Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет81/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 
 
 
 
Əдебиеттер: 
 
Апенов С.М. Қылмысқа қатысушылық. Əдiстемелiк құрал. Алматы.: ҚазМЗА, 2000
Баймурзин Г.И. Ответственность за прикосновенность к преступлению. Алма-Ата, 1968 
Бурчак Ф.Г. Учение о соучастии по советскому уголовному праву. Киев, 1969
Бурчак Ф.Г. Соучастие: социальные, криминологические и правовые проблемы. Киев, 1986
Гришаев П.И., Кригер Г.А. Соучастие по уголовному праву. М., 1959
Гаухман Л.Д., Максимов С.В. Уголовная ответственность за организацию преступного сообщества. 
М., 1997 
Галиакбаров Р.Р. Совершение преступления группой лиц. М., 1980
Галиакбаров Р.Р. Квалификация групповых преступлений. М., 1980
Джекебаев У.С., Вайсберг Л.М., Судакова Р.Н. Соучастие в преступлении: криминологические и 
уголовно-правовые проблемы. Алма-Ата, 1982 
Иванов Н.Г. Понятие и формы соучастия. Саратов, 1991 г.
Тельнов П.Ф. Ответственность за соучастие в преступлении. М., 1974
Хабибулин М.Х. Ответственность за укрывательство преступлений и недоносительство. Казань, 1984 
Нургалиев Б.М. Организованная преступная деятельность. Караганда, 1997
Нормативтi актiлер:
ҚР Жоғары Соты Пленумының « Бандитизм жəне қатысушылықпен жасалған қылмыстар үшiн 
жауаптылықты қарастыратын заңдылықты соттардың қолданудың кейбiр мəселелерi туралың 21.06.2001 
жылғы нормативтiк қаулысы


13-тарау. Қылмыстардың көптiгi
 
§1. Жеке қылмыстардың түсiнiгi жəне оның түрлерi
Кез келген көптiк қылмыстың құрылымдық элементi болып жеке қылмыс танылады. Солай бола тұра, 
көптеген жеке қылмыстардың iшкi құрылымының күрделiлiгi, оны көптiк қылмыстық əрекеттерден
ажыратуды талап етедi. Осыған сəйкес көптiктiң түсiнiгiне жəне оның түрлерiне тоқталмас бұрын ең 
алдымен жеке қылмыстардың түсiнiгi мен оның түрлерi жөнiндегi мəселенi қарастырған жөн. 
Қылмыстық құқық теориясында жеке қылмыстардың өзi жай жəне күрделi болып бөлiнедi. 
Формальдық құрамдағы жай жеке қылмыс- бiр обьектiге қол сұғатын, бiр əрекеттен тұратын жəне 
кiнəнiң бiр түрiмен ғана сипатталатын қылмыс түрi. Мысалы, ҚК-тiң 130 - бабы 
« Қорлауң.
Материалды құрамдағы жай жеке қылмыс - қылмыстық-құқықтық қорғаудың бiр обьектiсiне қол 
сұғатын, бiр қылмыстық зардапқа əкеп соғатын жəне бiр əрекеттен тұратын, кiнəнiң бiр нысанымен 
сипатталатын қылмыс түрi. Мысалы, ҚК-тiң 96-бабының 1-бөлiгi «Адам өлтiруң қылмысы ның 
қарапайым түрi.
Күрделi жеке қылмыстардың iшiнде мынадай түрлердi қарастыруға болады:
1). Құрамалы қылмыс, яғни əрқайсысы жеке жай қылмысты құрайтын екi немесе одан да көп 
əрекеттерден құралған қылмыс. Ол əртүрлi жолдармен құрылуы мүмкiн: 
а). Екi жеке жай қылмыс бiрiгiп нəтижесiнде жаңа қылмыс құрамы пайда болады. Мысалы, ҚК-тiң 
179-бабы «Қарақшылықң қылмысы. 
б). Бiр немесе бiрнеше жеке қылмыс екiншi қылмыстың құрамына оның құрамының мiндеттi белгiсi 
ретiнде енгiзiледi. Мысалы, бұзақылық қылмысы.
в). Бiр жеке жай қылмыс екiншi қылмысқа оның ауырлата тын белгiсi ретiнде енгiзiледi. Мысалы, 
адамның өмiрiне қауiптi немесе қауiптi емес күш көрсету.
Сонымен, құрылу тəсiлiне қарамастан, күрделi қылмыс құрамымен сiңiрiлген əрекет өзiнiң 
қылмыстық-құқықтық жекелiгiн жойып күрделi қылмыс құрамының элементтерi нiң бiрiне айналады.
2). Көп обьектiлi қылмыстар. Кейбiр қылмыстар бiр емес бiрнеше обьектiлерге қол сұғатыны белгiлi. 
Ол обьектiлердiң бiрi əр уақытта негiзгi, яғни заң шығарушы бiрiншi жолға қойған обьектi болып 
табылады. Мысалы, ҚК-тiң 181-бабы 
« Қорқытып алушылықң қылмысында негiзгi обьект – меншiк қатынастары. Сондықтан да, бұл қылмыс 
құрамы меншiкке қарсы қылмыстар тарауында орын тапқан. Алайда, қорқытып алушылықта тұлғаның 
денсаулығы мен ар-намысына зиян келтiру қаупi туады. Мұнда тұлғаның денсаулығы мен ар-намысы 
қосымша обьект ретiнде танылады.
3). Бiрнеше зардапты (салдарлы) қылмыстар. Мұнда бiр қылмыстық əрекеттiң салдарынан екi немесе 
одан да көп зардаптар туады. Мысалы, ҚК-тiң 103-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiруң 
қылмысы.
4). 
Баламалы 
құрамдағы 
қылмыстар. 
Бұл 
қылмыстардың 
ерекшелiгi 
сонда, 
баптың 
диспозициясындағы көрсетiлген əрбiр əрекеттiң өзi қылмысты аяқталған деп тану үшiн жеткiлiктi 
болып табылады. Сонымен бiрге, барлық көрсетiл ген əрекеттердiң ретiмен жасалуы да бiр жеке жай 
қылмысты құрайды. Мысалы, ҚК-тiң 259-бабы « Есiрткi заттарды немесе жүйкеге əсер ететiн заттарды 
заңсыз дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сақтауң.
5). Жалғаспалы (продолжаемые) қылмыстар. Яғни бiр ниетпен жəне бiр мақсатпен қамтылып, тұтас 
алғанда бiр қылмысты құрайтын бiрқатар бiрдей қылмыстық əрекеттерден тұратын қылмыс түрi. 
Жалғаспалы қылмыстар мынадай белгiлерден тұрады: 
а). қылмыскер бiрнеше қылмыстық əрекеттер немесе əрекет сiздiктер жасайды,
б). жасалатын əрекеттер заңдық жағынан бiрдей, ал iс жүзiндегi белгiлерi əртүрлi болуы мүмкiн;
в). жиынтығында жалғаспалы қылмысты құрайтын əрекет тер, егер оларды жеке алып қарастырса
əкiмшiлiк құқық бұзушылық ретiнде немесе мүлде жауаптылықты көздемейтiн əрекет болып 
табылады;
г). қылмыстық əрекеттiң барлық бiрдей эпизодтары бiр ниетпен қамтылған жəне ниет нақтыланған 
болуы керек.
Жалғаспалы қылмыстардың қосымша белгiлерi ретiнде қылмыстық эпизодтар арасындағы уақыт 
аралығының өте аздығын жəне қылмыстық əрекеттiң бiр жағдайда, бiр деректен жасалуын айту қажет. 
Жалпы жалғаспалы қылмыстар бiрнеше мəрте жасалған қылмыстар деп танылмайды.
6). Созылмалы (длящиеся) қылмыстар - қылмыстық жазамен қорқыту арқылы заңмен жүктелген
мiндеттердi кiнəлiнiң ұзақ мерзiмге орындамауымен ұштасқан əрекет немесе əрекетсiздiк. Бұл 
созылмалы қылмыстар қылмыстық əрекеттiң жасалған кезiнен немесе қылмыстық əрекетсiздiк актiсi 
жасалған кезден басталып жəне аяқталған қылмыстың сатысында бiрнеше бiршама ұзақ уақытқа 
соғылады. Созылмалы қылмыс қылмыскердiң өз əрекетi (өз кiнəсiн мойындап келу) нəтижесiнде 
немесе құқыққорғау органдары ның қылмыскердi ұстау əрекеттерi нəтижесiнде немесе басқа 


жағдайлардың тууымен тоқтатылуы мүмкiн.
Барлық созылмалы қылмыстарды шартты түрде екi топқа бiрiктiруге болады:
1). субьектiнiң оған заңмен жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтаруы (салық төлеуден жалтару, 
ата-анасын, еңбекке жарамсыз жұбайын, зайыбын асырауға қажеттi қаражатты, балаларына қаражат 
төлеуден жалтару),
2). еркiн айналымнан алынған, тиым салынған заттарды сақтау (қару жарақ, есiрткi заттар, 
радиоактивтi материалдар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет