкесі жағынан
туысатын өз жұрты, əйелдің - төркін жұрты деп аталады. Екінші- шешесі жағынан
туысатын нағашы жұрты. Үшіншісі - əйелі немесе күйеуі жағынан туысатын қайын
жұрты. Қазақ ата намысына қанша тартса да “ердің жақсы болмағы нағашыдан” деп
нағашы жұртына аса үлкен маңыз береді.
Нағашы- жиен арасы:
1. Нағашы жиеніне „40 серкеш “ беруі керек. Жиені нағашысына „қырық серкешімді
алуға келдім“, - деп арнайы нағашылап барғанда, оны құр қайтармай, өзінің
қалағанын алып қайтады.
2. Жиені көңілі түскен нəрсесін, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық болсын
қалаған бұйымтайын нағашысы қолынан бермесе, жиені жолынан алуына хақы бар.
3. Жиен нағашысынан үш ретке дейін қалағанын ала алады жəне мұндай жиендік ету
үш ретке дейін айыпталмайды.
4. Төркіндеген шешесіне еріп келген кішкентай жиендеріне нағашылары бəсіре мал
атап, жас төлдерге ен салдыртып, кейін жиені ер жеткенде енші қылып береді.
5. Нағашыларының алдында бөлелердің хақы бірдей.Екі қыздан туған жиендердің
нағашыларына бірдей барып, жиендік етулеріне тиым жоқ.
6. Бөлелер арасында неке қарым- қатынастарына рұқсат етіледі.
Ата-ана мен бала:
1. Əке отбасына тиесілі мал мен мүліктің, жер мен судың, құл мен күңнің негізгі иесі болып
табылады.
2. Əйел өз жасауына өзі иелік етеді.
3. Ері қайтыс болған күнде, бүкіл дүниеге əйелі ұлы кəмелетке жеткенше ғана иелік етеді.
4. Əкелері қайтыс болған от басының тіршілігіне кəмелетке толған үлкен ұлы жауап
береді. Іні-қарындастарынына қамқордық жасау үлкеннің міндеті.
5. Егер ері əйелін кінəсіз өлтірсе, əйелінің туыстарына құн төлеп жəне жасауын
қайтарады.
6. Егер ері əйелін ашынасымен ойнас үстінде ұстап алса, əйелін өлтіруге хақы бар. Мəселе
билердің алдына түссе төрт кісі не ақтап, не қарамал жан беруі керек.
7. Егер əйелі күйеуін өлтірсе, онда ол өлім жазасына кесіледі; Егер күйеуінің туысқандары
кешірсе, əйел бұл жазадан құтыла алады.
8. Егер ерлер арасындағы жанжал, төбелес болып жатқан жерге əйел кірісіп кетіп қайтыс
болса, онда оған ешқандай құн төленбейді.
9. Балаларының əкесіне қарсы шығуға хақылары жоқ. Əке енші алмаған балаларына, дүние -
мүлкіне ие болып, шектеусіз билік жүргізеді.
10 . Əкесі баласын өлтірсе, жазаға тартылмайды.
11. Егер өзінің əкесін немесе шешесін балалары балағаттаса, онда сиырға теріс қаратып
отырғызып, мойнына ескі құрым іліп, ауыл аралатады, немесе қамшымен дүрелейді. Ал
Достарыңызбен бөлісу: |