Жетписбаев батыр адамович


Ұстау шараларынан шығу мына жағдайларда орын алуы мүмкiн



Pdf көрінісі
бет60/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Ұстау шараларынан шығу мына жағдайларда орын алуы мүмкiн:
1)
егер ауырлығы онша емес қылмыс жасаған кiнəлiге оның денсаулығына ауыр зиян келтiрумен 
ұштасқан ұстау шаралары қолданылса. Мысалы, егер ұрып-соғу қылмысына кiнəлi адамға 
денсаулығына ауыр зиян келтiрiлсе;
2)
егер қылмыскердi ұстау кезiнде жағдай мəжбүр етпейтiн анық шектен тыс зиян келтiрiлсе. Мысалы, 
ұсталатын адамға жеңiл зиян келтiру мүмкiндiгi бола тұра оған ауыр зиян келтiрiлсе;
3)
қылмыскердi ұстау кезiнде оған қасақана зиян келтiрiлсе.
Қылмыстық заңда қылмыскердi ұстау шараларының шегiнен асып қасақана адам өлтiру жəне қасақана 
денсаулыққа зиян келтiру үшiн ғана қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Ал, қылмыскердi ұстау 
шаралары шегiнен шығып абайсызда адамға қаза келтiру немесе абайсызда денсаулыққа түрлi дəрежеде 
зиян келтiру үшiн жауаптылық көзделмеген. 
Қылмыскердi ұстау қажеттi қорғану институтымен ұқсас келедi, екi жағдайда да зиян қол сұғушыға 
келтiрiледi, екiншiден, екеуi де қоғамға пайдалы бағыттылығына байланысты туындайды. Олар заңды 
əрекеттер деп танылады.
Дегенмен, олар бiр-бiрiнен бiрқатар белгiлерiмен де ажыратылады:
а) қажеттi қорғану қолсұғушылық жасалу барысында, ал қылмыскердi ұстау қылмыстық əрекет
жасалғаннан кейiн жүзеге асырылады;
б) қажеттi қорғанудың мақсаты - қоғамға қауiптi қолсұғушылықты тоқтату немесе болдырмау, ол ұстаудың 
мақсаты - қылмыскердi өкiмет органдарына жеткiзу жəне олардың жаңа қылмыс жасау мүмкiндiгiн тыю;
в) қажеттi қорғануда қол сұғушы барлық уақытта қылмыс субъектiсi болып таныла бермейдi, ал 
қылмыскердi ұстауда – есi дұрыс, жауаптылық жасына толған адам жөнiнде сөз болады;
г) қажеттi қорғануда зиян келтiру төнген қауiптi тойтарудың жалғыз құралы болып табылмайды, ал 
қылмыскердi ұстауда ол жалғыз бiрден бiр құралы болып табылады. 
§4. Аса қажеттiлiк
Аса қажеттiлiк қажеттi қорғану институты сияқты қоғамға пайдалы қызметтi атқарады. Аса қажеттiлiк 
жағдайында жасалған əрекеттер де жеке адамның құқықтары мен мүдделерiн, мемлекет пен қоғам 
мүдделерiн төнiп тұрған қауiптен қорғауға бағытталған.
Қылмыстық заңға сəйкес аса қажеттiлiк дегенiмiз – заңмен қорғалатын мүдделерге, яғни адамның немесе 
қоғам мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiне тiкелей төнiп тұрған қауiптi жою үшiн, егер бұл 
қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса жəне бұл орайда мəжбүрлi қажеттiлiк жағдайынан шығып 
кетушiлiкке жол берiлмесе, аса қажеттi жағдайда қылмыстық заңмен қорғалатын басқа мүдделерге
адамның заңды зиян келтiруi. 
Аса қажеттiлiк жағдайы құқықпен қорғалатын екi мүдденiң тоғысуы нəтижесiнде пайда болады, яғни бiр 
мүдденi екiншi мүдденiң есебiнен қорғау кезiнде туындайды. Мұндай жағдайларда адам тойтарылған 
зиянға қарағанда азырақ зиян келтiрсе ғана аса қажеттiлiк жағдайы орын алады. 
Көп жағдайларда аса қажеттiлiк адамның белсендi əрекетiмен жүзеге асырылады. Алайда, кейде адамның 
екi мiндетi тоғысып қатар келiп қалса, əрекетсiздiк арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Мысалы, дəрiгердi
бiр уақытта екi ауруға шақырса, дəрiгер ең алдымен ауыр халдегi ауруды қарап, екiншi науқасқа қатысты 
белгiлi бiр уақытқа əрекетсiздiк танытады. 
Аса қажеттiлiк жағдайында қауiптi тудыратын себептерге адамның заңсыз əрекеттерiмен бiрге, табиғат 
күштерi (су тасқыны, жер сiлкiнiсi, өрт, қар көшкiнi жəне т.б.), жануарлардың əрекеттерi, адам 
организмiндегi физикалық процестер (аштық, ауру) да жатады. Ал керiсiнше, адамның өзiнiң қасақана 
əрекетi, психикалық жəне физикалық мəжбүрлеу, қол сұғушы адамға шабуыл жасау аса қажеттiлiк 
жағдайларын тудырушы себептерге жатпайды. 


 Аса қажеттiлiк жағдайында келтiрiлген зиян заңға сыйымды, заңды деп танылу үшiн мына екi


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет