Жетписбаев батыр адамович


§ 3. Қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату



Pdf көрінісі
бет89/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§ 3. Қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
 
 ҚК-тiң 66-бабына сəйкес, қоғамға қауiптi қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау
салдарынан қажеттi қорғану шегiнен асқан адамды iстiң мəн-жайларын ескере отырып сот қылмыстық 
жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
§4. Жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Тараптарды татуластыру институты жəбiрленушiнiң қылмыстық процестегi рөлi мен белсендiлiгiн 
арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтiруге бағытталады.
ҚК-тiң 67-бабына сəйкес, ауырлығы онша емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен не
оның денсаулығына ауыр зиян келтiрумен байланысты емес орташа ауырлықтағы қылмысты бiрiншi рет 
жасаған адам, егер ол жəбiрленушiмен татуласса жəне келтiрiлген зиянның есесiн толтырса қылмыстық 
жауаптылықтан босатылады.
Сонда 67-баптың 1-бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату мынадай төрт негiздiң жиынтығы 
болғанда ғана мүмкiн болады:
а). қылмыс жасаған адамның қылмысты бiрiншi рет жасауы,
б). қылмыс жасаған адамның əрекетi онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына
жатуы;
в). қылмыс жасаған адамның жəбiрленушiге келтiрген зиянның есесiн толтыруы;
г). қылмысты жасаған адамның жəбiрленушiмен татуласуы. 
Ал ҚК-тiң 67-бабының 2-бөлiгi бойынша орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол 
жəбiрленушiмен татуласса жəне келтiрiлген зиянның есесiн толтырса қылмыстық жауаптылықтан 
босатылуы мүмкiн. Мұнда заңшығарушы орташа ауырлықтағы кез келген қылмысты жасаған адамды, əкеп 
соққан қылмыс салдарына, оның əрекеттерiнде қылмыстардың бiрнеше рет жасалғанына, жиынтығына
қайталанғанына қарамастан, егер қылмыс жасаған адам жəбiрленушiмен татуласса жəне жəбiрленушiге 
келтiрiлген зиянның есесiн толтырса қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкiндiгiн қарастырады:
Жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға негiз беретiн бiрiншi 
рет жасалған қылмысқа, адамның шын мəнiсiнде бiрiншi рет жасаған əрекетi не қайталанып жасаған 
əрекетi, бiрақ егер адам бұрын жасалған қылмысы үшiн заңмен белгiленген тəртiппен қылмыстық 
жауаптылық пен жазадан босатылса не оның соттылығы жойылса немесе алынса жатады.


Кiнəлi адам есесiн толтыруға жататын зиянға қылмыс арқылы жəбiрленушiнiң денсаулығына жəне 
мүлкiне келтiрiлген немесе моральдық кез келген зиянды жатқызу қажет. Бұл жағдайда тек тiкелей 
шығындар ғана емес, сонымен бiрге қылмысқа байланысты, оның iшiнде өкiлге жұмсалатын шығынды қоса 
алғанда, алдын ала тергеуге, сотқа қатысуға байланысты жұмсалатын шығындарды да жатқызуға болады. 
Қылмыспен келтiрiлген зиянның есесiн толтыру бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру, ұрланған мүлiктi 
қайтарып беру немесе тап сондай мүлiктi ұсыну, ақшалай өтем төлеу, дəрi-дəрмектердi, санаториялық-
курорттық жолдамаларды сатып əперу, жəбiрленушiнiң алдында кешiрiм сұрау түрiнде жəне заңмен тиым 
салынбаған өзге де нысандарда болуы мүмкiн.
Татуласу жəбiрленушiнiң кiнəлi адамға қарсы қозғалған қылмыстық iстi тоқтату туралы өтiнiшi 
түрiнде болады. Жəбiрленушiнiң еркiн бiлдiруi жазбаша арызбен рəсiмделедi немесе алдын ала тергеу 
барысында одан сұрақ алу хаттамасында көрсетiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет