ғана қылмыстық жауаптылыққа əкеп соқтырадың.
Бұл анықтамадан қажеттi қорғану шегiнен шығудың 3 белгiсiн бөлiп алуға болады:
1)
қоғамға қауiптi қол сұғушылықтың сипаты мен дəрежесiне қорғанудың көрiнеу сəйкес келмеуi;
2)
қол сұғушыға анық шектен тыс жағдай мəжбүр етпейтiн зиян келтiрiлуi;
3)
зиян тек қасақана келтiрiлуi тиiс.
Қажеттi қорғану шегiнен шығушылық бар немесе жоқ екендiгi туралы мəселенi шешу кезiнде
қолсұғушылыққа қатысты жəне қорғануға қатысты мəн-жайлардың барлық
жиынтығына талдау жасау
қажет жəне мынадай объективтi жағдайларды ескеру қажет, атап айтқанда:
-
қорғалатын игiлiктiң мағыздылығы мен қорғану кезiнде зиян келтiрiлетiн объектiнiң мағыздылығы,
-
қол сұғушылықтың қауiптiлiгi, оның ұмтылысы мен шапшандығы (интенсивность);
-
қорғанушы мен шабуыл жасаушының демографиялық ерекшелiктерi (жынысы, жасы, денсаулық
жағдайы, дене күштерi жəне т.б.);
-
қорғанушы мен шабуыл жасаушылардың саны;
-
қолсұғушылық пен қорғану кезiнде қолданылған құралдардың бар болуы, сипаты жəне тəсiлi;
-
қолсұғушы мен қорғанушының арасындағы қатынас.
Осы аталған жағдайлардың барлығын ескерген жағдайда ғана шабуыл мен қорғанудың сəйкестiгi туралы
мəселе дұрыс шешiледi.
Адам өмiрiне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға əрекет етумен ұштасқан өзге де қол
сұғушылыққа тойтарыс беру кезiнде адамға зиян келтiру қажеттi
қорғаныс шегiнен шығу болып
табылмайды.
ҚР қылмыстық заңы бойынша қажеттi қорғану шегiнен асып қасақана қылмыс жасау екi жағдайда ғана
қылмыстық жауаптылыққа əкеп соқтырады. Бiрiншiсi, ҚК 99-бабында «Қажеттi қорғану шегiнен асып кiсi
өлтiруң, екiншiсi ҚК 109-бабы «Қажеттi қорғану шегiнен асып қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтiруң.
Ал өзге жағдайларда, егер қажеттi қорғану шегiнен асып денсаулыққа қасақана
орташа не жеңiл зиян
келтiру, не абайсызда зиян келтiру ҚК-ң 53 бабының 1 бөлiгi «зң тармағына сəйкес жауаптылық пен
жазаны жеңiлдетушi мəн-жайлар ретiнде танылады. Сонымен бiрге, қылмыстық
заңда қоғамға қауiптi
қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажеттi қорғану шегiнен асқан адамды
қылмыстық жауаптылықтан босату туралы да норма қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: