Жылдардағы ашаршылық куәгерлері сөйлейді талдықОРҒАН



бет21/76
Дата29.11.2023
өлшемі7.01 Mb.
#484784
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76
Аштық-Кітап.Нәубет-2. Негізгі (2)

Мәриәм Шаймұратқызы


Менің әкем Кеңесбай Дәулетбаев (1941 жылы туған, бұрынғы Қапал, қазіргі Ескелді ауданы, Көктөбе ауылының тұрғыны) мынадай әңгіме айтып еді.
Анам Мәриәм Шаймұратқызы (1971жылы қайтыс болған) былай деп әңгімелейтін:

  • «Шаш ал десе, бас алатын» Толғанбай деген кісі болыпты ауылда. Оны тіпті солдаттар күзетіпті дейді. Апамдар оның атын естісе, «Толғанбайың құрсын!» деп ашуланатын.

Сол жылдары қуаңшылық болып, шөп шықпапты. Мал жаппай қырылып, қалған малды ел сойып жеген.
Ауылда бірен-саран орыстар тұрыпты. Олар егін, картоп салады екен. Қазақтар солардан қалған масақты терем деп, кешке дейін жүріп, бір уыс бидай жинайды екен. Онысын ошақтың астына күлге тығып қояды. Сол тыққан бидайларын да талай Толғанбай, Рақыш, Тұмарбек деген белсенділер тінтіп, тартып алады екен. Бұл қаныпезерлер талай елді зарлатыпты.
Ашаршылықта апам екі бірдей інісінен айрылған...
Дәулетбаева Ғалия
Ө.А.Жолдасбеков атындағы
экономика және құқық академиясы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының
4-курс студенті
Жұмаш атай


Мен Қаратал ауданы, Жасталап ауылында тұратын Жұмаш атайға жолықтым. Ашаршылық туралы баяндауымды сұрағанда ол кісі төмендегідей әңгіме айтты.
«Атамыздың жанын өз көзімен көрген, өзі куә болған келесі оқиға түршіктіріпті. Сол жылдары Бекболат есімді жігіт әке-шешесі қайтыс болған соң әпкесі Гүлшатпен бірге тұрыпты. Екеуі де ашаршылықтан азып-тозып, тіпті жүрерге әл-дәрмені қалмапты. Бір күні көздері кіртиіп, жүні шыққан кішкене көрпешеде бүрісіп жатқан інісі әпкесіне:
- Әпке, сен даладан масақ немесе картоп қалдығын теріп алып кел! Егер тауып әкеле алмасаң, мен сенің өзіңді жеймін! – депті.
Сонда әпкесі әлсіреп жатқан інісіне жаны ашиды да кең даланы бойлай жөнеледі. Өзі де жүдеп, аштықтан әбден әлсіреген, аяғын әрең басады. Өкінішке орай ол даладан да, ауылдан да ешқандай ауқат таппайды. Жаны қинала інісіне қайтып оралады. Інісіне мойнын ұсынып:
- Жаным Бекболат, жан інім, мен ештеңе таба алмадым. Кешір мені... Міне, мені жесең - тамағым, сен үшін жан пида, – деп көзінен мөлт-мөлт жас ағытылып, інісіне мойнын ұсынып, өлімге өзінің басын тігіпті. Әлсіресе де інісі алдына бағлан қозы келген аш қасқырдай әпкесін сол жерде бас салып, бауыздайды. Осыны көзімен көрген Жұмаш атамыз, ол кезде жігіт болып қалған шағы, есінен танып құлапты. Қанша жатқаны белгісіз, біраздан кейін есін жинап алып, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі бұл үйден...
- Осы оқиғаны шын мәнінде болған десем де, елдің көбісі бұған сенбейді. Бірақта оның болғаны анық... Мың өліп, мың тірілген қазағым осындай жан төзгісіз күндерді де басынан өткерген... Осындай оқиғаны еске алудың өзі де қиынға түседі екен. Ешқашан мұндай ауыр күндер қайталанбасын, халқымыздың аспаны ашық, күндері жарқын болсын!- деп қария кемсеңдеп аяқтады әңгімесін.


Жазып алған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет