Жетписбаев батыр адамович


§3. Қылмыстың заты мен құралы



Pdf көрінісі
бет32/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§3. Қылмыстың заты мен құралы
 
Қылмыс объектiсiнен қылмыстың затын ажырата бiлу қажет. Қылмыс объектiсi ретiнде қарастырылатын 
қоғамдық қатынастарға зиян келтiру осы қатынастардың жеке элементтерiне, соның iшiнде қолсұғушылық 
затына əсер ету арқылы жасалуы мүмкiн. 
Қылмыстың заты деп - қылмыс объектiсiнiң элементi болып табылатын жəне қылмыс құрамының белгiсi 
ретiнде сипатталатын зат немесе объективтi дүниенiң басқа да заттары. Мысалы, мүлiктi, яғни автокөлiктi 
ұрлауда қылмыстың заты – автокөлiктiң өзi, ал объектiсi сол автокөлiк иесiнiң меншiк құқығы. Кейде 
қылмыстың заты болып адам, яғни оның денесiне əсер ету арқылы объектiге қарсы қолсұғылады. Мұндай 
жағдайда «қылмыстың жəбiрленушiсiң терминiн қолданған дұрысырақ. ҚР ҚIЖК 75-бабының 1-бөлiгiне 
сəйкес «қылмыстық процесте оған тiкелей қылмыспен моральдық, дене жəне мүлiктiк зиян келтiрiлдi деп 
ұйғаруға негiз бар адам жəбiрленушi б.т ң. Егер заң жəбiрленушi нiң ерекше қасиетiн (мемлекеттiк 
қайраткер, прокурор, тергеушi, жүктi əйел) көрсеткен болса, мұндай жəбiрленушiнiң қасиеттерi қылмыс 
құрамының құрылымына енгiзiледi. Қылмыстың жəбiрленушiсi тұлғасын зерттеумен криминология 
ғылымының «виктимологияң деп аталған бағыты айналысады. 
Сонымен, көптеген ғалымдар қылмыс заты ретiнде қоғамдық қатынастың материалдық, заттай жағын 
көрсетедi. Зат – нақты зат, ал объект осы зат жөнiндегi əлеуметтiк қатынас. Қылмыс арқылы барлық 
уақытта объектiге зиян келтiрiледi жəне бұл зиянды қалпына келтiруге немесе жоюға мүмкiндiк бола 
бермейдi, ал қылмыс заты көбiне қол сұғушылықтан жойылмайды, бүлдiрiлмейдi, олай болған күнде оны 
қалпына келтiруге болады.
Қылмыс заты – кез келген қылмыс объектiсiнiң қажеттi, бiрақ мiндеттi емес элементi, оған ықпал жасай 
отырып қылмыскер қылмыстық заң нормалары қорғайтын мүдделерге елеулi зиян келтiредi. Алайда, 
бiрқатар авторлар (мысалы, профессор Е.I.Қайыржанов) затсыз қылмыс болмайды, кез келген қылмыстың 
заты болады деген де тұжырым айтады.
Қылмыс затына қылмыс құралының да қатысы бар. Қылмыстың құралы деп қылмыскердiң ойлаған 
қылмыстық ниетiн жүзеге асыру үшiн пайдаланған құралын айтамыз. Мысалы, кiсi өлтiруде құрал –
мылтық, ұрлықта – лом, əскерден бұлтартуда – жалған құжат. Қылмыстың құралы кейбiр жағдайда бiр 
жағынан қылмыстың құралы болса, екiншi жағынан қылмыстың заты болуы да мүмкiн. Мысалы, ақша 
ұрлықта - қылмыс заты, ал парада - қылмыс құралы б.т. Қылмыстың заты мен құралы арасындағы 
айырмашылықты қылмысты жасау процесi кезiндегi бұл заттардың пайдалану сипатына қарап анықтау
қажет. Сонымен бiрге оның процесуалдық аспектiсiн де айта кету керек. Қылмысты тергеу жəне сот қарауы 
кезiнде қылмыстың заты мен құралының одан əрi тағдыры əртүрлi шешiледi. Қылмыстың заты 
жəбiрленушiге қайтарылуға жатса, ал қылмыс құралы барлық уақытта мемлекеттiң тəркiленуге жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет