Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет34/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Мiндеттi белгiсiне əрекет немесе əрекетсiздiк нысандағы қоғамға қоғамға қауiптi iс-əрекет жатады. 
Өйткенi, ешбiр қылмыс белгiлi бiр нақты iс-əрекетсiз жасалмайды. Iс-əрекет ҚК Ерекше бөлiм бабының 
диспозициясында тiкелей көрсетiледi немесе соның мазмұнынан шығады.
Қылмыс құрамының объективтiк жағының факультативтi белгiлерiне: қоғамға қауiптi зардап, əрекет пен 
зардап арасындағы себептi байланыс, қылмыстың жасалу уақыты, орны, жағдайы, тəсiлi жəне құралы 
жатады. Бұл белгiлер кейбiр жағдайларда, егер олар ҚК Ерекше бөлiмi бабының диспозициясында 
көрсетiлсе қылмыстың объективтiк жағының мiндеттi белгiсiне айналады.
Қылмыстың объективтiк жағының қылмыстың-құқықтық маңызын мынадай бiрқатар жағдайлармен 
сипаттауға болады:
Бiрiншiден, қылмыстың объективтiк жағы қылмыс құрамының мiндеттi элементi болып табылатындықтан 
қылмыстың жауаптылық негiзiне кiредi.
Екiншiден, қылмыс құрамының объективтi жағының белгiлерi көпшiлiк жағдайларда қылмыстың қоғамға 
қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiн анықтауға көмектеседi.
Үшiншiден, қылмысты дұрыс саралау үшiн қылмыстың объективтiк жағының маңызы елеулi.
Төртiншiден, қылмыстың объективтiк жағы ұқсас қылмыстарды бiр-бiрiнен ажырату, сонымен бiрге 
қылмыстық əрекеттi қылмыс емес əрекеттен ажыратудың бiр критерийi болып табылады.
Бесiншiден, сотта жазаны жеке даралау кезiнде қылмыстың объективтiк жағының белгiлерi жауаптылық 
пен жазаны жеңiлдететiн жəне ауырлататын жағдайлар ретiнде жасалған қылмысқа сəйкестi əдiл жаза 
тағайындауға негiз болып табылады. 
§2. Қоғамға қауiптi iс-əрекет жəне оның түрлерi
 
Қылмыстық iс-əрекет (əрекет немесе əрекетсiздiк) кез келген қылмыстың объективтiк жағының мiндеттi 
белгiсi, өйткенi ол объективтiк жағының негiзi, өзегi ретiнде танылады. Əрекет немесе əрекетсiздiк 
қоршаған ортамен өзара əрекеттесудiң əртүрлi нысанында жəне белгiлi бiр жағдайларда, уақытта жəне 
орында жасалуы мүмкiн.
Қылмыстық құқықтық мағынада iс-əрекеттiң құқықтың белгiлерi бар, олар қоғамға қауiптiлiк жəне 
құқыққа қайшылық. Iс-əрекеттiң қоғамға қауiптi белгiсi, яғни қылмыс болып табылатын iс-əрекет 
қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғады жəне елеулi зиян келтiредi немесе 
осындай зиян келтiру қаупiн туғызады дегендi бiлдiредi. Сондықтан, қылмыстық заң бойынша қылмыстық 
заңмен тыйым салынған əрекет, егер оның қоғамға қауiптiлiгi мардымсыз, шамалы болса қылмыстық iс-
əрекет деп танылмайды. Iс-əрекеттiң құқыққа қайшылық белгiсi бойынша, əлеуметтiк баға, көзқарас 
тұрғысынан қарағанда қоғамға қауiптi болып табылатын əрекеттер, егер олар қылмыстық заңда 
қарастырылмаған болса да қылмыстық iс-əрекет деп танылмайды.
Iс-əрекет нақты, саналы жəне ерiктi түрде жасалғанда ғана қылмыстық сипатқа ие болады. Адамның 
əрекетi оның еркiнiң сыртқы көрiнiсi, ол саналы түрде жəне белгiл бiр мақсатқа жету үшiн жасалуы тиiс. 


Əрекеттiң сипаты адамның еркiмен жасалған болса ғана оның кiнəсi туралы мəселе туындайды. 
Сондықтанда адамның рефлекторлық, яғни сыртқы əсер етуден пайда болған дене қозғалысын
сандырақтап жатқан ұйқыдағы адамның қимылын адамның саналы, ерiктi iс-əрекетi деп қарауға болмайды, 
себебi ол əрекеттер адамның өз ырқына бағынбайды. Мысалы, ырық бермейтiн табиғат күшiнiң немесе 
дүлей күш көрсетудiң əсерiне ұщыраған адамның əрекетi қылмыс емес. Сонымен бiрге, егер күштеп 
мəжбүрлеудi жеңе алмады делiк, мұндай жағдайда жасалған қоғамға қауiптi iс-əрекет оны жасаған адамның 
қылмыстық жауаптылығын болдырмайтын мəн-жайға айналады. Сонымен, қылмыстық iс-əрекет қоғамға 
қауiптi, қылмыстық құқыққа қайшы, саналы жəне ерiктi түрде жасалғанда ғана қылмыстық жауаптылыққа 
əкеп соғады.
Қылмыстық iс-əрекет əрекет немесе əрекетсiздiк түрiнде көрiнедi.
Əрекет адамның белсендi iс-қимылы жəне қоғамға қауiптi iс-əрекеттiң кең тараған түрi. ҚР ҚК Ерекше 
бөлiмiнде қарастырылған қылмыстардың басым көпшiлiгi осы белсендi əрекетпен жасалады. Кез келген 
əрекеттiң негiзiнде адамның белгiлi бiр мақсатқа жетудi жүзеге асыруға бағытталған саналы дене қимылы 
жатыр. Қылмыстық əрекет адамның бiр əрекетiнен немесе бiрқатар жеке, бiр бiрiмен байланысқан 
əрекеттерiнен құралады. Мысалы, адам бiр қылмысты жасау үшiн оған ең алдымен дайындалады 
(қылмыстың орнын, уақытын, қаруын iздеу жəне т.б.).
Қылмыстық əрекеттердi жасау кезiнде субъект əртүрлi қаруларды, механизмдердi, техникалық 
процестердi, жануарларды немесе басқа адамдарды, олардың есiнiң дұрыс еместiгi, жастығын немесе 
жағдайды ұғына алмауын пайдаланып қылмыс жасауы мүмкiн. Мысалы, егер қылмыс субъектiсi үйретiлген 
иттi пайдаланып басқа адамның денсаулығына зиян келтiрсе, мұнда ит қылмыс құралы болып табылады да, 
иттiң иесi қылмыстың субъектiсi ретiнде жауапқа тартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет