Жетписбаев батыр адамович


§ 3. Қылмысқа қатысудың нысандары



Pdf көрінісі
бет78/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§ 3. Қылмысқа қатысудың нысандары
 
Қылмысқа қатысудың нысанын белгiлеу бiрлескен қылмыстық əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн 
көрсетуге мүмкiндiк бередi
Қылмысқа қатысушылардың өзара əрекет жасау тəсiлдерiне жəне олардың əрекеттерiнiң келiсушiлiк 
дəрежесiне қарай, қылмысқа қатысудың мынадай нысандары бар:

жай қатысу (алдын-ала сөз байласпаған адамдар тобы),

күрделi қатысу (алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы);

ұйымдасқан топ;

қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым).
Жай қатысу (алдын-ала сөз байласпаған адамдар тобы) объективтiк жақтың шегiнен тыс қылмыстық 
рөлдердiң бөлiнуiнiң болмауымен, ол тек рөлдердiң техникалық- ұйымдастырушылық бөлiнуiнiң орын 
алуымен сипатталады. Бұл жерде заңдық мəнi бар рөлдердiң орындаушыға, ұйымдастырушыға, айдап 
салушыға, көмектесушiге бөлiнуi болмайды. Əрбiр қатысушы қылмыстың объективтi жағын əр түрлi 
мөлшерде атқарса да, қылмыстың тiкелей орындаушысы болып табылады. Жай қатысудың тағы бiр 
ерекшелiгi əрбiр қатысушының жасаған əрекеттерiнiң орны мен уақытының бiр мезгiлде болуы.
 Күрделi қатысу (алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы) болып, алдын-ала сөз байласып, келiскен 
қылмысты бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан екi адамнан кем емес қатысушылары бар адамдар 
тобымен жасалған қылмыс танылады. Күрделi қатысу заңи мəнi бар, рольдердiң қатысушылар арасында
жеке орындаушыға, ұйымдастырушыға, айдап салушыға, көмектесушiге бөлiнуiмен сипатталады. 
Қылмысқа қатысушылар нысаны бойынша əр түрлi əрекеттердi жасайды. Бұл əрекеттердiң нысаны ғана 
емес, сонымен бiрге қылмыстың жасалу орны мен уақыты да сəйкес келмейдi. Қылмыс құрамын құрайтын 
əрекеттердi орындаушы тiкелей жасайды, ал қалған қатысушылар ұйымдастырушы, айдап салушы жəне 
көмектесушi рольдерiн атқарады. Қылмысты бiрлесiп iстеуде рольдердiң əр түрлi байланысы болуы 
мүмкiн: бiр жағдайларда орындаушыдан басқа айдап салушы жəне көмектесушi, ал тағы бiр жағдайларда 
орындаушы мен көмектесушi жəне т.б. болады. Орындаушының əрекеттерi жасаған қылмысты 
қарастыратын бап бойынша сараланады. Басқа қатысушылардың əрекеттерi де осы бап бойынша 
сараланады, бiрақ ҚР Қылмыстық кодексiнiң 28-бабына сiлтеме жасалынады.
 Ұйымдасқан топ - қылмысқа қатысудың бiр нысаны болып табылады. Егер қылмысты бiр немесе бiрнеше 
қылмыс жасау үшiн күнi бұрын бiрiккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған 
қылмыс деп танылады. Алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы мен ұйымдасқан топ арасында
ұқсастықтармен қатар айтарлықтай айырмашылықтар да бар. Ұқсастығы болып екi нысанның да алдын-ала 
сөз байласу арқылы пайда болуы табылады. Алдын-ала сөз байласқан адамдар тобының ұйымдасушылық
дəрежесi аз болады, олар негiзi алдын-ала келiсу арқылы көрiнiс табады. Ұйымдасқан топтың мiндеттi 
белгiсi болып тұрақтылығы, яғни қылмыстық əрекеттi жалғастыру, бiрнеше қылмысты жасау, ал кейбiр 
кезде ауырлығымен ерекшеленетiн қылмысты жасау мақсатында бiрнеше адамдардың бiрлесуi табылады. 
Ұйымдасқан топтың қатысушылары тұрақты қылмыстық қатынасқа, ұйымдастырушылық мезеттерге ие 
болады: басшылықтың бар болуы, қылмыс iстеудiң жоспарын құруы, конъюнктурамен танысуы, 
қатысушыларды жинауы, рольдердi бөлуi жəне т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет