Жылдардағы ашаршылық куәгерлері сөйлейді талдықОРҒАН



бет15/76
Дата29.11.2023
өлшемі7.01 Mb.
#484784
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
Аштық-Кітап.Нәубет-2. Негізгі (2)

Батырова Жанар
Ө.А.Жолдасбеков атындағы
экономика және құқық академиясы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті
Лубаев Қамсы


Бір күні Асхат ағай курстас құрбым Әйгерім екеумізді ашаршылық куәсі болған өзінің енесінің үйіне алып барды. Әжейдің аты - Юсупова Сәрби, 1928 жылы туылған екен. Ол кісі талай-талай әңгіме айтты, барлығын да жазып алдық. Алайда менің есімде әжейдің келіні Гүләйлә апайдың келтірген жан түршіктірер оқиғасы ерекше қалыпты.
- Маған бұл әңгімені 1979 не 1980 жылдары, әйтеуір 7- сыныпта оқып жүрген кезімде, Көксу ауданы, Талапты ауылында тұратын атам Лубаев Қамсы айтып беріп еді.
Қамсы ата ашаршылық кезінде Куйбышев колхозында тұрған екен. Жігіт шағы, шамасы 24-25 жастарда. Бір күні атам қасына досын ертіп, көрші үйге барады. Есікті ашып, үй иесінің екі жасар ұл баласын шелекке салып, астына от жағып, пісіріп жатқан жерінен түседі. «Жаңағының екі көзі қызарып, денесі қалш-қалш етеді» деп есіне алған еді атам. «Есік ашылған дыбысқа жалт етіп, бізге аш көзімен қарағаны әлі күнге дейін көз алдымнан кетпейді». Әлгінің әйелі де із- түссіз жоғалып кеткен екен, көршілері мұны кейін біліп, іздестірген. Алайда таппаған.
Мен «Ата, есімін айтыңызшы ол адамның, мен Куйбышевке барғанда тауып алам, үйіне барам, көрем оны» деп біраз жалындым. Бірақ жетпіске таяп қалған қария:
- Оны қайтесің, қызым, ол сол кезде менен 7- 8 жас үлкендеу жігіт еді, қазір тірі. Бүгінде ол өз отбасын қайтадан құрған, әйелі, бала- шағасы бар,- деп жауап қатып еді.
Жазып алған
Жұлдыз Нұрлан
Ө.А.Жолдасбеков атындағы
экономика және құқық академиясы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының
1-курс студенті


Барлықбаев Демежан


Әкемнің әкесі Демежан атамның басынан мынандай оқиға өткен екен. Атамның туған жылы белгісіз, ал әжемнің туған жылы - барыс жылы. Олардың алты баласы болған.
Кәмпеске кезінде «бай баласы болған» деп атамызды өкімет қамауға алған, содан әр күні түрмеде таңертең барлық тұтқындарды сапқа тұрғызып қойып, әрбір үшіншісін атып отырған екен. Атамды да атуға аз қалғанда, әжем әлгі абақты бастығының әйеліне барып, жылап тұрып, одан көмек сұрайды. Өзінің көп балалы екенін айтады. «Сен менің күйеуімді босатуға көмектес, мен саған жинаған алтын ділдәмді және бір дорба ұнымды берейін!» деп алтынын әлгі әйелге апарып береді. Бірақ абақты бастығының әйелі алтынды алмайды: «Сен бұл алтынды маған берме, одан да балаларыңа қаражат қыл. Таңертең ертерек таң бозынан кел, шамам келсе көмектесейін»,- дейді.
Содан күйеуіне бұл туралы айтпаған әйел таң бозынан өзі барып күзетшілермен келісіп, атамызды абақтыдан шығарып береді. Содан атам мен әжем балаларын ала сала, Барлық Арасан тауынан асып, Қытайға өтіп кетеді.
Ал кейіннен қайта Қазақстанға келгеннен кейін сұрастыра отырып, абақты бастығы әйелінің келесідей жәйін білген екен. Атамызды шығарып жібергенін білген абақты бастығы күзетшілерін қыспаққа алады. Қыспақ көрген күзетшілер тұтқынға шығуға көмектескен өзінің әйелі екенін айтады. Бұны естіген бастық қашқан тұтқынның орнына өзінің әйелін атып тастаған дейді.
Ал әлгі алтынды, кіші әкемнің баласының айтуы бойынша, атамыз Қытай жерінде бір зираттың жанына апарып көмген дейді. Оны 1993 жылы үйге қонаққа келген әкемнің әпкесіне айтқанын естігенбіз. Атам мүмкін «бұл алтын жанымның садақасы» деп есептеген болар деп топшылаймын өзім...
Міне, менің атамның басынан кешкен оқиға осындай болған екен.
Жазып алған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет