Жетписбаев батыр адамович


Орынды немесе заңды тəуекел етудiң негiзгi белгiлерi болып мыналар табылады



Pdf көрінісі
бет64/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 Орынды немесе заңды тəуекел етудiң негiзгi белгiлерi болып мыналар табылады:
а). əрекет немесе əрекетсiздiк қоғамға пайдалы мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталуы, яғни тəуекелге 
барушы адамның емес, басқа адамдардың, қоғам мен мемлекеттiң игiлiгi үшiн жасалуы қажет;
б). қоғамға пайдалы мақсатқа тəуекелмен байланысты емес өзге əрекеттермен қол жеткiзу мүмкiн болмауы 
қажет;
в). адам заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн жеткiлiктi барлық шараларды 


қолдануы қажет, яғни жасалған əрекеттер оны оң нəтижеге үмiттендiретiн қазiргi ғылыми-техникалық 
жетiстiктерге, кəсiби бiлiмiне, өмiрлiк əдiсiне негiзделуi тиiс;
г). тəуекел ету адамдардың өмiрi мен денсаулығына көрiнеу қатер төндiрумен, экологиялық апатқа, 
қоғамдық күйзелiске немесе өзге ауыр зардаптармен ұштаспауы қажет. 
Тəуекелдi орынды деп тануға негiз беретiн бiр немесе бiрнеше жағдайлардың болмауы кезiнде зиян 
келтiргендiк үшiн адамды жауаптылыққа тарту кезiнде ҚК-ң 53-бабының 1-бөлiгiнiң «зң тармағына сəйкес 
аталған жағдай жауаптылық пен жазаны жеңiлдетушы мəн-жай ретiнде қарастырылады.
§7. Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу
Адамның iс-əрекетiн заң қылмыстық iс-əрекет деп тану ұшiн, ол саналы жəне ерiктi түрде жасалуы қажет. 
Ал iс-əрекет күштеу немесе психикалық мəжбүрлеу нəтижесiнде жасалса, қылмыстық жауаптылық 
мəселесi қалай шешiледi? 
ҚР ҚК 36-бабы осы мəселе жөнiндегi жалпы ережелердi қамтиды: егер күштеп мəжбүрлеудiң салдарынан 
адам өзiнiң əс-əрекетiне ие бола алмаса, күштеп мəжбүрлеудiң нəтижесiнде қылмыстық заңмен қорғалатын 
мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды. Психикалық мəжбүрлеудiң нəтижесiнде, сондай-ақ 
күштеп мəжбүрлеудiң нəтижесiнде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiргенi үшiн соның 
салдарынан адам өзiнiң iс-əрекетiне басшылық жасау мүмкiндiгiн сақтаған болса қылмыстық жауаптылық 
туралы мəселе аса қажеттiлiк ережелерiн ескере отырып шешiледi. 
Қылмыстық құқық теориясында күштеп мəжбүрлеу деп адамның денесiне немесе бас бостандығына əсер 
ете отырып оны өз қалауынша əрекет ету мүмкiндiгiнен айыруды айтады. Ал психикалық мəжбүрлеу деген 
адамның психикасына қорқыту, бұйыру, гипноздау жолдарымен информациялық əсер ету. Бұл екi 
жағдайда да мəжбүрлеудiң мақсаты – жəбiрленушiге белгiлi бiр əрекеттi жасату. Күштеп мəжбүрлеу 
адамды ұрып-соғу, денесiне зиян келтiру, бас бостандығынан айырып қамап қою əрекетiнен көрiнсе, ал 
психикалық мəжбүрлеу ауызша не жазбаша қорқыту, жүйкесiне əсер ететiн заттарды қолдану, гипноз 
жасау, бопсалау əрекеттерiмен жасалуы мүмкiн. 
Күштеп мəжбүрлеу нəтижесiнде адам өз iс-əрекетiн басқара алмаса, онда ол қылмыстық жауаптылыққа 
тартылмайды. Мысалы, аяқ қолын байлап тастаған түнгi күзетшiнi күзет ереже лерiн бұзғаны үшiн 
жауаптылыққа тарта алмаймыз. Өйткенi, мұнда күштеп мəжбүрлеу тойтарылмайтын күш сипатын
иемденiп тұр.
Ал егер күштеп немесе психикалық мəжбүрлеуге қарамастан адамда өз iс-əрекетiн басқару мүмкiндiгi 
сақталса, яғни оның əрекеттi таңдау мүмкiндiгi бола тұра заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрсе 
тұлға мына жағдайларда жауаптылыққа тартылмайды:
а). егер мəжбүрлеу нəтижесiнде жасалған əрекет қауiп қатер төндiретiн күштен сақтанудың қажеттi жəне 
жалғыз құралы болса;
б). осы əрекеттiң нəтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерi күштеп не психикалық мəжбүрлеу толығымен 
жүзеге асырылған кездегi келтiрiлетiн зияннан кем болса.
Осы екi жағдайдың кемiнде бiреуiнiң болмауы аса қажеттiлiк жағдайын жоққа шығарып күштеп не 
психикалық мəжбүрлеу нəтижесiнде зиян келтiрген адам жеңiлдетiлген мəн-жай бойынша қылмыстық
жауаптылыққа тартылуы тиiс. Бұл жағдайда қылмыс жасауға мəжбүрлеген тұлға қылмыстың айдап
салушысы ретiнде жауапқа тартылады. Сонда күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу аса қажеттiлiк 
жағдайын туғызғанда ғана iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайға айналады. 
Бiрқатар жағдайларда заңшығарушы күштеп немесе психикалық мəжбүрлеудi жүзеге асыруды жеке 
қылмыс түрлерi ретiнде қарастырады. Мысалы, ҚК-ң 123-бабы «жыныстық қатынас жасауға еркек пен 
еркектiң жыныстық қатынас жасауына, əйел мен əйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе 
нəпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-əрекеттерге мəжбүр етуң ҚК-ң 354-бабы «жалған жауап беруге 
немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мəжбүр
етуң, ҚК-ң 368-бабы «бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мəжбүр 
етуң, ҚК-ң 347 «жауап беруге мəжбүр етуң қылмыстарында күштеп немесе психикалық мəжбүр ету
əрекеттерi орын алады. Сонымен бiрге, ҚР ҚК-не жаңадан енгiзiлген 347-1 бабындағы «Қинауң қылмысын 
да мəжбүрлеудiң бiр түрi ретiнде қарастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет