Бөлім «Отбасы құндылықтары»
Тақырып
|
Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?" әңгімесі
|
Оқу мақсаты
|
5.1.4.1 Көркем шығармаға байланысты эссе жазу
5.2.4.2 Әдеби шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беру
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Білім алушы
Білу және түсіну
|
Орындау уақыты
|
15-20 минут
|
1.Тапсырма:
«Автор орындығын» пайдаланып, «Нағыз әже қайда?» әңгімесі бойынша эссе жазу
2.Тапсырма:
Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер:
Ая (автордың 1-қызы)
Райхан (автордың 2-қызы)
Азат (автор)
Жолдас (досы)
Азаттың әйелі
Мысалы: Азаттың әйелі (Жақсы кісілер. Тіпті айтары жоқ, оңды адамдар. Асты-үстімізге түсіп, жандары қалмай жүгіріп жүр. Қонаққа да өңкей тамаша адамдар жиналған екен.)
|
Бағалау критерийі
|
№ тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады.
|
1
|
жасырынған кейіпкерді таңдайды;
|
1
1
|
кейіпкер рөліне енеді;
|
1
1
1
|
үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады.
|
1
1
|
Барлығы
|
7
|
«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ______________________________
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістігі деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады
|
Кейіпкерді таңдау,
рөлге ену, үзіндіні мәнерлеп жатқа айту қиындық туғызады
|
Жасырынған кейіпкерді таңдауда кейіпкер рөліне енуде
ү зіндіні мәнерлеп жатқа айтуда қателіктер жібереді
|
Жасырынған кейіпкерді таңдайды, кейіпкер рөліне енеді,
үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады
|
«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
|
Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
|
Оқу мақсаты
|
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
5.3.1.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Білім алушы
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды
Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
15-20 минут
|
1-тапсырма
«Мексика ұлы» әңгімесінің желісі бойынша берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерін суретпен сәйкестендіріңіз, ауыспалы мағынадағы сөздерді ажыратыңыз.
|
«Мексика ұлы» әңгімесі бойынша үзінділер
|
Суреттер
|
А
|
Гонг қағылды да, айқас басталып кетті. Көрермендер бір серпіліп, алға ентелей қалысты. Шыдамсыздана шиыршық атып тұрған Дэнни екі аралықты бір-ақ аттап, Мексика баласын екі шайнап, бір жұту мақсатымен дүрсе қоя берді. Ол «ә» дегеннен-ақ Ривераға жұдырықты жаңбырдай жаудырып кеп жіберді. Тәжірибелі де шебер боксшының тұс-тұсынан төпелеген соққылары Ривераны жел айдаған қаңбақтай дөңгелетіп әкеп, керме арқанға жапсырды.
|
1
|
Ә
|
Дауыл толқынтқан теңіз шуындай ду соғылған шапалақтар үнінен селт етіп, басын көтерген Ривера айналасында құрдай жорғалаған жаттықтырушылар мен секунданттарын ертіп, орталық алаңға келе жатқан Дэнни Уордты көрді.
|
2
|
Б
|
Спайдер Ховерти Ривераның тоқыма көйлегін басынан сыпырған кезде, зал іші күңіреніп кеткендей болды. Қара торы өңі оны барынша арық та әлжуаз етіп көрсетті. Рас, бұлшық еттері оның бар болатын, бірақ қарсыласымен салыстыруға келмейтін. Алайда алабұртқан көпшілік оның апайтөс кең кеудесін байқай алмай қалды.
|
3
|
В
|
Осыдан кейін ешкім күтпеген керемет оқиға болды. Жұдырықтар дауылы күрт тынды да, Ривера рингте жалғыз қалды. Дэнни, қаһарлы да даңқты Дэнни шалқасынан түсіпті. Ол теңселіп барып немесе тізерлей барып, жайлап жантая құламады, мұрттай ұшты. Оны Ривераның серпе ұрған сол қолы баудай түсірген екен.
|
4
|
|
2-тапсырма
Кейіпкерге сыни тұрғыдан баға бере отырып, эссе жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |