Жылдардағы ашаршылық куәгерлері сөйлейді талдықОРҒАН



бет23/76
Дата29.11.2023
өлшемі7.01 Mb.
#484784
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76
Аштық-Кітап.Нәубет-2. Негізгі (2)

Мақашева Маржан
Ө.А.Жолдасбеков атындағы
экономика және құқық академиясы
сырттай оқу бөлімінің 4-курс студенті
(Ақсу ауданы, Кеңжыра ауылының тұрғыны)


Ержігітова Секер

Менің Секер әжем 1914 жылы туылған. Сол кісінің есімде қалған бір әңгімесін келтірейін.


- Мен сол жылдары Гвардия ауданы, Қоғалы ауылына ұзатылып, келін болдым...
Ашаршылық кезінде бүкіл халық үй-күйін тастап, қаңғып кетті. Біз төбесіне майда қорда салып, оның үстіне сабан жабылған тоқал тамда тұратынбыз. Сол кездерде орыстардың тастаған картоп қалдығын, борсып кеткен капустасын теріп жейтінбіз. Масақ тереміз, бізді күзетшілер ұстап алып, аямай соғатын. Сонда бір тостаған бидайды әзер теріп, оны үйдегі қол диірменге тартып, ошаққа нан қақтап немесе қуырып жедік. Нанның күйігін суға езіп, боялған шәй қылдырып іштік, солай өлместін күнін көріп өмір сүрдік. Бір күн тамақ ішсек, екінші күні аш жүрдік. Адам етін жегіштер пайда болды. Масақты күнде тереміз, күнде бидай қуырамыз, күндіз біреулер көріп қояды деп қорқатынбыз. Шәйді мосыға іліп, астына қурай жағып, қайнатып ішетінбіз. Отынымыз - сабан-қурай, соны жағып, ошақтың түбінде ұйықтаймыз.
Киерге киім, ішерге тамақ болмаған кез еді. Бір қабат киім, соны түнде шешіп алып жуып, күндіз киетінбіз. Сол жылдары сабынды қолдан жасадық, алаботаны теріп, оны күйдіріп, күлін қайнатып, борсықтың майына шылап, қатырып қоятынбыз. Ыдыс жоқ, қарағашты кесіп, соның ортасын ойып, тостаған ожау жасаушы едік...
Жазып алған
Ержігітов Бауыржан
Ө.А.Жолдасбеков атындағы
экономика және құқық академиясының
студенті




Тоқтабекова Әсем
Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы
сырттай оқу бөлімінің 4-курс студенті


Мен келін болып түскен жанұяның үлкен апасы бар еді. Ол кісі әңгімешіл болатын. Бір әңгімесінде ашаршылық туралы айтқаны бар еді:
- Сонау 1931-1933 жылдары халықтың басына ауыр күндер төнді. Қаншама көп адамдар көз жұмды. Сол кезде мен 7 жаста болған екенмін... Мен өзімнің әке-шешесінің қолында өспей, атам мен әжемнің қолында өсіп жетілгенмін... Жан-жақта өмір үшін күрескен аш адамдар. Әлсіреген балалар, аштықтан қырылған ел. Сол кездегі қиыншылық жағдай қайтадан келмесін, ұрпағымыз аман болып, ондай зұлматтан Тәңірім сақтасын!..
Сонда апамды әжесі мен атасы тығып қояды екен. Өйткені ол кісі бала кезінде толық болған екен. Сол кезде аштықққа шыдамаған адамдар кішкентай балардың етін жеген. Кейбір жанұялар өздерінің балаларын жеген. «Бізде әлі де балаларымыз болады - тек екеуміз аман болсақ болғаны да», деп өз балаларын өлімге қиған әке-шешелер көптеп кездескен екен. Далаға масақ теруге шыққан кезде атасы мен әжесі апамның денесін мойнына дейін жерге көміп, басына қаңылтыр кигізіп, үйінде қалдырып кетеді.
Апамның есінде бір қалғаны, атасы екеуі далада келе жатса, бір әйел жолдың шетінде жатыр екен. Қасында бір жасқа келген-келмеген нәресте жатқан. Анасы қайтыс болып, кішкентай бала анасының омырауын еміп, әлсіреп жатқан. Атасы ол баланы алмай өткен. «Қалай оны асыраймын, өз балаларым да жетеді ғой?» - деп қастарынан өте берген.
Осы әңгімелерін айтып, апамыз көзіне жас алып, балалық шағын күрсіне еске түсіреді...
Осындай сүйегі асыл апаларымыздың қатары жылдан жылға сиреуде. Ол апамыз да былтырғы жылы көз жұмды. Өзінің көзі кетсе де, апамыз айтқан





әңгімелері жадымызда... «Өз тарихымызды білмей, біз үшін болашақ жоқ»,- деуге тұрарлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет