Жылдардағы ашаршылық куәгерлері сөйлейді талдықОРҒАН



бет16/76
Дата29.11.2023
өлшемі7.01 Mb.
#484784
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
Аштық-Кітап.Нәубет-2. Негізгі (2)

Барлықбаева Маржан
Ө.А.Жолдасбеков атындағы
экономика және құқық академиясы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының
3-курс студенті
Бабалиева Жұмақыз


Сарыөзек ауылының тұрғыны Бабалиева Жұмақыз апай (1920 жылы туған) ашаршылық кезінде 10 жаста екен, бастан өткерген әңгімесін маған айтып берді. Ол кісінің шешесі сол жылдары жас босаныпты, ал әкесі қайтыс болған екен. Шешесінің балаларына беретін тамағы жоқ, сондықтан да Жұмақыз екеуі масақ теріп, бала-шағасына талғажау етеді: масақ та титтей де болса, нәр береді екен адамға. Тамақ жоқ, нан жоқ: елдің жағдайы өте нашар. Көрген көзге аяушылық сезім оятады. Сирағы сыйдиған бала-шаға. Көршілер бір-біріне кіріп, араласудан қалыпты. Аштықтан адамдардың ниеті тарылыпты.
Осындай күндердің бірінде масақ теруге кеткен Жұмақыз шешесі екеуі көп кідіріп қалыпты. Масақ таппай, талай жерлерді кезіпті. Сөйтіп аштықтан көздері бұлдыраған болар, қалай қас қарайып, кеш батқанын білмей қалыпты. Таңғы азаннан, күн шыға салысымен кеткен олар адасып, таң ата ғана үйлерін әрең тауыпты. Келсе, үйдің іші аңыраған суық. Шешесі жүгіріп барып, бесіктегі жатқан баланы емізбекші болады. Сол кезде оның аңыраған дауысы естіледі. Жұмақыз кішкентай болса да, бала жүрегімен не болғанын бірден сезеді: бесікте жатқан інісі аштықтан көз жұмған екен.
Ертесіне баланы жерлеп, жер қойнына тапсырып, бұл ауылмен біржолата қоштасып, екеуі ел кезіп қаңғырып кетеді. Жаяу аштықтан бұратылып, ұзақ жол жүріп, ауыл-ауылдарды аралайды. Талғажау боларлық бір түйір дән бере ме деп, қайыршылық жолына түседі.
Бір ауылға келгенде алдарынан қараша үй көрінеді. Шешесі екеуі кірмекші болып, сол үйдің есігін ашады. Үйдің іші қап-қара ыстан көрінбейді. Жыртық киізді төсеніп, төрде бүрісіп бір шал жатыр. Оның бас жағында екі сирағы сыйдиған, аштықтан әбден жүдеген, көздері шүңірейген екі бала отыр. Олардың шешесі қазан жақта от жағып, ауқат істеп отыр екен. «Бізді көре салысымен қолындағы шөмішін ала жүгіріп, балағат сөздер айтып, бізге тап берді. Біз не болғанын түсінбей, қаша жөнелдік» деп әңгімелейді Жұмақыз апай.
Өстіп небір қиыншылықтарды бастан өткеріп, ауылдарды аралап, шешесі екеуі жүре берген. Аштықтан азып-тозып, ауыртпалықты көтере алмаған, әбден жүдеген шешесі бір ауылға келгенде көз жұмыпты. Қаршадай қыз шешесінің мәйітінің қасында не істерін білмей, дал болады. Анасының басын құшақтап, еңіреген қызға көмектесетін ешкім болмайды. Тағдыр тәлкегіне түскен кішкентай қыз жүрегі қайғыдан құса болады, еңіреп етегі жасқа толады. Шарасыздан не істерін білмеген қыз анасының мәйітін тастап, дала кезіп жүре береді, жүре береді.
Жұмақыз алдынан кезіккен ауылдағы бір үйден пана тауып, жалғыз басты кемпірге кез болады, кемпір қызға жаны ашып, оған көмек қолын ұсынады. Жұмақыз сол кемпірдің бабын тауып, жұмыстарына қолғабыс жасап, кемпірге қыз болып сіңеді. Осылай көп қиыншылықтарды бастан өткеріп, Жұмақыз апай ашаршылықтан аман қалыпты. Ұлтуған есімді кемпірді өз шешесінен кем көрмей, екінші анасы ретінде санапты.
- Сол анам болмаса, тағдырымның не болатыны беймәлім еді ғой. Сондай асыл жандар арқылы біз жан сақтап қалған едік, - деп әңгімесін аяқтады сегіз баланың анасы Жұмақыз апай.
Жазып алған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет